Қазақстанда депрессияға шалдыққандар көбейген

Oinet.kz 27-03-2024 190

Депрессияның таралуы бойынша Қазақстан 180 елдің арасында 93-орында. Countrycassette халықаралық тәуелсіз интернет журналының мәліметінше, депрессиялық аурумен ауыратын қазақстандықтардың үлесі 4,4%. Жаһандық көрсеткіш айтарлықтай төмен: 3,9%. Есепке сүйенсек, біздің елде депрессияға бейім азаматтардың саны 732,7 мың адамға жетеді. Бұл туралы ranking.kz порталы хабарлады. 

Screenshot_1.jpg

Депрессия ең көп тараған елдердің бестігінде осы психикалық бұзылыстың белгілері бар халықтың үлесі 6,3%-ды құрайтын Украина алда. Одан кейін АҚШ, Аустралия және Эстония тұр, оларда бұл көрсеткіш 5,9%. Қазақстанға жақын елдердің ішінде халықтың 5,5%-ы депрессиялық бұзылулардан зардап шегетін Ресейде ғана жағдай нашар. Өзбекстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда психикалық денсаулықтың бұл көрсеткіші төмен: 4,2%-дан 3,8%-ға дейін.

Айта кетейік, депрессияға ұшыраған қазақстандықтардың жоғарыда аталған саны — 732,7 мың адам — болжамды көрсеткіш. Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының  дерегінше, 2023 жылы динамикалық бақылаудағы психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың жалпы саны 198,4 мың адамнан асты. Бұл психоактивті заттардың  әсерінсіз көрінетін әртүрлі психикалық бұзылулары бар адамдар. Қазақстанда тағы 108,7 мың адам есірткі немесе басқа да психоактивті заттарды қолдану кезінде осындай бұзылулардан зардап шеккен. 2022 жылмен салыстырғанда жағдай аздап өзгерді.

Бірақ былтыр алғаш рет диагноз қойылған азаматтардың саны артқан. 13,1 мың адамға (11,7% көбейген) психоактивті заттардың әсерінсіз психикалық бұзылу диагнозы қойылған; 13,4 мың адам (4,2% көбейген) психоактивті заттарды қолданудан туындаған психикалық бұзылулармен есепте тұр.

Ғабит Сыздықбеков— ауыс-түйісті ең көп жасаған әкім
«Ең адал полицей» абақтыға қамалды...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу