Ашық сабақ. Математика. Амалдардың орындалу тәртібі

Oinet.kz 05-10-2018 808

Амалдардың орындалу тәртібі

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАРМАТЕМАТИКА

Ашық сабақтарМатематика
Амалдардың орындалу тәртібі

Мақала авторы: Жарылгасова Жумагул Бейсеновна
Жұмыс орны: Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 13.02.2016


Сабақтың мақсаты: 1) Жақшамен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнетердегі амалдың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру; өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтай түсу.

2) Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілік  дамытып, қиялын ұштау;

3) Ұқыптылыққа ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Әдістер: Оқулық, көрнеклік, ауызша. Жазбаша, шығармашылық.

Түрі: Саяхат сабақ

Пән аралық байланыс: Дүниетану, музыка, ана тілі

Көрнекілі: Аңдардың суреттері, үлестірмелі қима. ереже.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге!
Оқып, білім аламыз,
Біздер зерек баламыз.
Математика пәнінде
Тапқыр, алғыр боламыз.
1.Толық ондықтарды тура және кері санау арқылы оқушылардың білімін тексеру.
10,20,30,40,50,60,70,80,90
90,80,70,60,50,40,30,20,10
Өткен сабақта бақылау жұмысы алынған себепті үй жұмысын тексерудің орнына арифметикалық диктант жүргіземіз.Балалар даптеріне жазады, мұғалім айтады.
50 мен 6-ның қосындысы, 70 пен 8-дің қосындысы,
90 мен 4-тің қосындысы, 20 мен 3-тің қосындысы,
90 мен 10-ның қосындысы, 80 мен 4-тің қосындысы.
2. Суреттеу.
3. Жаңа сабаққа дайындық
( ) жақша ұғымымен таныстыру.
Жақшаның суретун көрсету.
Жақшаны дұрыс жазу.
4. Зерделеу. Жаңа сабақты ашу. Амалдардың орындау тәртібі.
Жақшалар.
Ережелермен таныстыру.
Түсіндіру. Жазуларды салыстыру.
(10-4)+1 10-(4+1)
Ұқсастығы: сандары мен амал таңбалары.
Айырмашылығы: Жақшалары басқа қойылған
(10-4)+1 алдымен жақшаның ішін орындаймыз6, оған 1-ді қосамыз: (10-4)+1=7
5. Қолдану.
Жаңа сабақ жақшаны тиянақтай түсу. Дәптермен жұмыс.
№2
Күзгі орманнан аңдар келді, суретін көрсету. Ол аңдар жәй келген жоқ, сіздерге жаңа тақырыпқа мысалдар алып келеді. Бұларды ренжітпей шығарып салу үшін есептерді шығарайық.
1.Аң патшасы Арыстан 6-(3+1)
2.Сілеусін (6-3)+1
3.Қу түлкі 80-(20+30)
4.Қорқақ аю (80-20)+30
5.Аю (4+6)-3
6.Тиін 4+(6-3)
7.Бұғы (20+50)-30
8.Кірпі 20+(50-30)

6) №3 есепті оқыту, талдау, шығару. Тура және кері есептер. Аңдарға білімімізді көрсетеміз. Қысқа жазу
Б-16ж ? үлкен
А-10ж
16-10=6
Ж: 6 жас кіші

Б-? 6 жас үлкен
А-10ж
10+6=16
Ж: Баян 16 жаста

Б-16ж
А-? 6 жас кіші
16-6=10
Ж: 16 жаста

7) Сергіту сәті. Қандай сандар жетіспейді.
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта.
Қайда кеткен жан-жаққа?

Көршілерін тап. Мына сандарды көрсетемін:
…65…., …24…., …15…., …92…., …99….,
8) №4 (Ауызша ). Біз қонаққа келген аңдарды шақырып салуға шығарып салуға олармен бірге саяхатқа шығып, аңдарды аман-сау орманға апару үшін тапсырмаларды орындаймыз.
1) поезбен-1 тәулік
2) ұшақпен-4 сағат
3) кемемен-2 сағат жүздік
Себебі, біө орманға жету үшін, теңізден, таулардан өттік.
Сұрақтарға жауап береміз.
1. Поезбен жүргенде ұшаққа қарағанда неше сағат артық жүрдік?
24сағ.-4сағ.=20сағ.
2.Ұшақпен поезға қарағанда неше сағат кем ұшты?
24сағ-4сағ.=20сағ.
3. Кемеден поезға қарағанда неше сағат кем жүздік?
24сағ.-20сағ.=4 сағ.
4. Поезбен және ұшақпен жасаған саяхатымыздың ұзақтығы қандай болды?
24+4=28сағ.
5. Поезбен және кемемен жасаған саяхатымыздың ұзақтығы қандай болды?
(24+4)+20=48сағ.

9) Өзіндік жұмыс:
Аңдарды аман-сау орманға жеткіздік. Енді ауылға билет алу үшін №5 есепті үлестірмелер арқылы шығараыз.
Үлестірмелерді бір неше оқушыға таратамыз. 39,40,41,42, ұқсастығын айырмашылығын даделдеу.
Бос орынға балалар сөзжұмбақ шешеді.
1. ең кіші үш таңбалы сан.
2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш.
3.Төрт ондықтан құралған сан.
4. Бір таңбалы сан.
5. білім бұлағы.

Сонда ЖАҚША сөзі шығады.

10) №6 тапсырманы жарыс ойын түрінде шығарамыз.
Әр қатардан 1 оқушы шығады.
11) Шығармашылық жұмыс
Жасыл қоршау
1 ғасырда=100жыл
12) Қорыту. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Жақшаны үйрендік.
13) Бағалау.
Үйге тапсырма: №2-нің (2)-сі, 40-бет


Реферат: 1920–80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар
Реферат: 1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу