Ұласбек Сәдібеков: Кітап оқу – адамның сана-сезімін дамытып, ойлау жүйесін арттырады

Oinet.kz 26-09-2022 632

Screenshot_5.jpg

Сайрамда аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, ақын-жазушылар, журналистер және белсенді жастармен кездесу өткізді. Жиында аудан әкімі кітапқа қатысты өз ойын білдірді.

– Кітап шығару мәселесі қиын емес. Оны орындауға болады. Мені толғандыратын нәрсе – шыққан кітаптарды оқу. Осы кітаптар қаншалықты оқылады? Біздің аудандағы кітапханалаға бірнеше жылдан бері жақсы кітаптар келіп жатыр. Кітапхана сөрелері толып жатыр. Бірақ оқырмандар жағы кемшін тартып тұрғаны көңілге кірбің түсіреді. Меніңше, бұл жаһанданудың кері әсері шығар. Жастар кітап оқымай, смартфондарға үңіліп кетті. Біз осыған балама болатындай бірдеңе ойлап табуымыз керек. Себебі кітап оқымаған жас өткенін ұмытады. Ал өткенін ұмытқан қоғамда болашақ болмайтыны баршаға белгілі. Кезінде біз кітапты жата-жастана оқып, кітап кейіпкері болғымыз келетін. Бойымызда патриоттық сезім жалын атып, ел үшін қызмет етуге барымызды салдық. Бүгінгі өскелең ұрпақ та кітапты көп оқыса ұлтжанды болары анық. Біз тек соларды қызықтыра алмай жатырмыз. Сондықтан да, жастарды кітап оқуға қызықтыру үшін кездесулерді көптеп ұйымдастырып, оны қызықты өткізуге атсалысуымыз керек. 

Мысалы Жапония, Ұлыбритания секілді дамыған мемлекеттер руханияттан қол үзбеген. Ол жақта технология қарыштап дамыса да тұрғындар міндетті түрде кітап оқиды. Кітап оқуды олар ешқашан тастаған емес. Кітап оқу – адамның сана-сезімін дамытып, ойлау жүйесін арттырады. Кітаптан, жалпы руханияттан ешқашан қол үзуге болмайды, - деді Ұласбек Сәдібеков. 

Расында да тәрбиенің, ұлттық құндылықтың көзі – кітапта. Әлемде ең кітап көп оқитын елдер қатарында Жапония көш бастап тұр. Онда жылына бір адам 25 кітап оқиды. Швейцарияда 10, ал, Францияда 7. Бұл орта есеп. Жапонияда бір жылда 4 млрд. 200 млн. кітап басылады. Нәтижесінде Жапонияда әлемде ең қылмыс аз ел. Мұнда тазалық оқу орындарында дәріс іспетті. Халқы 100% сауатты.

Сансыз бабтар мекенінде жас ақын тың идеясымен бөлісті
Төлеби ауданының әкімі жергілікті журналистермен бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу