Оңтүстік - өнер аймағым. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 990

Оңтүстік - өнер аймағым,

Желбіреткен байрағын.

Әкелдік мына байқауға,

Қаржыгерлердің «қаймағын».


Оңтүстігім киелі,

Қасиетін халық біледі.

Өнерлі жасты қолдасын,

Арыстан баб баба жүрегі.


Ғалым, ақын жетерлік,

Таң қалар, тіпті, шетелдік.

Тәрбиелі ұрпақ өсіріп,

Парызымды өтелік.


Басыңнан бақ кетпесін,

Жақсылық бізге беттесін.

Егемен елім марқайып,

Несібесін ешкім төкпесін.

Серік ДЕРБІСБАЕВ

Оңтүстігім - айбыным. Өлең
Бурабай туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу