«Ағамыз жақсы жүзеді екен»: Желіде Мұхтар Мағауиннің Түркиядағы видеосы тарады

Oinet.kz 25-09-2023 343

Желіде жазушы Мұхтар Мағауиннің Түркияда суда жүзіп жүрген видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл видеоны журналист Қорғанбек Аманжол Facebook-парақшасында бөлісті. 

Screenshot_40.jpg

"Түркияда, Кемерге келіп жетті, Қуаныштан жанға шуақ жағайын! Жақсы жаңалықты сүйіншілеген - Қуанышбек бауырым. Желіге салған хатшысы Қорғанбек АМАНЖОЛ деп біліңіздер... Енді Мұхтар Мағауин ағатайым мұхиттың ар жағында емес, "Ассалаумағаләйкүміңіз" әп-сәтте жететін жақын жерде, жамағайын елде екеніне қуанып жүріңіздер!" - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары жазушыға амандық тілеп, пікір қалдырған. 

"Тәңір ұлттың ұлы қаламгеріне қуат берсін!" "Ағай, қош келдіңіз! Ел іші алтын бесік дейді ғой. Елге келгендей қуанып қалдық. Амандық, денсаулық тілеймін", "Заманымыздың заңғар жазушысы. Аман да, есен жүріңіз", "Ұлағатты ұстазым, Әдебиет айдынының тереңіне сенім атты қайыққа отырғызып, еркін жүзіп кетуге сәт-сапар тілеп, желкенімді қуатты Рухы керней жебеген асыл Аға аман жүріңіз!" "Ағамыз жақсы жүзеді екен Ұлы тұлғамыз ғой! Аман-есен болсын!" - деп жазған олар. 

Еске салайық, бұған дейін жазушы Мұхтар Мағауиннің Түркияға көшкені хабарланған еді. 

Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков Facebook-парақшасында бөлісті. Сапарбек Нағашыбековтің айтуынша, Мұхтар Мағауиннің ұлы Түркияда тұрады. Оған қоса, қария Қазақстанға жақын көшкісі келген.

«Бізде хиджаб киюге рұқсат берілсе, ары кетсе Ауғанстан ғана шығады»: Әлішер Рахат
Күрең айғырдың шыңғырған дауысы әлі құлағымнан кетпейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу