Биыл Оңтүстікте ағын су аз болады

Oinet.kz 24-02-2026

PmHz2u2C.jpg 

Оңтүстік өңірлерде ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын шектеу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті. 

— Вегетациялық кезеңге дайындық шеңберіндегі ішкі іс-шаралар аясында суару каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, оңтүстік облыстардағы су қоймалары толтыру режимінде жұмыс істеп тұр. 2026 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша оңтүстік өңірлердегі су қоймаларында 23,4 млрд текше метр су жиналды, бұл былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 759 млн текше метрге аз. Айта кету керек, 2025 жылғы 1 желтоқсанда аталған су қоймаларында 17,7 млрд текше метр су жиналған болатын, бұл 2024 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,3 млрд текше метрге аз болды. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде соңғы 2 айда су жинау динамикасы арттып, қосымша 1,5 млрд текше метр өсім қамтамасыз етілді. Ерекше алаңдаушылық туғызатыны — негізінен ішкі су көздері есебінен толатын су қоймаларының толу деңгейі, — деді Нұржан Нұржігітов.

Осы орайда министр Түркістан облысындағы Бөген су қоймасында 278 млн текше метр су жиналғанын (жобалық көлемі — 370 млн.м3), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 46 млн текше метрге аз екенін айтты. Сондай-ақ Бадам су қоймасының толуы 32 млн текше метр болды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 млн текше метрге кем. Осыған ұқсас жағдай Жамбыл облысындағы Теріс-Ащыбұлақ, Қарақоңыз, Қақпатас, Жартас және Бүркітті су қоймаларында да қалыптасып отыр.

— Осыған байланысты былтыр аталған облыстарда вегетациялық кезең күрделі жағдайда өткенін ескере отырып, екі облыстың әкімдіктеріне ылғалды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Вегетациялық кезеңге дайындық және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында 2025 жылы «Қазсушар» филиалдары 1840 км суару каналдарын механикаландырылған тәсілмен тазалады, 680 км суару желілерін реконструкциялады және 375 гидротехникалық құрылысжайды жөндеді, — деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Шардара су қоймасы жинақтау режиміне ауыстырылды. Су беру режимдері келісілген деңгейде сақталған жағдайда, су қоймасына кемінде 8,3 млрд текше метр су келуі ықтамыл. Бұл Шардара су қоймасын шамамен 5 млрд текше метрге көлемінде толтыруға, Көксарай контрретегішін 2 млрд текше метр көлемге дейін жинақтауға және Қызылорда облысына шамамен 1,3 млрд текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді.


Флоридада әуежайға Дональд Трамптың есімі берілмек
Сапаровтың ағасы субсидия алған ба? Министр журналистің сұрағына ашумен жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу