Баспанаға зәрулік азаюда

Oinet.kz 30-06-2019 499

Screenshot_14.jpg

Түлкібаста тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету басты назарда тұр. Жақында аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан орталығында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап, сапасын тексерді.

2018 жылдың аяғында аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын. Бүгінгі таңда тұрғын үй алуға өтініш берген азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауданда жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Аудан орталығындағы Бағысбаев пен Пушкин көшелерінің қиылысынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдаралама аясында соғылып жатқан 24 пәтерлік №2 үй, 32 пәтерлік №3 үй, және 64 пәтерлік №1, №3, №6, №7 үй құрылыстары қарқынды жүруде. Қазіргі уақытта 64 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді.

Сонымен қатар, Састөбе кентіндегі Жібек жолы көшесіндегі 64 пәтерлік №1 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан толық құжаттар дайындалып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсында жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда құрылыс жұмыстары биылдан қалмай іске асатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталған бойда тұрғындар жаңа үйге қоныс аудармақ. 



Баға билік назарында
Түлкібаста «өзіміздің» дүкен ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу