Отан. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 1130

Отан - менің жүрегім,

Отан - менің тірегім.

Отаныма еркелеп,

Шалқып басып жүремін.


Отан - менің баспанам,

Отаным! - деп мақтанам.

Тәуелсіз туын көтерген,

Отаным үшін шаттанам.

Отаным менің - кең байтақ,

Жерұйығым тұр жайнап.

Күннен күнге құлпырып,

Гүлденіп өскен бар аймақ.


Саясатын қолдаймын,

Отанымды қорғаймын.

Гүлдене берсін Отаным,

Ыстық сәлем жолдаймын.


Тәуелсіз туын көтерген,

Егемен елім жасасын!

Әлемге тегіс танылып,

Талайларды басып озсын.

Серік Дербісбаев

Алатау туралы шығарма
Көркем мінез туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу