Ашық сабақ. Биология. 11 сынып. Күнделікті сабақ жоспарлары

Oinet.kz 07-10-2018 787

Сынып: 11
Пәні: биология
Сабақтың
Сабақтың тақырыбы: Ф. Редидің тәжірибелері, Бэконның ой - пікірлері. Л. Пастердің тәжірибелері. Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға тіршіліктің пайда болуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: биосфера
Сабақтың барысы.
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Зат алмасу кезінде тірі организмдерде қандай өзгерістер болады?
2. Тұқымқуалаушылық ұғымын қалай түсінесіңдер?
3. Организмдер үшін көбеюдің қандай маңызы бар?
4. Тірі организмдердің құрамында қандай негізгі қосылыстар бар?
5. Тірі организмдердің дискреттілігі дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4, 5 — 5 млрд жыл бұрын газды - шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды - шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап - ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б. з. д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.
Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т. б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп қорытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады.
Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф. Бэкон (1561 — 1626 жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.
XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626 — 1698 жж.) тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты. Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.
Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір - біріне қарама - карсы екі көзкарас қалыптасқан. Оның
біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі.
Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.
Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822 — 1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S - әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л. Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л. Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.
Абиогенез теориясын жақтаушылар Л. Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады. Олардың бір тобы жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар деген пікірді ұсынды. Бұл көзкарас креационизм (латынша "creatio" — жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К. Линней, Ж. Кювье, т. б. колдады. Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. бұл көзқарас ғылымда панспермия теориясы (грекше "pan" — барлық және "sperma" — тұқым) деген атпен белгілі. "Панспермия теориясын" 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г. Рихтер ұсынған. Оның пікірі бойынша жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Бұл көзқарасты сол кездегі көрнекті ғалымдар Г. Гельмгольц, Г. Томсон, С. Аррениус, П. Лазарев, т. б. қолдады.

V. Сабақты қорытындылау.
1. Тіршіліктің жаратылу үдерісінде қандай екі қарама - қарсы көзқарас болды?
2. Реди қандай тәжірибе жасады
3. Л. Пастер тәжірибелері нені дәлелдеді?
4. Біздің ғаламшарымызда тіршілік қалай пайда болды?
5. Л. Спалланцани қандай тәжірибелер жасады?

VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: оқу

Ф.Редидің тәжірибелері, Бэконның ой-пікірлері. Л.Пастердің тәжірибелері.Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар
Жерде тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық
Жер дамуның ерте кезеңдеріндегі алғашық атмосфера және химиялық элементтердің, бейорганикалық және органикалық қосылыстар
Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар
А.И. Опариннің теориясы. С.Миллердің тәжірибелері. Протобионттардың пайда болу теориясы
Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты көбеюдің, көпжасушалылардың пайда болуы
Протобионттардың эволюциясы, ішкі ортаның қалыптасу, органикалық табиғи катализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда болуы
Биология дамуының Дарвинге дейінгі кезеңі.Ғылымда әуелбастан сәйкессіздік және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі
Жануарлар мен өсімдіктерді жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары
Ж.Кьве мен Сент-Илердің еңбектері.Б. Ламарктің эволюциялық теориясы. Алғашқы эволюционистер
Ч.Дарвин ілімінің қалыптасуның алғышарттары: жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер. Ч.Дарвиннің экспедициялық материалдары
Түр- эволюциялық бірлік. Түрдің критерийлері
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері-эволюция үшін материал
Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі. Жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелерінің эволюциясының факторлары
Табиғи сұрыпталу туралы ілімі
Жалпыға бірдей жеке дара өзгергіштік және ұрпақтар сан мөлшерінің артықтылығы
Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу
Организмдердің бейімділігі және олардың салыстырмалы сипаты
Жаңа түрлердің түзілуі
Мутациялардың эволюциялық рөлі. Популяциядағы генетикалық процестер. Микроэволюция. Түр түзәлудің жолдары мен жылдамдығы, географиялық және экологиялық түр түзілу
Харди-Вайнберг заңы
Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі. Түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар
Табиғи сұрыпталудың формалары
Модификацияның эволлюциядағы рөлі, физиологиялық бейімділіктер. Эволюцияның қарқындылығы
Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Биологиялық прогресс және регресс
Макроэволюция, оның дәлелдемелері
Эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, паралелизм, организм топтарының жалпы ережелері
Эволюция нәтижелері: тірі табиғат құрылым деңгейлерінің күрделенуі, түрлердің көптүрлілігі, бейімділіктің салыстырмалы сипаты
Архей заманында Жерде тіршіліктің дамуы
Протерозой заманында Жерде тіршіліктің дамуы.Жердегі тіршіліктің алғашқы негіздері.Қазіргі барлық омыртқасыздар типінің шығуы.Алғашқы желілер. Су өсімдіктерінің шығуы
Палеозой заманында Жерде тіршіліктің дамуы.Өсімдіктердің эволюциясы: алғашқы төменгі сатыдағы өсімдіктердің, қырықжапырақтардың, алғашқы қырықжапырақтардың, ашық тұқымды өсімдіктердің шығуы
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Жануарлардың эволюциясы. Омыртқалылардың шығуы
Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы мен таралуы
Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы.Ашық тұқымды өсімдіктердің шығуы
Кайназой заманында тіршіліктің дамуы. Гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы, бунақденелілердің қарқындылығы
Ұрықжолдасты сүтқоректілердің дамуы, аңдардың шығуы, маймылдардың пайда болуы
Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен маймылдардың ататектері
Адамның тұқымдасының алғашқы өкілдерінің шығуы. Төрттік кезең, сүтқоректілердің эволюциясы. Маймылдардың дамуы
Адамның тірі табиғаттағы рөлі. Homo sapines дүниесіндегі түрлі жүйелік топтарға жататынын айқындайтын белгілері мен қасиеттері. Адам эволюциясының кезеңдері
Биологиялық түр ретіндегі адамның қасиеттері. Homo sapines популяциялық құрылымы. Адам нәсілдері, нәсілтүзілу, адам нәсілдерінің бірігуі.
Антропогенездің қозғаушы күштері. Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы. Адамның қалыптасундағы сөздің, ақыл-ойдың, қоғамдық қатынастардың рөлі
Адам эволюциясының әлеуметтік және биологиялық бағыттары. Әлеуметтік дарвинизм және нәсілшілдік кертартпалық мәні. Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршіліктің мәні
Биосфера-жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидорсфера, атмосфера
Биосфераның құрам бөліктері: тірі зат оның түрлік құрамы және биомассаға қосқан үлесі, биосфераның биосірескен және сірескен заттары
Табиғаттағы заттардың айналымы
Тірі организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы. Құрлықтардың геологиялық тарихы, оқшаулану, климаттық жағдайлар Білімділік.Оқушыларға тұрақтандырушы сұрыптау, гендер дрейфі, популяциялық толқын, оқшаулану туралы түсінік беру
Биогеография. Құрлықтың және Дүниежүзілік мұхиттың биомассалары. Биогеографиялық аймақтар
Экология пәні оның міндеттері, экологиялық факторлар
Тірі организмдердің табиғи бірлестіктері. Биогеоценоздар
Биогеоцеоздардың құрамдас бөліктері: продуценттер, консументтер, редуценттер
Биоценоздар, олардың түрлік әртүрлілігі, популяциялардың тығыздығы, биомассасы
Ортаның абиотикалық факторлары. Температураның, жарықтың, ылғалдылықтың және басқа факторлардың бірлестіктер тіршілігіндегі рөлі
Орта факторлары әсер ету қарқындылығы, шектеуші фактор. Орта факторларының өзара әсері, төзімділік шегі.
Ортаның биотикалық факторлары. Қоректік тізбектер және жүйелер. Экологиялық пирамидалар: сандық, энергетикалық, биомассалық
Антропогендік факторлар, олардың биоценоздарға әсері. Табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты ластанудан қорғау, табиғат эталондары мен ескерткіштерін сақтау
Жер ғаламшарындағы экологиялық апаттар
Қазақстан Республикасының апатты аймақтары
Организмдер арасындағы қарым- қатынас формалары. Жағымды қатынастар: симбиоз, кооперация, мутуализм, коменсализм
Антибиотикалық қатынастар: паразитизм, жыртқыштық, бәсеке
Бейтарап қатынастар: нейтрализм
Тіршіліктің пайда болу процесін және мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар

Ашық сабақ. Биология. Тамырлар дауы. Биологиялық ертегі
Ашық сабақ. Биология. Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу