«Бізде хиджаб киюге рұқсат берілсе, ары кетсе Ауғанстан ғана шығады»: Әлішер Рахат

Oinet.kz 25-09-2023 550

24 қыркүйекте Шам театры Иран конференциясы атты қойылымының тұсауын кесті. Кейіпкерлері «Екі күш күресіп жатыр: Алла мен Coca Cola» деп сөйлейтін конференцияда екі түрлі түсініктің қақтығысы туралы сөз болады.

Screenshot_37.jpg

Соңғы уақыттары мектепте хиджаб кию мәселесі қатты талқыға түскені белгілі. Танымал ақын Ринат Зайытовтың «Қазақстанда алаяқтықтың 80 пайызын жасап отырған қауым - намаз оқитындар" деген мәлімдемесі де қоғамда дау туғызды. Бір топ Ринат Зайытовты қолдаса, енді бір топ қарсы пікір айтқан.

Қойылымның дәл осы уақыттарда «діни дәстүршілдік» пен «гуманистік рационализм» түсініктерінің қақтығысын сахнаға алып шығуы сәйкестік пе? Қойылымды қазақ тіліне аударған жазушы Алишер Рахат жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

«Бұл көктемнен бері дайындалып жатқан қойылым. Жәй сәйкестік қана. "Мектепте хиджаб кию" тамыздан бері қатты талқыланып жатыр ғой. Ол кезде мен ойымды ашық айттым. Біз зайырлы мемлекетпіз. Мектеп оқушысына хиджаб кигізуге мен өте қарсымын.

Біз Англия емеспіз. Англияда рұқсат береді. Себебі, олар империя. Біз кішкентай ғана мемлекетпіз. Бізде хиджаб киюге рұқсат берілсе, ары кетсе Ауғанстан ғана шығады. Ауғанстаннан екі есе нашар мемлекет шығады. Адам 18-ге толсын. Одан әрі хиджаб кие ме, басқасын кие ме ол өзінің еркі. Және де мен мектепте қысқа кию, шаш бояу секілді дүниелерге де қарсымын. Мектепте бір форма болу керек. Сол тәртіпке бәрі бағыну керек", - дейді жазушы. 

"Қойылымдағы Иран еліндей ахуал біздің елімізге де орнауы мүмкін деген қауіп бар  ма?" деген сауалға:

"Менің ойымша, бізде әсіредіншілдік өте қатты науқан алып кеткен. Оны дінді көп насихаттаудан байқауға болады. Телеарнада, жалпы кез келген әртіс насихаттап жатыр. Соның салдарынан оң мен солын ажырата алмайтын мектеп жасындағы балалар діни пропаганданың ықпалына түсіп қалып жатыр. Дей тұрғанымен де мемлекетке төніп тұрған тікелей қауіп жоқ қой деп ойлаймын. Қауіп төнген жағдайда Өзбекстандағыдай бізде хиджаб пен сақалға тиым салуы мүмкін.

Дін ұстанатын адам болсын, атеист болсын ортақ бір компромисске келуіміз керекпіз. Соны режиссер де, автор да көздеген сияқты.

Кім діни сенімін ашық көрсетіп және соны сарттар сияқты сатады... Яғни намаз оқитынын айта отырып турларды, жайнамазды сатады. Бұл менің ойымша сарттық, саудагерлік. Құдайын сату деген меніңше осы. Біздің қоғам дәл қазір осымен ғана айналысып жатыр. Имамдар дінді насихаттай алады. Себебі, оларда теологиялық білім бар. Ж. Руми айтқан «Сенің Құдаймен қарым-қатынасың - сенің әйеліңмен төсекте жатқаныңнан да құпия болуы керек» деген", - деді.

"Иран конференциясының" авторы танымал драматург Иван Вырыпаев. Бұл бұған дейін Ресейде орыс тілінде қойылып келген туынды болатын. 

Қазығұрттың Қабылбегі
«Ағамыз жақсы жүзеді екен»: Желіде Мұхтар Мағауиннің Түркиядағы видеосы тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу