Аудан әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді

Oinet.kz 14-09-2022 559

Screenshot_3.jpg

Сансыз бабтар мекені атанған Сайрамда аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, ақын-жазушылар, журналистер және белсенді жастармен кездесу өткізді. Басқосуда бүгінгі қоғамдағы руханияттың жай-күйі кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда әлемде түрлі ұйымдар, бірлестіктер жастарымызды өз қатарларына арбап қосуға тырысып жатқаны аян. Аудан әкімдігін болған кездесуде аталған жайттар назардан тыс қалмады. Жиында белгілі жазушы, журналист, тарихи тақырыптарға қалам тербеп жүрген Шойбек Орынбай, сазгер, Мәдениет қайраткері Сейдулла Темірбаев, жазушы, журналист Жәмила Мамырәлі, Шадияр Молдабек, ақын Айдар Сейдәзім, ақындар Дәурен Айманбет, Сүндет Сейітов және  ауданның жалынды жастар тұщымды ойлар айтты. 

Жиында сөз алған Сейдулла Темірбаева Сайрам ауданының тарихына тоқталды. Сайрам ауданы тарихи деректерде Испиджаб деп аталған. Испиджаб жазба деректерде VII ғасырдан –ақ белгілі. Сюань Цзяньннің жол көрсеткішінде аталған қаланы «Ақ өзендегі қала» деп атаған. Испиджабтың бұлай аталуы – кейінірек Махмұд Қашқаридің XI ғасырда келтірген мағұлматтарының арқасында айқын болды. Ол: «Сайрам – Испиджаб деп аталатын ақ қаланың (Аль-Мединат әл-Байда) атауы. Оны кейде Сайрам деп те атайды»,-деп жазған екен.

«Испиджаб» атауы соғды тілінде «Ақ су» дегенді білдіреді дейтіндер де бар. Бұл пікір «Ақ өзендегі қала» - «Испиджаб» - «Сайрам» дегендердің бір қала екендігінің қосымша дәлелі бола алады.

Ерте Орта ғасырлар дәуірінде, яғни X – XIII ғасырларда Испиджаб Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалаға айналған. Испиджабтың билігі жүрген аймаққа Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран және Жаңакент қалалары, Қаратаудың солтүстік баурайында орналасқан Берукет қаласы, Жетісудың Тараз, Құлан, Мерке, Суяб қалалары енген.

X ғасырда өмір сүрген географ Ибн Хаукаль: «Испиджаб шамамен Бинкеттің үштен біріндей (біріне тең) қала. Ол мединадан, цитательден және рабадтан тұрады. Цитадельі қираған, ал мединасы мен рабадында халық тұрады. Қала бақтары мен су рабадта орын тепкен. Құрылыстары саз балшықтан салынған. Ол жазық жерде жатыр және оған ең жақын қаланың арасы үш фарсах шамасында. Мединасының төрт қақпасы бар, олар Нүжкент қақпасы, Фархан қапасы, Шақуан қақпасы және Бұқара қақпасы. Базарлары мединеде, басқару үйі рабадта, түрме мен мешіт мединеде. Бұл адамы қаптған кең қала, бүкіл Хорасан мен Мәуеренахрда Испиджабтан басқа харад төлемейтін бірде-бір қала жоқ», - деп жазған.

Созақтық ақын-жазушылар өз ұсыныстары мен талап-тілектерін білдірді
Сансыз бабтар мекенінде жас ақын тың идеясымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу