«Менің балам емес мынаның ішіндегі»: Салтанат Байқошқарова донорлық ұрықтандыру жайлы

Oinet.kz 01-06-2023 11479

Биология ғылымдарының докторы, эмбриолог Салтанат Байқошқарова тәжірбиесінде болған ауыр жайтты еске алды. Ол ұрығы болмаған жігіттің донорлық жолмен сәби сүйгісі келгенін, дегенімен, соңы трагедиямен аяқталғанын жеткізді. Айтуынша, баланың әкесі бәрібір де өзге еркек болатынын қабылдай алмаған екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

"Бір ер адам донорлық ұрықпен бала жасап беріңіздерші. Әйелімді сүйемін" деді. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты бар. Жасадық. Бір рет көріп едік. Болмады. Екінші рет жасағаннан кейін жаңағы әйел жоқ болып кетті. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. "Не болды екен" деп ойлап жүрдім. Содан бірнеше айдан соң келіп тұр. Іші үлкен. Мен қуандым енді. Ал ол мені көрді де жылады. Сөйтсем ішіндегі 5-6 айлық бала егіз екен. Екеуі де ұл екен. Күйеуі әйел жүкті болғаннан кейін депрессия болып, ішімдікке салынып кеткен. Ұрады, соғады. Сондағысы іштегі бала өзімдікі емес деп қызғанады. Тіптен ауылдағы құрдастарына айтады екен "Менің балам емес мынаның ішіндегі" деп. Ақыры ұрып-ұрып бір бала іште өледі. УЗИ аппаратын енді ғана алған едік. Қарасақ, екінші бала да өлген ішінде. Қуаныштың орнына қайғы. Перзентханаға жібердік. Ішіндегі балаларды алды әйтеуір. Әйел кейіннен "Сіз қолыңыздан келгенін жасадыңыз" деп рақметін айтты. "Күйеуімді қимаймын. Баласыз өтсек те өмір сүрерміз" деді. Қараңызшы, қандай кешірімді. Соны көргеннен кейін бұл әдістен жиіркене бастадым", - деген ол.

Маман Қазақстандағы донорлық ұрықтандыруды шетелмен салыстырды.

"Жасайды екен. Бірақ, бала 16-ға келген кезде өзінің әкесін білу керек екен. Ол жақта қатал қарайды. Құдай саған бермеді ма ұрықты? Соны мойында. Донорлықпен жасалды ма бала өз әкесін білуі керек заң бойынша. Бізде ол анонимді түрде жасалады", - деді Салтанат Байқошқарова.

Қазақстанда әйелдердің беделі мен мүмкіндіктері қандай?
«Өрттей отты ұлдарының жоқтығынан, орман өртеніп жатыр» - Омар Жәлелұлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу