Баға билік назарында

Oinet.kz 30-06-2019 493

Screenshot_13.jpg

Жақында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен жиын өтті. Басқосуда құрылыс материалдарының негізсіз өсуін болдырмау үшін,  баға тұрақтылығын ұстау бойынша меморандумға қол қойылды. 

Мамандар құрылыс материалдарының 35 позициясы бойынша талдау жасады. Талдауға сәйкес материалдардың 15 позициясын, инертті материалдарды, күйдірілген кірпіштерді, тауарлық бетонды, битум, цемент, электр кабелін, модульдік қазандарды және қазандықтарды, жиһазды Түркістан облысының кәсіпорындары 100 пайыз қамтамасыз етеді. 

-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру жөніндегі тапсырмасына орай қазіргі таңда облыс көлемінде жанды жұмыстар жүргізіліп жатқаны жұртшылыққа аян. Осы аталған тапсырманы орындау үшін Түркістан облысы әкімдігі осы кездесуді ұйымдастырып отыр. Кездесуде бизнес пен бизнестің бір-бірімен келісетінін білдірді және бизнес өкілдері өз ойларын айтуға мүмкіншілік беретін кездесу, - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

 Қазіргі таңда Түркістан облысында 40-тан аса құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындар негізінен темір-бетон бұйымдарын, инертті материалдарды, битум, әк және цемент өндіреді.

Кездесу нәтижесінде, облыстағы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын басшылары өздерінің шығарған өнімдеріне бағаны көтермеуге уәде етті. 


Өнерліге өріс кең
Баспанаға зәрулік азаюда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу