Шымкентте үш балалы отбасыда үшем дүниеге келді

Oinet.kz 05-03-2024 352

Шымкенттік келіншек егізден кейін бір үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптының үш баласы бар, енді отбасыларына тағы үш бала қосылды. Балалардың әкесі жанұяларында егіз бар екенін, үшемнің дүниеге келуі Алланың сыйы деп бағалағанын айтты. Жаңа туған нәрестелерді перзентханадан әдет бойынша ән және шашумен шығарып алды. 

"Үшем болатынын білгенде қатты таңғалдым. Әйелім үшін уайымдадым. Ал қазір бақыттымын. Барлық қазақстандыққа көп балалы болуды тілеймін! Біздің бақытымызға келіп, қуанып жатқан барша жандарға рақмет!" – деді үшемнің әкесі Равшанбек Давлатов.

Жыл басынан бері Шымкентте үш отбасыда үшем дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл босанулар мерзімінен бұрын болған. Сондықтан салмағы бір келіден сәл асатын сәбилерді бір айға жуық аурухана қабырғасында емдеуге тура келген. Сәбилерге Мұса, Мүсілім және Атамбай есімдері қойылған.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысының тұрғыны үшем дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанғаны туралы жазған едік. 

Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды
Шымкентте таксидің жүксалғышынан құны 30 миллион теңге тұратын мефедрон табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу