Қазақ әйелдеріне үндеу!

Oinet.kz 17-03-2020 1181

Screenshot_9.jpg

Небір қиын-қыстау кезеңде, ат ауыздығымен су ішкен,  ер етігімен су кешкен заманда нәзік жанды қазақ әйелдері өзінің отбасына ғана емес, бүкіл бір әулетке, бүкіл бір ауылға, бүкіл бір қауым руға, елі мен жұртына сүйеу бола білген! Ханның да, қараның да ақылшысы әйел болған! біз де бүгінгі күннің әйелдері, кешегі текті ұлттың бесігін тербеткен Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Қарашаш, Домалақ, Айғаным, Мұрын, Зере әжелерімізден қалған алтынның сынығымыз! Ұлы даланың есімі руға айналған аналардың ізбасарларымыз! Сондықтан біздер ұрпағымыздың, ұлтымыздың амандығы үшін мынадай аяқ асты туындаған төтенше жағдайда тектілігімізді танытайық! Сабырлы болайық! Төзімді болайық! Отағасына, отбасымызға сүйеу болайық! Жанымыз бен тәніміздің тазалығының балансын тең ұстайық! Дұғада болайық! Барлық сақтық шараларын жүзеге асырайық! Отан отбасынан басталатынын ұмытпай, шаңырағымыздың амандығы үшін күресейік! мен барлық аналарды осыған шақырамын! 

Назым Мақсатқызы

Жириновский: «Алматыдағы Масанчи көшесін менің атыма берсе қарсылығым жоқ»
Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу