Алатау туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 34555

Іле Алатауы - Алматы қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан биік тау жотасы.Тау етектері өте керемет көрініске ие. Орман, ағаш, көл тап бір картинадан шыққандай әсер береді. Iле Алатауы қатарынан орналасқан тау жоталарының халық ұғымындағы жалпылама атауы. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. 

Znalezione obrazy dla zapytania Алатау тауы

Мұнда көбінесе елге турист болып келген шетелдіктер көптеп барады. Алатау таулары - Қазақстандағы табиғаты ең тамаша мекендердің бірі. Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Жетісу табиғатына байланысты жер жәннаты Жетісу деген атқа ие. Ол жер таулы мекен болғандықтан суы да, ауасы да таза, адамға жан рахатын сыйлайды. Тау етегіндегі тыныштыққа батып кеткің келеді. Керемет көңіл күй мен жаңа серпін сыйлайды.

Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатауды одан әрі ерекше сипатқа ие ететіні белгілі. Бұл өлкелерде ауа-райы да өте қолайлы болады. Сондықтан болар ескілері қазақ аталарымыз осы таудың етектерінде мал жайған.

Сонымен қатар бұл өңірлерде пайдалы қалбалар өте көп. Ал суы шипалы екен. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім. Таудың суретіне бір қарасаңыз еріксіз өзінің жұмбақ әлеміне алып кетеді. Іле Алатауы Қазақстанның құнды жері саналады. Еліміздегі осында керемет мекендердің бүгін де басты назарда екендігі көңіл қуантады.

Төлеубек Аралбай. Естелігінен
Отан. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу