Демократия деген не?

Oinet.kz 06-09-2020 763

15 қыркүйек - Халықаралық демократия күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен "Әлемде демократия принциптерін сақтау және құндылықтарын насихаттау" мақсатында 2007 жылы белгіленген екен. "Демос + кратос" дегеннен басқа ондаған анықтамасы бар. Әрбір саяси құрылым, әрбір адамның өз "демократиясы" бар. Мысалы, У.Черчилль "барлық саяси құрылымның ішіндегі ең жексұрыны осы" депті. Тіпті Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылып, жер бетінде қиналып жүргенде жылан келіп "Демократияда өмір сүрген қалай екен?" деп әжуалапты. Генерал Лебедь "Демократ-генерал ебірей-оленовод сияқты бос әңгіме" деп шорт кесіпті.

Тағы бір мысал. Екі қасқыр мен бір қой "Кешкі тамаққа не жейміз" деп дауысқа салған екен. Көпшілік дауыспен қой байғұс қазанға түсіп кетіпті. Жеңілген азшылық құрып кететін бұл қандай демократия?

Айшуақ Дәрменұлы


Әйел туралы мысалдар. Әйел бақыты - өз қолыңда
Жындарға дастархан жайғызған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу