Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 28-08-2019 2692

Screenshot_2.jpg

             Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.

Қазақ жерінде білім беру ісінің көшбасшысы ретінде белгілі ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсин өмірбаяны мен шығармашылығы қазіргі кезеңге дейін әр қырынан ғылыми зерттеулердің нысанына айналған. Өткен XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап-ақ Бүкілроссиялық география қоғамының Орынбор қаласындағы бөлімінің мәжілістерінде Ыбырай Алтынсарин мақалалары талқыланып, басылымдар беттерінде басуға рұқсат етіліп, «Оренбургский листок» «Айқап журналы», «Дала уәлияты» газеті беттерінде, кейінірек «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақ әдебиеті» және т.б. газеттерде «Халық мұғалімі», «Большевик Казахстана», «Блокнот агитатора», «Вопросы Истории» журналдарда бірталай мақалалар мен жекелеген зерттеулердің жарық көргені де белгілі. «Айқап» журналының бірінші нөмірін Ыбырай Алтынсарин өлеңімен ашқан болатын. Ыбырай Алтынсариннің еңбектері Қазан төңкерісіне дейін үш рет жеке кітап болып басылса, кеңестік дәуірде ондаған жеке кітаптар, жинақтар болып, антологиялар мен христоматияларға, оқулықтарға енді. Бұл еңбектер ҚазКСР ОМ мұрағатының, 1885-1890 жылдар аралығын қамтыған 733, 4, 1692 қорларындағы деректерге және Орынбор облысының мемлекеттік мұрағатындағы 1846, 1862-1864 жылдарды қамтитын 6 қордағы мәліметтерге негізделіп жазылған. Олардың ішінен Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты ғалымдарының жан-жақты жиыстырып, кең көлемде шығарған Ыбырай Алтынсарин еңбектерінің үш томдығын айрықша атап өту парыз. Ұлы ұстаздың орыс тілінде басылған бұл еңбектері өткен ғасырдың 70-жылдары «Ғылым» баспасында жарық көрді.

 Ыбырай Алтынсарин еңбектері мен шығармашылығы туралы

Дегенмен Ыбырай Алтынсаринның еңбектері мен шығармашылығы толық зерттелген десек артық айтқандык болар еді. 1884 жылы Қазан университетінің типографиясында араб әрпімен жарық көрген, 1894 жылы Орынбор қаласында орыс таңбасымен кайта басылған «Шариат ул ислам» («Мұсылманшылықтың тұтқасы) атты кұнды еңбегі кеңес дәуірінде солакай саясаттың кесірінен аты да аталмай келді. Тек касаң қағидалардан арыла бастаған кейінгі жылдары ғана «Қазақ әдебиеті» газетінің беттерінде үзінділер жарияланып жүрді. Ал бұл еңбектің назардан тыс қалып келе жатқанын, оны терең зерттеу қажеттігін, құндылығын жаңа көзқарас тұрғысынан бағалаған әдебиет зерттеушісі Ш. Сотбаева еді. Ғалым өзінің «Эгзегетикалық дәстүрге үлес» атты мақаласында аталмыш еңбектің құрылымы мен мазмұнына талдау жасай отырып, тәрбиелік мәні мен тағылымына тереңірек үңілді. Ертедсгі зерттеулер ішінде ағартушы туралы замандастарының жазған естеліктерінің мәні зор. Н.И. Ильминскийдің, Ф.Д. Соколовтың, А.Мазокиннің, ізбасары Балғымбаевтың естеліктері Ыбырай Алтынсарин туралы маңызды мәліметтер беріп, оның кісілік келбетін, ұстаздық тұлғасын әр қырынан танытады.

 Торғайда Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеп

Жалпы бүгінгі таңға дейін Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы тарих, филология, педагогика, психология, этика тәсілімен ерекшелінетін қазақ зиялыларының ішіндегі бірегей тарихи тұлға екендігі, зор қайраткерлігі С. Аспандияров, М. Әуезов, Б. Кенжебаев, Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов, Б. Ысқақов сияқты ғалымдар мен жазушылардың зерттеулерінде жан-жақты зерделеніп сомдалды. Ыбырай Алтынсаринды сыншыл реализм рухында жазылған көркем шығармалары арқылы жаңа туындап келе жатқан көркем қазақ әдебиетінің бесігін тербетіп, оң сапарға жол көрсеткен біртуар ретінде бағалап, шығармалараның тілдік ерекшелігін зерттеген ғалымдардың қатарын С. Сейфуллин, Қ. Жұмалиев, С. Талжанов, Қ. Жармағамбетов, С.Ш. Хасанова құрайды. Белгілі түрколог А. Самойлович «Түркі халықтарының әдебиеті» атты зерттеуінде Ыбырай Алтынсаринді жас қазақ әдебиетінің негізін салушы деп таниды.

 Әдебиет зерттеушісі, филолог ғалым С. Әсіпов «Ұлы ұстаз» мақаласында оның ағартушылық, педагогикалық еңбегіне тоқталып кітапхана ісінің негізін қалаушы екендігін ерекше атап көрсетті. Педагог ғалым Ә. Ламашев «Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары» атты еңбегінде оның өмірі мен қызметіне талдау жасай отырып, қазақ даласында ашылған уезд орталықтарындағы мектептерді уездік не қалалық деп атап, оларға Россия мектептерінің праволарындай құқық беруді Ыбырай Алтынсарин Орынбор округі алдына әлденеше рет қойғанымен, бірақ оның сұрау тілектері аяқсыз қалды деп ағартушы арманының асқақтығын көрсетеді. Сондай-ақ ол Ыбырай Алтынсаринді қыздарға білім беру мен жалпы кәсіптік білім берудің іргетасын қалауды және салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұңғыш ұйымдастырушысы ретінде көрсетеді. С. Ешімхановтың «Ұстаздан ұлағат, ұлыдан өнеге» атты мақаласы Ыбырай Алтынсариннің мектептер жанынан физика, химия кабинеттерін ашып, дала балаларын алғаш рет барометр, микроскоп, электромагнит, телеграфтың жұмыс істейтін модельдерімен, ғажайып шам, әр түрлі коллекцияларымен таныстырған ағартушы ғалым ретінде танытуымен ерекшелінеді.

  Ыбырай Алтынсарин әлеуметтік және ақындық ортасы

  Ыбырай Алтынсарин үлгі алып өскен қазақтың мұхиттай көл-көсір ауыз әдебиетінің сыртында Қостанай, Торғай өңірінде оған әсер еткен ақыңдар, өнер адамдары, шешендер Өскемен шектелмесе керек. Оны іздеу, зерттеу кезегін күтіп тұрған елеулі танымдык маңызы бар мәселенің бірі. Өйткені Өске акынды да жақында ғана танып, білдік кой. Ыбыраймен замандас, аралас-кұралас жүрген ақындар тобы өкілдерінің бірі Сейдахмет Бейсенұлы (1841 — 1912 жж.). Жергілікті жұрт оны арғы аталарының есімімен «Таңат Сейдахмет ақын» деп те атайды. Сейдахмет мұсылманша оқып білім алған адам.

Сейдахмет сауаттылығымен бірге атакты зергер, құралайды көзге атқан мерген, елге сыйлы, әзіл-оспаққа шебер, өткір тілді адам болған. Хан да, кара да оның сөзін жерге тастамаған. «Олжалап ер кұнын да алған жерім» дегені соны айғақтайды. Сейдахмет өлеңді ауызша да, жазып та шығарған. Өлеңдерін үлкен кітап етіп жинап отырған. Ол елге үлгі, өнеге боларлық шығармалар, дастандар, мысалдар, жұмбақ өлендер жазған. Бұлардан Ыбырай Алтынсарин әсерін көру киын емес. Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы шыққан хрестоматиясында Сейдахметтің «Бір нашардың әділ төреге айтқаны» деген өлеңі жарияланған. Мұңдағы әділ төренің Ыбырай Алтынсарин екендігін оның шәкірті Ә.Балғанбаев дәлелдеген. Ал академик Кажым Жұмалиев «XVIII — XIX ғасырлардағы казақ әдебиеті» деген кітабында (Алматы. Мектеп, 1967 жыл) жоғарыдағы деректерді келтіре отырып, ағартушының Сейдахметпен карым-қатынасын дәлелдейді. Ыбырай Алтынсарин жайында көп жазылғаны, еңбектерінің егжей-тегжейлі зертгелгені рас. Алайда оның айналасындағы адамдар туралы еңбектер әлі де аз. Барларының өзі, Ыбырайдың орыс достары кімдер еді, олар кімдердің сойылын соқты, шын ниеттері қандай еді, бәрі Кеңес дәуірінің солақай саясатына орай бұрмаланып жазылды.

Мәселен, Э.Дербісалиннің «Ыбырай Алтынсарин» деген зерттеу еңбегінде: «1923 жылы «Шолпан» журналында (№6, 7, 8) жарияланған «М» дегеннің (М.М. Әуезовтің бүркеншік есімі — С.О.) «Ыбырай Адтынсарыұлы» атты мақаласында ағартушьшык өмір жолына байланысты бірсыпыра қажет деректер келтірілгенімен оның творчествосына негізінен теріс талдау жасалды», — делінеді. Шындығында бұл Әуезов мақаласындағы коммунистік идеологияға «жат» ойларынан туындаған бұрмаланған теріс пікір еді.

Абай Құнанбайұлы. Қысқа өлеңдер жинағы
Абай Құнанбайұлы. Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу