Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккендерге жеке өзі көмек беретінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалатынын айтты.
"Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін", - деді ол.
Ол келесі аптада барлық мәселе шешілетініне уәде берді.
"Атқарушылардың барлығы осында. Сіздердің барлық қажеттілігіңіз бойынша тізім жасалады. Бүгін – жексенбі, келесі аптада барлық мәселе шешіледі. Өтініштеріңіздің бәрі орындалады, - деді Президент.