Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салды

Telegram-дағы Halyqstan арнасының жазуынша, 6 сәуір күні Шымкент қаласында мектеп оқушысы суицид жасаған.
8-сыныпта оқитын жасөспірім үйінде өзіне қол жұмсаған. Оның жансыз денесін туыстары тауып, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер тек өлім фактісін тіркеумен шектелген.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жасөспірімді мұндай қадамға не итермелегені анықталуда.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қалалық білім басқармасының деректеріне сәйкес, осындай 11 жағдай тіркелген. Ведомство өкілдері олардың барлығы отбасылық жанжалдармен байланысты болғанын мәлімдеген.


