Созақ көтерілісінің сардары - Салықбай мерген

Screenshot_10.jpg

Көне Созақ өңірі талай тарихи оқиғалардың куәсі болған. Соның бірі 1930 жылы 5-ші ақпан айында болған күрделі оқиға-Созақ кетерлісі еді.Оны басқарған хан -Сұлтанбек Шалақұлы болса бас сардары-өзінің батырлығымен ,үлт-жандылығымен, қүралайды кезге атқан мергендігімен аты аңызға айналған Салықбай мерген еді.Салықбай мерген 1890 жылы Сарыарқаның төсінде жатқан Жетіқоңырда дүниеге келген. «Халық жауы» атанған жазықсыз жазаланған аяулы азамат жайлы негізгі деректі Салықбайдың жақын туысы Шымкент қаласының тұрғыны, зейнеткер Жақай Үсенбайүлынан білдік. Салықбай Аралбайдан туған болса,Жақай оның інісі Үсенбайдан туған.
Көтеріліс кезінде мен 8 жасар (1922жылы туған) бала едім,-дейді Жақай. -Салықбай көкем оқ-дәрі жасап жатқанда топырлап жанында отыратынбыз. Қорғасынды жалпақ нанға уқсатып қүйып алып, табаның екі бетінің арасына салып айналдыратын. Осылайша домалақ бытыралар жасайды. Мылтықтың дәрісін де өзі дайындаған. Оқ-дәріні алдымен әртүрл қашықтықтағы заттарды атып сынап көреді, оқ ауытқитындай болса, қарауылын жөндейді екен. Салықбай мылтығының жерге тіреп қоятын аяғы болған. Мерген аңға шыққанда, киіктердің терісі бүлінбесін деп, тек артқы қос аяғынан көздейді екен.
Жақайдың әкесі Үсенбай 1934 жылы Шымкентке таяу Қызылкөпір деген жерде қайтыс болды. Шешесі балаларын Арыс қаласындағы балалар үйіне тапсырады. Жақай 1940 жылы Ташкенттегі медучилищеге түсіп, 1941 жылы соғыс басталуына байланысты екі жылда бітіріп шығады.
1943 жылы Созақ аудандық медицина бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болып істеген. Сол кездері аудан орталығы Шолақорғанға таяу жердегі Жеткіншек аулында Салықбайдың айелі Ұлбаланың, қолында түрады. Жақай жеңгесінен және көз көрген ауыл адамдарынан Салықбай көкесінің көтеріліс басталғаннан кейінгі өмірі жайлы сүрап біледі. Созақ оқиғасы озбырлық пен әділстсіздікке қарсы күрес болған.
Қозғалыс басшыларының тәжірибесіздігінен, оның құпиясы ұзақ сақталмай, өкімет орындары тез сезіп қояды. Сөйтіп олар көтерілісті мерзімінен бұрын бастауға мәжбүр болады. Жер-жермен толық байланысуға үлгермейд!. Көтерілісшілер Созақты алады. Ал Салықбайға Қаратаудағы Түркістаннан келетін негізгі асуды бақылау тапсырылады.
Созақтағы жагдайда Түркістандағы басшыларына хабарлап, олардан қарулы көмек алып қайтқан ОГПУ-дың Созақтағы өкілі Тыныштықбаевтың
тобымен (шамасы 13 адам ) Балықшы асуында кездесіп, Салықбай мергендері жеңеді. Жаппар Тыныштықбаев та осы қақтығыста оққа ұшады. Бүл хабарды естіген Сұлтанбек хан негізгі күштерімен Қаратауға бет алды. Осы кезде Түркістаннан шыққан Исаев баскарған әскери топ Қоғаштық деген жерде Сұлтанбектің негізгі қолымен кездесіп, алғашқы шайқас болады. Онда екі жақтың да бірде-бірі айқын басымдық таныта алмайды. Мылтықпен,пулеметпен қаруланған Исаевтарға Қызылордадан көмекке Поляков басқарған топ және Ташкенттегі әскери училищеден Малышов бастаған курсанттар келіп қосылады. Осыдан соң ғана көтерілісшілер кері шегінеді де Салықбай басқарған мергендерді тосқауылға қалдырады. Тосқауыл кезінде Қасым, Бекболат, Жанділдә, Нүрпейіс, Жәкен, Иса, Сәкен, Әбжаппар сынды мергендер ерлікпен қорғанады. Осы қақтығыста Салықбай да өзінің асқан мергендігін көрсетеді.
Орыс әскерлері Салықбай мергеннің адамдарының соңынан қуады. Әсірссе орыстың бір офицері қуып жақындайды, Салықбайдың аты шаба алмай қалады. Жолдастары өздерінің атына мінуін ұсынады, сен құтыл дейді. Бірақ Салықбай оған көнбейді. Салықбай аттың тасасында түрып асықпастан орыс офицерін атып түсіреді. Орыс офицерінің аты Салықбайдың жанынан өтіп бара жатқан кезде, ол тез жылдамдықпен дұшпанның атына мініп жолдастарына қосылады.
Өкімет орындары қашқындарды ұстауға жасақтар шығарады. Олардың ішінде қатыгездігімен аты шығып, халық «Кәпір Муса» атаған белсенді ерекше көзге түседі.Осы топтармен Салықбай мергеннің адамдары талай рет бетпе-бет келеді. Жер жағдайын жақсы білетін Салықбай адамдары қаша урыс салып,құтылып кетіп жүреді. Бірақ келешекте ұрпаққа зияны тиеді деген ауыл ақсақалдарының өтінішін аяққа баса алмай, елдің тыныштығын сақтау үшін үкіметке өз еріктерімен беріледі. Тұтқындалған Салықбайдың адамдарын солдаттар ұстап алып түрмеге алып кетеді. Салықбай мергеннің үсталғанына байланысты ел аузындағы өлеңнің кейбір жолдары былайша айтылыпты:
Атқа салдым пыстанды,
Көтердің Алла дүшпанды.
Естіген жұрт дүға қыл,
Салықбай мерген ұсталды. Содан Салықбай он жылға сотталып, Беломор-Балтық каналын салуға қатысады. Түрме басшылары оны сынау үшін бірде:
-Мергендігіңді көрсет,-дейді.
Салықбай сонда алыс қашықтықтан тиынды атып түсірген екен. Басшылар оған риза болып, қолына мылтық беріп аң аулауға шығарады. Түрмедегілер бұрын етке жарымай келсе, енді молшылық болып, ол жердегінің барлығы Салықбайды құрмет тұтады. Сөйтіп «Беломор-Балтық каналының қүрметті құрылысшысы» дсген белгі беріп, мерзімінен бурын 1935 жылы еліне қайтарады.
Салықбай мергеннің өмірінің соңғы кезеңінің қалайша болғандығын өз көзімен керген, көп жыл бойы Созақ ауданында партия, кеңес қызметінде болған, зейнеткер Елберген Жүсіпұы (1922 жылы туған) былай баяндайды:
-Менің 14-15 жасар кезім еді, Салықбай мергеннің атына қулағым қанық болғанымен, өзін алғаш рет көруім. Бойы ортадан жоғары, мығым денелі кісі екен, - дейді Елберген ақсақал.
Салықбай мерген егілген ағаштарға қарап, әрі суарып жүреді. Елберген болса егістің қарауылы. Екі үй де күркеде тұрады. Салықбай өзінің айдауда Беломор-Балтық каналында болып, жақсы қызметі үшін «Беломор-Балтық» каналында «Қурметті қурылысшы» белгісін алып елге мерзімінен бұрын оралғанын әңгімелеп жүреді. Салықбайдың ауылына жасқанбай келуіне осы «атағын» бел тұтынғаны да себеп болса керек. Бірақ жергілікті белсенділер бул жағдаймен есептеспейді. Олар келіп: «Сені мерген болған дейді» деп айналдыра бастайды. Ұлбала жеңгей Салықбайдың атын атамай «отағасы» дейді екен. Бірде Ұлбала жеңгей ауылды аралап, жылап жүріп: «отағасыны үстап әкетті, не болғанын білсеңдерші!»- дейді жалбарынып. Арада екі күн откеннен кейін су мурабы болып істейтін Әліпті де ұстап әкетеді. «Арада біраз күн өткенде Салықбай мен Әліпті атып тастапты деп естідік», - дейді Елберген Жүсіпүлы. Бұл оқиға 1937 жылы болған еді. НКВД-ның атын бағатын қария (атын айтпауды өтінді) Ұлбала мен оның жақын ағасы Досмағанбетке келіп: «түнде НКВД-ның бір белсендісі мені ертіп алып, Жеткіншектің Созақ жағындағы сайға Салықбайды апарып атты. Салықбай өзін ататын адамның атын атап:
-Мен сенің не істегелі келе жатқаныңды білемін. Екі бас намаз оқып алайын, сонан соң ісіңді бітіресің, дейді. Бұл ер Салықбайдың соңғы сзі еді.
Ұлбала Биробижанда болғанда туған жерге тезірек жету үмітімен, денсаулығының нашарлығына қарамастан, тынбай еңбектенгенге үқсайды. Ол туралы мынадай қосымша дерек бар. Көп жыл бойы Созақ ауданы көлемінде әp салада қызмет атқарған қазір зейнеткер Шойынбаев Әбітай бір оқиғаны еске алады. Мектепті бітіргеннен кейін ол алғашқы кезде Созақ аудандық прокуратурасында хатшы болып қызмет істеген. Аудан прокуроры Сасықбаев деген болады. 1949 жылы Биробижандағы Ұлбала жұмыс істейтін мекеменің
кәсіподак, ұйымы Ұлбала жұмыс істейтін мекеменің кәсіподақ ұйымы Ұлбала жайлы жақсы мінездеме жазып, өнегелі еңбегі үшін оны туған жеріне қайтаруға болатындығын айтып, жергілікті прокуратураның келісімін сұрайды. Прокурор Сасықбаев хатқа жауап қайтару үшін Салықбаймен және Ұлбаланы білетін адамдарды шақырып, осы жайлы пікірлерін сұрайды. Бірақ, ол сөзін ызғарлы кейіппен айтқандықтан, шақырылғандардың «келсін» деуге батылы бармай, күмілжіп қалады. Осыдан кейін Сасықбаев «кеңес өкіметіне қарсы шыққан халық жауының әйелін елге қайтаруға жатпайды» деп жауап қайтарады.
Салықбайдың әйелі Ұлбала 1948 жылы Сібірге жер аударылады. Жақай институтта оқып жүргенде жеңгесі Ұлбаламен хат жазысып, хабарласып түрған. Ұлбаланы Хабаровск өлкесіндегі Еврей автономиялы облысының орталығы Биробижан қаласына алып барған екен. Сонда жүмыс істеген. Жақайға жазған хаттарында жеңгесі: «Саған сағат, киім алып қойдым, ақша жинадым, келіп алып кетесің бе?» дейді екен. Алайда заман қиыншылығы Жақайдың жеңгесін іздеп барып қайтуына ерік бермеген.
Ұлбала 1953 жылы қайтыс болып, Биробижанда жерленеді. Бүл жайлы Жақайға Созақ өңірінен сол жаққа жер аударылып барған адамдар хабарлайды. Созақ оқиғасы жайлы жазушы Д.Досжанов, тарихшы Г.Омарбеков, М. Рүстемов қалам тартты. Бірақ Созақ оқиғасы әлі күнге ғылыми турғыдан терең зерттеліп, өзінің толық саяси бағасын ала қойған жоқ.
Сүлеймен Тәбірізұлы,

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Созақ ауданының қүрметті азаматы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балаларға арналған логикалық сұрақтар (жауабымен)
  • Киіз үй құрылысы
  • Сырым Датұлының шешенді жеңген тапқыр жауаптары
  • Күз туралы шығарма
  • Әлемдегі ең биік әткеншек
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика