Жұмыссыздар саны азайып келеді

Oinet.kz 23-04-2023 4111

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының халқымен кездесіп, есеп берді.

Әкімнің айтуынша мегаполисте атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 1 жылдың ішінде 51 мың адамнан 16 мың адамға дейін қысқарған. Бұл мемлекет тарапынан атқарылып жатқан халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесі. 

сайт 85 фото.jpg

Айта кету керек Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласында 2022 жылы 65 799 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның ішінде 7 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына жолданса, 18 азамат кәсіптік қайта даярлау курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Осының нәтижесінде 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 51 мыңнан асса, 1 жылдың ішінде 16 мың адамға дейін қысқарған. Халықты жұмыспен қамтуға әсер ететін сектордың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен 5 өндірістік аймақта орналасқан. Бірақ, бұл аймақтардың 90 пайызы зауыт-фабрикаларға толып тұр. 

Қалаға инвесторлардың көптеп келуін, сол арқылы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңадан 3 индустриалды аймақ ашылып, 2 аймақ кеңейтіледі. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен көлік-логистикалық орталығының аумағын кеңейтілмек 

Қала әкімінің халықпен кездесуінде білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету және өзге де бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндалды.


Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Балық шаруашылығы өркендеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу