Шығарма. Тазалық – денсаулық кепілі

Oinet.kz 01-01-2020 18466

Тазалық адам организмі үшін аса маңызды пункт. Бізге тазалықты бала күнімізден үйретіп келеді. Тіпті бала туылғанда оны 40 күн шомылдырады. Күнде таңертең кешке жуыну ол біздің сау болуымызға бағытталады. Егер де қолымызды тамақтанбастан бұрын жумайтын болсақ, зиян бактериялар біздің ағзамызға түсіп, ауруға ұшыраймыз. Сондықтан да тазалық - денсаулықтың кепілі саналады. 

Znalezione obrazy dla zapytania чистота

Мынадай бір жақсы сөз бар "тазалық жинап таза ұстайтын емес, шашпай таза ұстайтын жерде" деп айтып жатады. Тазалық өте жақсы қасиет. Бала күнімізден тазалыққа бейім болып өскеніміз абзал. Тек өзімізді ғана емес, айналамызды да таза ұстасақ игі. Ешқашан көшеде жан-жағымызға қоқыс тастамауымыз қажет. Тауға барсақ та, айға барсақ та тазалық бірінші орында екендігін ұмытпайық. 

Тек үйімізде ғана емес, мектепте де тазалыққа баса көңіл бөлейік. Ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігіндей болуы керек. Тіпті білесіздер ме, бесік те баланы жастайынан тазалыққа баулиды екен. Бесікте жатқан бала таза жатады екен. Вирустардан аулақ болады екен. Әсіресе жатар уақытымызда тісімізді, аяқ, қолымызды тазалап жатқан абзал. Сонымен қатар жатар орнымыздың да тазалығына көз жеткізейік, төсек орынымызды аптасына бір рет тазалап отырғанымыз абзал. Ал тісті күніне екі рет тазалау қажет. Бұл пунктілердің бәрі өте маңызды.

Шығарма. Тәуелсіздікке 30 жыл
Ұлттық спорт түрлері шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу