«Ең адал полицей» абақтыға қамалды...

Oinet.kz 27-03-2024 197

Шымкенттегі патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты бопсалау және делдал арқылы пара алу фактісі бойынша қала тұрғындарының арызы негізінде Шымкент қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жиналған материалдардың қорытындысы бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану және антты бұзудың кез келген көріністеріне қатаң жауапкершілік жүктейді. Бұрынғы сіңірген еңбегіне қарамастан, кінәлі адам нысанды киімнің ар-намысына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайды» делінген ақпаратта.

Ақпарат құралдарында бопсалағыш командирдің Азамат Айымбетов екені хабарланды. 

Иә, осыдан екі жыл бұрын басшысының қымбат заттар алуға мәжүрлейтінін, ақша жымқыратынын әлеуметтік желіде жариялап, Ішкі істер министрлігінен шара қолдануды сұраған Азамат Айымбетов. Сол арыз бойынша Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы сотталып кеткен болатын. 

Енді міне, Шымкенттегі ең адал деген полицейдің өзі де қамауға алынды. 

Қазақстанда депрессияға шалдыққандар көбейген
«Жаңа Қазақстан» Самат Әбішті жарылқады - Сот оған қатысты үкімді бір ай бойы неге жасырып келді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу