«Өрттей отты ұлдарының жоқтығынан, орман өртеніп жатыр» - Омар Жәлелұлы

Oinet.kz 12-06-2023 1471

Абайтанушы, коуч Омар Жәлелұлы Семейдегі алапат орман өртіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_17.jpg

"Өртеніп жатыр. Отан - орманым. Істеген жауыздығымыз бен ұятсыздығымыздан, біз өртенбей әлі тірі жүрміз. Ал, орман - Отан - өртеніп жатыр. Біз үшін жанып жатыр. Біз үшін ағаштар жанын құрбандыққа шалды. Бізді тазарту үшін. Бізді ояту үшін. Ояна аламыз ба?! Ішіміз баяғыда өртеніп кеткен. Енді өрт сыртқа шықты. Елімізге ие бола алмадық. Жерімізге ие бола алмадық. Асқақ, айбынды бабалар бұрын жаны кірлегенде от арқылы тазаратын. Бізге де тазаратын уақыт келді. Тазара аламыз ба? Ал орман-отан өртеніп жатыр. Өрттей оттыұлдарының жоқтығынан", деп жазды.

«Менің балам емес мынаның ішіндегі»: Салтанат Байқошқарова донорлық ұрықтандыру жайлы
«Шамаларың тек осы қызға жетіп тұр ма?»: Белгілі заңгер экология министрін сынағандарға шүйлікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу