Балық шаруашылығы өркендеуде

Oinet.kz 23-04-2023 3487

Бүгінгі таңда қала аумағында балық шаруашылығымен айналыстан 5  шаруашылық бар. Оларда жайын (сом) және тұқы (карп) тұқымдас балық түрлері өндіріледі. Олардың ішінде ең үлкен шаруашылықтардың бірі - «Алина» шаруа қожалығы.

сайт 86 фото.jpg

Аталған шаруашылық 2019 жылдан бастап 300-500 тонна аралығында африкалық сом және тұқы (карп) тұқымдас балық өндірумен айналысуда. Өндірілген балық өнімдері қаланың мейрамханалары мен балық сататын дүкендерде және бөлшек сауда орындарына жеткізіліп, сатылуда.

Аталған шаруашылыққа Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.

Атап айтқанда, 2022 жылы балық өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарының 30 (отыз) пайызы мемлекет тарапынан өтелді.

Алдағы уақытта «Алина» шаруа қожалығы өндіріс көлемін үлкейтіп, құрама жем шығаратын цех салуды жоспарлауда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап кластерлік жоба аясында, шаруашылық өндірген балық шабақтарымен бірге балық азығын қала аумағында балық шаруашылығымен айналысуға қызығушылық танытқан жеке қосалқы шаруашылықтарға беріп, балық өсірушілер санын ұлғайту арқылы саланы дамыту жоспарлауда.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда өсірілген балықтар қайтадан бастапқы балық өндіруші шаруашылыққа өткізіліп, соңында балық сататын дүкендер мен экспортқа жөнелтілетін болады.

Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда.


Жұмыссыздар саны азайып келеді
Кенеге қарсы энзоотиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу