Социология. Реферат. Әлеуметтік жұмыс теориясының заңдылықтары

Oinet.kz 12-09-2020 756

«Объект» термині таным мен іс-әрекеттің бірлікті қатынасын сипаттайтын нақты екі жақты байланысты талдауда қолданылады. Бұл нақты қарым-қатынаста таным мен іс-әрекетті жүргізетін жағы субьект, ал таным мен іс-әрекет бағытталған жағы обьект деп аталады. Әлеуметтік жұмыс субьектісінің түсінігі көпжақты, және де ол әржақты талданады.

Субъект-объекттік қарым-қатынастар жылжымалы келеді. Яғни, бір қарым-қатынаста обьект болған нәрсе, басқа таным немесе іс-әрекет актісінде субьектіге айналуы мүмкін, және керісінше. Одан басқа, коммуникативті іс-әрекет саласында қарым-қатынастардың бірқатары екі жақта да белсенді іс-әрекет пен танымның процестері болып табылатын және бір-біріне әсер ететін субьект-субьектілі ретінде қабылдануы мүмкін. Әлеуметтік жұмыс дәл осындай әлеуметтік шынайылық салаларының қатарына жатады.

Кәсіби әлеуметтік жұмыстың қалыптасуы әлеуметтік жұмысты зерттейтін және оның практикасын сипаттайтын ғылымдардың түсінік аппаратының жасақталуымен қоса жүрді. Басқа да даулы дефинициялардың ішінде көмек көрсетілетін адамды қалай атау туралы пікірталастар болды. Медицинада мұндай адам «науқас» деп аталады. Юриспруденцияда – «жәбірленуші», латынның «науқас», немесе «арызданушы» терминінің аналогы болып табылады, яғни көмек іздейтін адамды білдіреді. Бірақ бұл терминдер көмекті қажет ететін адамның ұстанымы жағынан тек қиналудың бір жағын ғана сипаттайды. Ол, әрине, залалын көрді, қиналды, өмірлік қиыншылық жағдайын бастан кешті, дегенмен ол интелектуалды, дене, психикалық және моральдық ресурстары мүмкіндік беретіндей тұлғалық субьективтілігі бола тұра, өз проблемасының шешілуіне өзі қатысуы керек.

Әрине, өзінің туа біткен немесе жастық ерекшелік интелектуалды-психикалық статусына байланысты айналадағы ортаны қабылдауға, өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін қадағалауға мардымсыз кішкентай бала, ересек адам басқа адамдардың сырттан қарап жүруіне, оның проблемаларын шешудегі басшылық, еңбегіне зәру. Бірақ егер де мүгедек өзінің толық емес болса да ой-санасын сақтап қалса, басқалардың басшылығымен, шектеулі болса да өзінің қиындықтарын шешу әрекетіне қатыса алса, онда ол көмектің пассивті реципиенті емес, өз өмірлік жағдайларының өзгеруінің белсенді агенті болып, әлеуметтік жұмыскермен әрекеттесе алады. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыскер көмек көрсететін адамды клиент деп атау туралы пікір қалыптасты. Клиент индивидуалды да, топ та (отбасы, мектеп сыныбы, инвалидтер тобы, еңбек коллективі және т.б.) бола алады. Оның нақтырақ сипаттамалары әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың деңгейімен анықталады.

Кез  келген дәрежедегі әлеуметтік жұмыскер әрдайым белсенді жақ болғандықтан, адамдардан белсенді немесе пасссивті қабылдау ғана кездестірсе де, оның іс-әрекетінің қайда бағытталғаны туралы айтуға болады. Бұл мағынада әлеуметтік жұмыс обьектісі қиын өмірлік жағдайға түскен мүгедектер, жанұялар, топтар, қауымдастықтар болып табылады. Қиын өмірлік жағдай – бұл әлеуметтік обьектінің бірқалыпты жұмыс істеп тұру мүмкіндігін бұзатын немесе бұзылу қаупі бар жағдайын айтады. Мүгедектердің бұл жағдайымен, сыртқы жәрдемсіз, өздігімен күресуіне күші жетпейді.

Әлеуметтік жұмыскер туралы айтқанда, хабарсыз адам көз алдына қолына сөмке алып, жалғыз қалған мүгедектер мен қарттарды азықтүлікпен қамтамасыз етіп отыратын қызметкерді елестетеді. Әлеуметтік жұмыс клиенттеріне аз қамтылған және кедей адамдарды жатқызамыз. Бірақ кедейшілікпен күрес әлеуметтік жұмыстың «тектік бағыты» болса да, оны осындай секілді тұлғалармен ғана шектеу негізсіз болар еді. Өкінішке орай, әл-ауқаты жақсы адамның өмірінде де бақытсыз жағдайлар, аурулар,орын алады, бұл оны сыртқы көмекке зәру етіп, әлауқаты төмен топтар қатарына ысырып тастауы мүмкін. Ерлі-зайыптылар арасындағы немесе атаана-бала қарым-қатынасын тұрақсыздандыратын отбасылық проблемалар, әлеуметтік статусы мен материалдық жағдайына қарамастан, кез келген жанұяда пайда болуы мүмкін. Жасөспірімдер немесе қарт адамдардың проблемалары іс жүзінде болмай қалмайды, бұл тұрғындар категориясы, олардың жақындарымен қоса, проблемалардың шешілуінде көмекті қажет етеді. Сондықтан бүкіл әлемде әлеуметтік жұмыс барлық қабаттарға, топтар мен мүгедектерге керек екендігін жете түсінді. Бірақ кейбіреулер көмекке потенциалды түрде зәру болса, ал кейбіреулер үшін бұл өте өзекті. Оны белгілі бір уақытқа дейін жабулы тұрған, бірақ керек кезде ашылып мүгедектерді қауіп төндіретін жағымсыз әсерлерден қорғайтын  қолшатырға ұқсату орын алды.

Біздің қоғамда қалыптасқан жағдай «әл-ауқатты әлеуметтік топ» түсінігінің іс жүзінде қалыптасуына әкелді. Басқа мемлекеттерде кепілді түрде ауқатты тұрғындар табына жататын тұрғындар категориясы (мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар, ғылыми интеллигенция, офицерлер, қорғаныс кәсіпорындарының қызметкерлері және т.б.) бізде кедей болмаса да, аз қамтылғандар қатарына жатады. Жұмысбастылық, жұмыстың болуы қызметкердің өзінің және жанұясының күн көріс минимумның деңгейінде болса да, қамсыздандырылуын кепілдендіреді. Дегенмен, біздің социумда, кәсіпорындар мен мекемелер дұрыс қызмет етуі, өнімнің сұранысқа ие болуы, жалақының уақытында төленіп отырылуы (барлық жағдайдың болуы міндетті емес) көп жағдайда еңбекақы деңгейі қызметкердің жанұясын асырауын қамтамасыз етпейді. Жалақының құнына социомәдени дамуы үшін қажетті шығындар ғана емес, тіпті минималды үй ауданына, балаларға арналған қаржы қарастырылмаған.

Созылып кеткен дағдарыс жағдайы, болашақтың дамуының анықсыздығы, яғни қалыптасқан моралдық-өнегелілік жүйенің ыдырауы және ортақ қабылданған түсінікті жаңа жүйенің болмауы – мұның барлығы психологиялық қолдаудың көп адамға қажет болуына әкеледі. Азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар құрылымының күрделенуі, бірқатары алдын болған немесе бір-біріне қарама-қайшы келетін көптеген нормативті актілердің пайда болуы құқықтық кеңес алудағы қажеттілікті күшейтеді. Жұмысссыздық немесе жұмыссыздық қаупі жағдайындағы қолдауға, өзін-өзі қамтуда және жұмысбастылықта жәрдемдесуге деген қажеттілік сол саладағы көмек көрсететін әлеуметтік қызметтердің рөлін арттырады. Мұның барлығы Қазақстан жағдайындағы әлеуметтік жұмысқа деген қажеттілік өте өзекті және жалпыға бірдей екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен, әлеуметтік жұмыскерлер кімге көмек көрсетеді? Клиенттер тізімі белгілі шамада бұл қызмет түрінің қысқа, бірақ мазмұнды даму тарихын көрсетеді. Әлеуметтік жұмыс индивидке бағытталған. Жәрдем тек әлеуметтік тапқа, үлкен топ, территориалды қауымдастыққа ғана бағытталмаған – осы ірі топтардың әрбір өкілі, жеке адам бақытқа ие болуға және өзінің қабілеттерін дамытуға құқығы бар. Бастапқы кезде әлеуметтік жұмыс дәл индивидтермен жұмыс ретінде жүргізілді. Бірақ кейін жеке клиенттің жағдайы мен мінез-құлқын өзгерту әрекеті, тікелей айналасына, олар кіретін жақын әлеуметтік желісіне әсер етпесе, көп ретте тиімсіз болып шығатыны белгілі болды. Бұл отбасылық және топтық әлеуметтік жұмыстың қалыптасуына әкелді. Отбасыға ықпал жасау отбасының әрбір мүшесіне әсерін етусіз мүмкін емес. Отбасының жеке мүшесінің мінез-құлқындағы және халжағдайындағы өзгерістер отбасының ішкі өзара қарым-қатынасындағы шиеленісушілікке, отбасылық коммуникацияның трансформациясына т.б. әкеледі. Топпен жұмыс істеуде де солай. Жасөспірімдер мен жастар, конформды, тәуелді, тұрақсыз мінезді адамдар туралы айтатын болсақ, ортаның әсерін асыра бағалау мүмкін емес. Ал бұл жұмыс өз кезегінде, кеңірек проблемалардың шешілуін талап етеді – сол индивид, топ немесе отбасы тұратын жердің барлық тұрғындар проблемасы. Мұндай түсіну бізді қауымдық немесе коммуналды әлеуметтік жұмысқа жүгіну қажеттілігін шығарады.

Шетелдік теоретиктердің түсінігінде, бұл терминдер өзін-өзі басқарудың жеткілікті кең деңгейіне ие және территорияны сақтау мен орнықтыруда, білім берудегі, әлеуметтік қызмет көрсетуде, спорттық және мәдени дамуындағы ересектер мен балалар қажеттіліктерін қамсыздандыруда бірқатар ортақ мүдделері бар белгілі бір елді мекен немесе аймақ тұрғындарының жиынтығын білдіреді. Мұндай территориалды бірліктердің тұрғындарының білім деңгейі мен әлеуметтік мәртебесі қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың өзінің қауымдастық істеріне қатысу деңгейі де жоғары болатындығы белгіленді. Кедей адамдар, мұралық жұмыссыздар тұратын әлеуметтік қиыншылықтар тоқырау аймақтарынының тұрғындары пассивтілігімен ерекшеленеді, өзінің елді мекенінің істеріне немқұрайлы болады.

Біздің социумда өмір сүрген жергілікті өзөзін басқару жүйесі тура әкімшілік басқаруға ауыстырылып, әлденеше рет ойранға ұшырады. Оның әр түрлі нұсқаларын, реформаға дейінгі ауылдық қауымдастықты, Петр I реформалары, XIX ғ. соңы – XX ғ. басы жер қызметі, кеңестік билік тәжірибесімен қоса, зерттеу өткен тәжірибеде әлеуметтік-саяси және құқықтық механизмдердің көптігін көрсетеді. Оларды қолдану өмірімізді жақсартуға көмектесе алады. Басты қорытынды – жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін пайдаланбаса, бұл елді мекенде әлеуметтік организмнің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету мүмкін емес болады. Жергілікті тұрғындардың нақ жиынтықты ерігі мен санасы ғана жемқорлықты, бюрократизмді, тиімсіздікті алдын алып,   әкімшілікті қадағалауға және оны белсендірек және мақсатты іс-әрекетке ынталандыруға бағытталған. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқарудың күшеюі сөзсіз және оның шеңберінде қауымдық әлеуметтік жұмыс қалыптаса алуын сенімді болжауға болады. Осыдан біздің әлеуметтік жұмыстың жалпыәлеуметтік деңгейінің бар екендігін айтуға құқығымыз бар. Әлеуметтік жұмыскер көмектесетін адамдардың әлеуметтік проблемалары олардың белгілі бір әлеуметтік-демографиялық топқа жататындығына да байланысты болады. Мысалы, өзіне тән ғана проблемалар қарт жастағы адамдарда кездеседі. Әрине, ауқатты немесе  кедейде  және жанұясы қоршаған немесе жалғыз қарттарда проблемалармен күресу мүмкіншіліктері әртүрлі болады; дегенмен жастық физиологиялық және әлеуметтік өзгерістер бәріне тән. Әйелдер мен балалар дәстүрлі түрде әлеуметтік жұмыстың ерекше категориялары бөліп бөлінеді, өйткені жағдайларының обьективті мән-жайлары олар үшін әлеуметтік қатер қаупін құрайды.

Балалар әлсіз, дербес емес және тәуелді – бұл олардың жәрдемге қажеттілігін және ересектер тарапынан құрбаны болу қаупін арттырады. Әйелдер  де өзінің репродуктивті функцияларын орындау салдарынан осал жағдайда болады. Бүгінде біз үшін әлеуметттік-демографиялық категория ер кісілерде көмекке ерекше қажеттілігі бар деген ой үйреншіксіз болып көрінеді. Олар өзінің ер жынысына жататындығымен шартталған ерекше қиыншылықтар кезігеді. Дегенмен, бұл нақ осылай, және андрологиялық проблемаларды (алдымен, медициналық және медико-әлеуметтік) ер кісілерге білікті жәрдем көрсету үшін арнайы зерттеле бастады.

Оған қоса, ерекше проблемалары бар клиеттерді бөлуге болады. Мұндай адамдардың мәні, көрінісі және проблемаларына араласуға қажеттілігі олардың ерекшелігіне, өмір әрекетін қиындатып жатқан проблемаларға байланысты. Мысалы, мүгедектер немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар мемлекет тарапынан арнайы көмекке мұқтаж, өйткені олардың физикалық, психикалық немесе интелектуалды мүмкіндіктері қоғамдағы бірқалпыт өмір сүруіне кедергі келтіреді. Сондықтан архитектура мен транспортты қозғалуға шектеулі мүгедектер үшін ыңғайландыру қажет, өзінің мінез-құлқын толық бақылай алмайтындарға қауіпсіз еңбек пен тұруына жағдай жасау, өз өмір әрекетін басқара алмайтындарға бақылау орнату, және мүгедектерді қоғамға интегралдау үшін барлық күшті салу.

Бірақ та мүгедектерден басқа жұмыссыздарда, соғысқа қатысып, жарақаттан кейінгі  стрессті к синдром салдарынан қиналып жүргендер, оқуда қиналатын көпбалалы отбасыларда да өзінің ерекше қажеттіліктері бар.

Бұл категориялардың барлығына жәрдемнің арнайы түрлері қажет және мамандандырудың әртүрлі жұмысшыларының көмегіне зәру. Әрине, біздің жағдайымызда әзірше әлеуметтік жұмыскерлер американдық қызмет өкілдері секілді (кедей отбасынан шыққан қыздарға сұлулық байқауына дайындалуға көмектесе отырып, әлеуметтік теңдікке жәрдемдеседі деп санайды) кейбір ерекше, арнайы, тіпті экзотикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруда көмек көрсететінін күту аңқаулық болар еді. Дегенмен, әлеуметтік жұмыста осындай «ерекше қажеттіліктерді» ескеру де қажет.

Сонымен, қорытындылай келетін болсақ, әлеуметтік жұмыс территориалды, өнеркәсіптік белгісі, проблеманың ұқсастығы бойынша немесе бүкіл қоғам шегінде бірікккен индивид, отбасы, топ, адамдар қауымдастығы деңгейінде жүргізіледі. Бірақ та, көмек көрсете отырып, әлеуметтік жұмыскер бұл көмек неге бағытталғанын білуі, іс-әрекет процесінде неге қол жеткізгісі келетінін, оның мақсаты қандай және өз жұмысының идеалды нәтижесін елестетуі қажет. Бұл сұрақ берілген қызмет түрінің біліктілігі мен мүмкіндіктер шегімен байланысты күрделі пікірталастардың тақырыбы да болып табылады.

Бірақ мойындайтын жайт, клиент жағдайын қиындататын себептер, жағдайлардың бірқатарына әлеуметтік жұмыскер ғана емес, әлеуметтік жұмыстың институтының өзі, берілген мемлекеттің бүкіл әлеуметтік жүйесі, тіпті біздің біліміміз бен ресурстарымыздың заманауи деңгейінің өзі – бүкіл адамзатқа ықпал ете алмайды. Айталық, туа біткен немесе мүгедектікті тугелімен немесе мүгедектердің мүмкіндіктерін шектейтін дефектіні жою бүгінде мүмкін емес. Өркениеттің жетістіктері денсаулық сақтаудың дамуы, генетикалық прогностика және пренеталды диагностиканың жаңа түрлерінің пайда болуы, медициналық жәрдемнің жетілуі, еңбек жағдайы мен тұрмыстың жақсаруы мүгедектіктің бір себептерін жояды, бірақ оның орнына өркениеттің сол жетістіктерінен туған басқа себептер келеді. Сондықтан мүгедекетердің жалпы саны өсуде. Мүгедекті мүгедек қылатын себептерді жою мүмкіндігі жоқ әлеуметтік жұмыскер не істей алады? Тек мүгедекке, оның шынайы өмірлік жағдайлары мен денсаулығы шамасындағы қоғамға интеграциялануының максималды деңгейіне жетуіне көмектесе алады.

Әлеуметтік заңдылықтар жеке құрылым болып табылмайды, қоғамдық өмірдің  процестері мен құбылыстарында орын алады. Әлеуметтік процестер әрдайым мүдделері мен ұмтылыстары көптеген белгілері бойынша айырмашылықтары бар бұқараның өзара әрекеттестігін сипаттайды. Әртүрлі мотивтер, мақсаттар, қажеттіліктер мен мүдделердің әртүрлілігіне байланысты олардың әрекетінің сан алуан болуы соңында әлеуметтік процестің жалпы, орташаланған бағытын тудырады. Әлеуметтік жұмыстың мазмұнында субьектінің обьектіге әсер ету қағидасы орталық бір орын алады.

Өзінің қызмет тәжірибесінде әлеуметтік жұмыс мамандарының әрбір нақты оқиғада белгілі бір жағдайды сипаттайтын тенденциялардың сараптамалары мен зерттеулеріне жүгіну мүмкіндігі болмайды, тәжірибелік әрекеттеріне арналған шешімдер мен талаптар қалыптастыра алмайды. Сондықтан олар қызметінің жалпы бастамасы, ережесі, қағидасына айналатын обьективті әрекеттегі әлеуметтік заңдылықтардың көрінуі жалпыланған нәтижелерін, өткен әлеуметтік тәжірибе сабақтарынан алынған қорытындыларын пайдаланады. Әлеуметтік жұмыс қағидалары мазмұны бойынша обьективті және формасы бойынша субьективті болып табылады. Адамдар олардың күнделікті тәжірибелік қызметі орын алған әлеуметтік заңдылықтарына қайшы келмеу үшін қағидаларды басқару бастамалары ретінде қалыптастырады.

Әлеуметтік саладағы байланыстар мен қарым-қатынастардың күрделілігі және сан алуандығы әлеуметтік жұмыстың қағидаларының кең жиынтығының, жүйесінің бар болуын шарттайды, олардың ішінде әлеуметтік-саяси, ұйымдастырушылық, психо-педагогикалықты бөледі.

Әлеуметтік-саяси қағидаларға жатады: әлеуметтік жұмыстағы шешілетәін міндеттерге мемлекеттік келу; әлеуметтік жұмыстың гуманизмі мен демократизмі; әлеуметтік жұмыс мазмұны мен формасының тұлғаның, әлеуметтік топтың өмір сүруінің нақты жағдайларымен тығыз байланысы; әлеуметтік жұмыстың заңды болуы мен әділеттілігі.

Логикалық тәртіптелген білім жүйесінің маңызды компоненті ғылымның түсінік аппараты болып табылады – осы ғылыммен зерттелетін құбылыстарды жалпыланған формада көрсетуге мүмкіндік беретін түсініктер, категориялар мен терминдердің жиынтығы, сонымен қатар, қасиеттері, белгілері және олардың арасындағы заңдылықтарды тіркеу жолымен іске асатын байланыстары. Түсінік аппараты эмпирикалық бақылау және эксперимент нәтижелерін жалпылау  процесінде тану қызметінде  абстракциялау, жалпылау, салыстыру және т.б. логикалық операциялар зерттеу процедураларын қолдану жолымен қалыптасады. Түсінік аппараты әлеуметтік жұмыс теориясының құрылымын құрайды, оның мәні, обьектісі, пәні және қызметін, тіпті оның тиімділік критерийлерін анықтауды да қосады. Ғылыми теория ретіндегі әлеуметтік жұмыстың түсінігі мен категорияларын үш топқа бөлуге болады: мәндік аспектісін бейнелейтін түсініктер, технологиялық аспектісін бейнелейтін түсініктер, әлеуметтік жұмыстың сапалық күйін сипаттайтын түсініктер.

Түсініктер әлеуметтік жұмыстағы құбылыстар мен процестер арасындағы елеулі, тым тұрақты және қайталанатын байланыстарды табуға мүмкіндік беретін маңызды логикалық форма болып табылады. Нақ осы түсініктер арқылы кез келген, соның ішінде әлеуметтік жұмыс, құбылыстар мәнін түсінуде біркелкілікке жетуге, әлеуметтік шынайылықтың даму заңдылықтары мен тенденцияларын  білдіруге мүмкіндік береді.

Түсініктің екі деңгейін айыру орын алған. Біріншіден, әлеуметтік жұмыстың эмпирикалық тәжірибесін, бақылау мен эксперименттердің нәтижелерін бейнелейтін түсініктер. Оларды, әдетте, бастапқы деп атайды. Екіншіден, біріншілікті түсініктер мен оларға жасалатын логикалық операцияларды интерпретациялау жолымен құрылатын түсініктер. Олар екінші қатардағы деңгейді құрайды және теоретикалық түсініктерге жатады. Кез келген ғылым аппаратының негізін құрайтын маңызды, негізгі түсініктер категория­ лар деп аталады. Әлеуметтік ғылымдардың категория туралы мәселелері едәуір күрделі болып табылады, өйткені олар бейнелейтін әлеуметтік құбылыстар мен процестер тым өзгергіш, көптүрлі болады, олардың аспектілері өзара тығыз шиеленіскен, олар әлеуметтік білімнің жеке салаларымен әртүрлі түсіндіріледі, бұл осы категориялардың өз арасындағы шегараның салыстырмалығы мен өткізгіштігін, әлеуметтік жұмыс теориясының полипарадигмалдылық сипатын шарттайды. Сондықтан олардың көптүрлілігін тәртіптеу мақсатында әлеуметтік жұмыстың келесі  түсініктер  мен  категориялар  тобы туралы айтуға болады:

Әлеуметтік жұмыс теориясы үшін өзіндік болып табылмайтын категориялар, өйткені олар белгілейтін құбылыстар мен процестер басқа да ғылымдармен зерттелінеді (әрине, мұндай құбылыстар әрбір ғылымның, оның пәні мен қолданатын әдістер призмасы арқылы қарастырылады); мысалы, «әлеуеттік қарым-қатынастар», «әлеуметтік іс-әрекет», «әлеуметтену», «тұлға» және т.б.;

Басымдылығы бойынша әлеуметтік жұмыс теориясына жататын бірақ басқа да білім салаларымен  пайдаланылатын  категориялар, мысалы,«психоәлеуметтік жұмыс», «әлеуметтік оғалту»,«отбасылық жанжал» және т.б.;

Әлеуметтік жұмыстың өз категориялары болып табылатын категориялар, мысалы, «әлеуметтік жұмыскер», «әлеуметтік көмек көрсету»,«атаулы әлеуметтік жәрдем» және т.б.

Әлеуметтік жұмыс категориялары түсініктерін жалпылау деңгейі бойынша осы дифференциациядан басқа мазмұны бойынша да талдануы қажет. Бұл мағынада әлеуметтік тәжірибенің әр түрлі салаларындағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың спецификасын бейнелейтін түсініктер бірінші топқа бөлінуі қажет. Мысалы, білім мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың түсінік аппараты медициналық мекемелердегі әлеуметтік жұмысты бейнелейтін терминдер және категориялар жүйесінен жартылай айырмашылығы болады. Онымен қоса, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, қарт жастағы адамдар, босқындар, қауіп тобына жататын отбасылар мен балалар секілді клиенттер категорияларымен әлеуметтік жұмыс та өзінің ерекшеліктеріне ие. Ерекше жағдайлардағы, мысалы экологиялық апат, әскери жанжалдар аймағындағы әлеуметтік жұмысты да бөліп айтуға болады.

Екінші топты кәсіби және ерікті әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі аспектілерін, әлеуметтік жәрдемді көрсетуге технологиялық келуді бейнелейтін түсініктер құрайды. Мұндай түсініктердің ішінде әлеуметтік жұмыс менеджменті, әлеуметтік қызмет экономикасы, психоәлеуметтік әдістер және т.б. Әрине, әлеуметтік жұмыстың эмпирикалық зерттеулерінің өрістеуі, оның теоретикалық білімдер жүйесін тереңдетіп және нақтылайған сайын әлеуметтік жұмыс категориялар жүйесі молая береді.

Кез келген басқа әлеуметтік білім саласы секілді, әлеуметтік жұмыстың да маңызды құрылымдық элементі болып оның заңдылықтары табылады. Халықты әлеуметтік қорғау міндеттерін шешудің нәтижелігі мен тиімділігі көп ретте әлеуметтік көмек көрсетудің құрылу деңгейі мен мекемелердің жұмыс істеуімен, клиенттермен әрекеттесудің мазмұны мен технологиялық тәсілдерін таңдаудың ғылыми негізділігімен, адамдармен жұмыс істеу тәжірибесіндегі әр түрлі өмірлік жағдайларындағы индивидтердің тікелей және тікелей емес байланыстары, қажеттіліктер мен мүдделердің, көңіл-күй мен мінез-құлық мотивтерінің өзара әсерін ескерумен анықталады.

Заңдылықтарды танудан әлеуметтік жұмыстың нәтижелілігі байланысты, оларды ең маңызды, тұрақты байланыстар ретінде шығару мен тұжырымдау – жалпы ғылыми теорияның, әсіресе әлеуметтік көмек көрсету саласындағы ғалымдар мен пратиктердің маңызды міндеті. Ескерген жөн, шынайылықта бар объективті заңдылықтар ғылымда бекітілетін заңдылықтардан мазмұнының көлемі мен тіркеу формасы бойынша айырмашылығы болуы мүмкін. Мұнда мәселе осы әрбір сәтте белгілі бір құбылыстардың мәнін соңына дейін ашпайтын біздің біліміміздің толық болмауында емес. Әлеуметтік жұмыстың нақты тәжірибесінің ерекшелігі ондағы заңдылықтар кешенді түрде, әртүрлі жақтар мен элементтердің шиеленісушілігінде байқалуы, әрбірі қалғандарынан оқшау көріне алмайды. Тек теорияда ғана біздің ойлау осы сәтте маңызы жоқ жақтарды ойша абстракциялау қабілетінің арқасында талданатын қатынастарды логикалық бөліп алу заңдылықты «таза» түрінде зерттеу мен қалыптастыруға мүкіндік береді. Міне неліктен әлеуметтік жұмыс теориясының заңдылықтары туралы айтылғанда, халыққа әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің қалыптасу мен жұмыс істеу тенденцияларының көбіне идеалды орташаланған бейнесі көрсетіледі.

Әлеуметтік жұмыс заңдылықтарын шынайылық бейнесінің логикалық формасы ретінде сезімдік қабылдауға қол жетпейді. Оларды абстрактілі ойлау, әлеуметтік процестестердегі шығатын тенденциялар мен өзара тәуелділіктің көріністеріне талдау мен синтез операцияларын қолдану негізінде ғана ұғыну мүмкін. Әлеуметтік жұмыстың пәнаралық, интегративті сипаты, эмпирикалық материалдың, жекелік бақылаулардың тәжірибелік мәліметтері мен нәтижелерінің көп санын статистикалық өңдеу қажеттілігі мұның барлығы заңдылықтарды шығару мен тұжырымдауды күрделендіреді. Шынайы әлеуметтік процестерді тану дамыған, зерттеу процедураларын жетілдіре және олардың теоретикалық талдауын тереңдеткен сайын әлеуметтік жұмыс заңдылықтар жүйесі де трансформацияға ұшырайды, обьективті шынайылықты нақты бейнелеуге жақындай түседі.

Негізгі заңдылық ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен қоғамдағы әлеуметтік жұмыстың мазмұнының өзара байланысын бөліп айтуға боладыШынында, әлеуметтік жұмыстың арнайы кәсіби қызмет ретінде шығу фактісі әлеуметтік саясаттың тұрғындардың үлкен топтар, кластар, страттардан ауыр өмірлік жағдайға түскен   индивидке,   жанұяға   көмек  көрсетуге қайта бағытталумен байланысты болды. Осымен байланысты әлеуметтік даму мақсаттары мен әлеуметтік жұмыстың даму деңгейі арасындағы өзара байланысы заңды. Дегенмен, бұл аталған мақсаттар іргелі мемлекеттік құжаттарда, теоретиктер мен эксперттердің еңбектерінде едәуір түсініксіз белгіленсе де, әлеуметтік қызметтерді талдау мұндай дамудың бағытталуы туралы қорытынды шығаруға болады. Соның ішінде, әлеуметтік қызмет көрсетудің басымдықтарының белгілі бір өзгеруі, ол бірінші кезекте мүгедектер мен қарттарға көмек көрсету бойынша қызмет ретінде басталған, ал соңғы кезде қараусыз қалған және бейімделмеген балалар мен жасөспірімдерге, қауіп тобындағы отбасылар, өмірлік қиындықтарды өткеріп жатқан басқа халық категорияларына көмек көрсету жүйесі ретіндегі дамуы әлеуметтік проблемаларға мезеттік әрекет етуге қызығуды жоюдың бастау алуы, әлеуметтік даму мақсаттарының болашағын көру нышандарының пайда болуы туралы айтады.

Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік жұмыста маман және клиент басқарушылық қарым-қатынасы мен өзара әрекетін бөлуге болады. Сәйкесінше, талдауға әлеуметтік жұмыстың өзіне тән заңдылықтары бар екі деңгейі талдауға жатады: ұйымдыстыру-басқарушылық және тікелей байланыстық.

Федералды, аймақтық және муниципалды деңгейлердегі белгілі бір өкілеттілікке, белгіленген құқықтар мен міндеттерге ие, ұйымдасып рәсімделген мамандар тобының жиынтығын құрайтын тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басқару элементтері үшін қызмет келесі заңдылықтармен айқындалады: тиімді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік басқару органдар және әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесінің құрылымдық толықтығы мен аяқталғандығының байланыстылығы; әлеуметтік жұмыстың нәтижелілігінің мемлекеттік басқару органдар кадрлық корпусының санасының әлеуметтік бағдары мен қызметіне байланыстылығы; әлеуметтік жұмыс пен тұрғындарды әлеуметтік қорғау жақын және көпмерзімді мақсаттарының қайшылықсыздығы арасындағы өзара байланыстылығы және т.б.

Әлеуметтік жұмыс мақсаттарының тікелей байланыс деңгейіндегі тиімді іске асырылуы мынадай секілді факторларға байланысты болады (заңдылықтар): әлеуметтік жұмыскер мен клиенттің өзара әрекетіндегі соңғы нәтижеге ортақ мүдделі болуы; әлеуметтік жұмыскердің клиентке әсерінің тұтастығы мен кешенділігі; әлеуметтік жұмыскер маманының өкілеттік  пен жауапкершілігінің сәйкестігі; әлеуметтік жұмыс маманы мен әлеуметтік қызмет клиентінің даму деңгейлерінің сәйкестігі және т.б.

Әлеуметтік көмек көрсетудегі қызмет әлемдік және отандық тәжірибесі көрсеткендей, әлеуметтік жұмыс заңдылықтары жоғарыда көрсетілгені де, айтылмағаны да объективті сипатқа ие және өзін адамдардың ерігі мен ниетіне, оларды мамандардың білу-білмеуіне тәуелсіз көрсетеді. Әлеуметтік қызмет немесе әлеуметтік басқару қызметкерлері әртүрлі себептер күшіне байланысты бұл заңдылықтардың болуын ескермеуі мүмкін, дегенмен бұл олардың әрекеті мен әсерін жоймайды. Әлеуметтік жүйелендірудің объективті факторларын ескермеуден туындаған кері салдарды болдырмау әрқашан да тапшы болған қосымша күш, уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Міне сондықтан, әлеуметтік жұмыс маманы өзінің тәжірибелік әрекетінде оның заңдылықтарын терең және толық ескерген сайын нәтижелері тиімдірек болады.

Бірақ ескеретін жайт, заңдылықтарды теориялық білу өзімен-өзі әлеуметтік жұмыс маманының күнделікті тәжірибесінде жүйелі қолдануына кепіл болмайды. Маман-практик  кез келген нақты оғиғада әлеуметтік жағдаяттың толық теориялық анализ жасай алмайды, өзінің әрекетін мақсатты түрде әлеуметтік шынайылықтың тұрақты байланыстары мен заңдылықтарымен арақатынастылығын белгілеуі, өзінің клиенттпен карым-қатынасы жөнінде рефлекстеуге мүмкіндік болмайды. 

Сондықтан тәжірибеде көбіне, бірінші кезекте ашылған заңдылықтар негізіндегі және әлеуметтік жұмыскерге қойылатын белгілі бір талаптар тізімін білдіретін ғылым және тәжірибемен қалыптастырылған клиенттердің типтік проблемаларынан  шешім шығарады.

Әдебиеттер

  1. Губанов В.А., Захаров В.В., Коваленко А.Н. Введение в системный анализ. – Л.,

  2. Гиг Дж. Ван. Прикладная общая теория систем / Пер. с англ. – М.: Миф, 1981, 336 с.

  3. Берталанфи Людвиг фон. Общая теория систем – критический обзор // Исследование но общей теории систем: – Сб. переводов. – М.,

  4. Панов A.M. Социальная работа как наука, вид профессиональной деятельности и специальность в системе высшего образования // Российский журнал социальной работы, 1995. №1.

  5. Социальная работа. Вып. 1-10/Под ред. И.А. Зимней . – М., 1992-1994.

  6. Социальная работа: учебно-справочное пособие. – М.,

  7. Теория и методика социальной работы, В 2 т. / под ред. И.Г. Зайнышева. – М.,

  8. Топчий Л.В. Кадровое обеспечение социальных служб: состояние и перспективы развития. – М.,

Социология. Реферат. Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Социология. Реферат. Мүгедек балаларды қоғамға бейімдеу арқылы сауықтыру жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу