Жезөкшені құрметтемейтін адамдар - санасы төмен адамдар

Oinet.kz 01-12-2023

Кешегі "Айка лавтың" тізімін көріп, жап-жас қыздардың сол жолда жүргеніне күйіне жазған ұлтшылдар тағы таңғалдырды. Тәрбиенің жоқтығы, ұлттық құндылық жоғалып барада т.с.т. бла-бла-бла...

2023_10_15_sadness-girl-sit-on-floor_2560x1600.jpg

Біріншіден мен жезөкшелерге құрметпей қарайтын адаммын! Себебі, ол қаншама қылмыстың алдын алып жүрген кәсіп... ол-ұзақ әңгіме... сосын жезөкшелік сұраныс бар жерде ғана жүретін кәсіп! Бізде барма, бар... яғни сұраныс бар деген сөз...

Неандертальдық түсінікпен өркениетке қол сермеп жүрген ұлтшылдарға айтарым:

Ол ұлттық құндылықтың жоғалуы немесе тәрбиенің жоқтығынан емес. Ол экономикалық мәжбүрлілік. Тез баюдың төте жолы... жезөкшелік жеңіл ақша табу жолы емес... ол керісінше қиын жол... оны кейін...

Жастардың жұмыссыз қалуы ең басты факторлардың бірі. Мысалы, жұмысқа орналасуға барғанда жұмыс өтілі ең кемі 3 жыл деп жыртылып тұратын кім?! Сонда универды жаңа бітірген маман жұмыс өтілін қайдан алады? Уот, тәрбиесіздіктен емес, мәжбүрлік және жоқшылық негізгі фактор бұл жерде... әйтпесе кім өзінің көңілі қаламайтын адамның қойнына еріксіз барып кіргісі келеді...

Сондықтан бұл жерде негізгі фактор - жұмыссыздық! Сосын, жұмыстағы жалақының төмендігі! Бұның бәрі біздің биліктің дәрменсіз саясатының арқасы... ештеңе өндірмейтініміздің, ештеңе шығармайтынымыздың кесірі...

Так что, неандертальдық деңгейдегі ұлтшылдығымен өркениет көкжиегінің төбесінен қарағысы келетін адамдар. Сіздер осы жезөкшелерді қалай төмен адам санасаңыздар, өздеріңіз және саналарыңыз сол деңгейде төмен адамсыздар!

Ал, кім-кіммен жатып жүр бәрібір емес пе, нелерің бар дейтіндер үшін... мәселе сол услуганы қолданатын адамдардың ішінде шенеуніктердің көптеп кездесетіні... оған уәжіп айтуға, боқтауға, қарғауға бәрінің хақысы бар...

Серік Хасеновтың Фейсбук парақшасынан

Құнанбайдың серті
Қайыршының да қайыры бар...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу