Өскелең өрендер жазған ертегілер

Oinet.kz 24-10-2023 198

Шымкент қаласында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен республикалық «Ақылдым» журналы бірлескен балаларға арналған іс-шара өтті.

Screenshot_15.jpg

«Ақылды балаға – сыйлыққа «Ақылдым» облыстық акция-байқауына 20 үміткер топ қатысып, бақ сынасты. Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде балалар «Ақылдым» журналы туралы ойымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірсе, екінші кезеңде еркін тақырыпта қиял-ғажайып ертегі жазды. Ал үшінші кезеңде жетекшімен бірге қабырға газетін жасап, қорғап шықты. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені З.Космодемянская атындағы №23 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Айдар Әмина иеленсе, 1-орынды Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Мәжит Мәлика, 2-орынды З.Космодемянская атындағы №23 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Қабылбек Аңсар, ал 3-орынды №138 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Тұрысбек Айзере жеңіп алды. Ал байқауға белсене қатысқан оқырмандар ынталандыру сыйлығымен және алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. 

Байқаудың мақсаты – кішкентай оқырманды кітаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сонымен қатар баланы ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, жан дүниесінде сезімталдықты орнату үшін оны рухани тұрғыда тәрбиелеу, ояту, санасына шабыт беру, сөз бен ойдың сұлулығының негізі кітапта екенін ұғындыру.

«Ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу – ол әрбір кітапханашының басты міндеті», – деді кітапхана директоры А.А.Құдайбергенова. Сондай-ақ тек қана кітап емес, сонымен қатар балаларға арналған түрлі мерзімді басылымдар да өз оқырманының жүрегінен орын алып, білім нәрімен сусындатып отырғанын тілге тиек етті.

Аталған байқаудың екінші кезеңі бойынша өз қиялдарына ерік беріп, ертегі жазған 23 оқушының еңбектерін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

№78 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Айзере Кемелбектің «Алтын құс» ертегісі:

Ерте, ерте ерте екен. Ешкі жүні бөрте екен. Баяғыда бір кедей болыпты. Әкесі жылқышы, анасы балаларына қарайды. Жылқышы жылқыларын бағып жүргенде таудың басынан бір әдемі жарықты көреді. Ол бірақ біраз уақыттан кейін сөніп қалады. Күндердің күнінде жылқышы байдың жылқы етем деп жүрген жылқысын жоғалтып алады. 

Жылқышы: – Ай, қап басымай, бай бізге ұрсатын болды, – дейді. Ол күн демей, түн демей жолға аттанады. 

Жылқышы жарық шығатын жаққа қарай бет алды. Бір қатты дауыс шығады. Не екен деп дауыс жаққа қарай барады. Ол жерде алтын құстың жұмыртқалары тұр екен. Алтын құстың балапандарын жылан айдаһары жемекші екен. Ол жылда жұмыртқаларын жеп кетеді екен. Алтын құс айқайлап, төбеге көтеріліп төмен түседі. Жылқышы жаны ашып, Алтын құсқа көмектеседі. Жылқышы жылан айдаһарымен алысады. Жылан айдаһарды жеңеді. Жылқышы жылқыларын іздейді. Сол мезетте жоғалтып алған атының дауысы шығады. Алайда, жылқының дауысы жоғала бастайды. Ол осы жерлерде жүрген шығар деп ойлайды. Бірақ ол жерден ештеңе таба алмады. Үйіне көңілсіз келсе, жаңағы жоғалған жылқы жылқылардың арасында екен. Жылқышы қуанғанынан тұрған орнында секіріп жіберді. Көңілі орнына түсіп, ұйықтауға барып жатады. Таңертең жайлауға баратын уақыт болғанда есікті ашса, ат басындай алтын жатыр екен. Жылқышы не қуанарын, не жыларын білмеді. Ол ары ойланып, бері ойланып жайлауға шығып кетеді. Түстерге таман оған Алтын құс келеді. Бір кезде Алтын құсқа тіл бітіп кетеді.

– Ей, адамзат, жұмыртқаларымды құтқарғаның үшін рахмет. Сыйлықтарымды аз да болса көптей көр, – деп алыс жаққа ұшып ғайып болады.

Жылқышы малын айдап үйіне келеді. Үйіндегілерге басынан не өткенін айтып береді. Содан бері бақытты да баянды өмір сүреді. 

136 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «Е» сынып оқушысы Мұханбек Сымбаттың «Тотықұстың ғажайып тілі» ертегісі:

Ертеде адамдар жан-жануарлар мен жәндіктер бір-бірін түсінетіндей, ортақ тілде сөйлеседі екен. Жаратылыстың барлығы бір-бірін оңай түсініседі. Десе де, осы ғажап қолайлылық жаратылыс иелеріне жақсы жағынан әсер етпепті. Адамдар мен жануарлар арасында, сондай-ақ жануарлар бір-бірімен көп келіспей қала беріп, бірінің ойын екіншісі ұрлап, зиянын тигізіп, тіпті қастандық, зұлымдық атаулы көбейіп кетеді. Бұл жағдайдың одан әрі дәл осылай жалғаса беруін ешбірі қаламапты.

Бұл күрделі мәселені шешуді бүкіл жаратылыс иесі АЛЛА сол кезде қолға алып, адамдарға, жануарларға, жәндіктер мен құстарға өзара сөйлесу, түсіну үшін жеке-жеке тіл беріпті. Айта кетерлігі, адамзаттан басқа арыстан, қасқыр, түйе, қой сияқты тағы басқа да жан-жануарлар, құстар, тіпті жыбырлаған жәндіктер де түсінікті тілдерінен адамдарға түсініксіз дыбысты тілге ауысыпты.

Мейірімді АЛЛА тек бір құсқа ғана «ғажайып тіл» сыйлапты.                     

«Ол қай құс?» десеңіз, барлық тіршілік иесіне, әсіресе табиғаттың саналы иесі «адам» атаулыға мейірімі мен қарапайымдылығын сақтаған тотықұсқа адамның сөзін қайталай алу мүмкіндігі бұйырыпты. Тотықұсдарда ырғақ сезімі өте жақсы дамыған. Шын мәнінде ырғақты музыкаға билей алады. Содан бері тотықұстар адам жанын ұғына отырып, дос болып, айтылған сөздерді қайталау, билеу арқылы әрқашан айналаға, әсіресе тәп-тәтті балаларға бақыт,  қуаныш сыйлайды екен!


Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрайым Бизахтың «Алтын қанатты құс» ертегісі:

Ерте заманда таулы аймақта Айсұлу атты әйелдің еңбекқор күйеуі мен алты ұлы болыпты. Алты баланы бағу үшін Айсұлудың  күйеуі күнде жалдамалы еңбек етіп, түн жамыла оралса, Айсұлу әр күні табанынан тозып, тоғайдан отын тасып, тамақ жасау, киімдерін жуу сияқты күні бойы үй жұмысын істеп, жүдеп жүреді екен. Ал, олардың алты ұлының жалқаулығын айтып жеткізу қиын екен. Күйзелген күндерінде әке-шешесіне олардан қайыр болмапты. Қатты қажыған ана құдайдан құлшылық қылып, құлдық ұрыпты: - «Құдай-ау, бізге тағы бір бала бере көр! Берген балаң қара жанымызға қайырымды болсын» - деп тіленіпті. Бір күні Айсұлу түс көреді. Түсінде бір ақ киімді, ұзын ақ сақалды қария келіп, «Мен саған ұл емес қыз сыйлаймын, бірақ ол сенімен бірге өмір сүрмейді, әйтсе де бақытты, еш қиыншылықсыз өмір сүрулеріңе септігін тигізеді», - деп аян береді. Түсінен шошып оянған Айсұлу бұл не деген түс деп ойланады да қояды. Осылайша күндері өте береді.

Күндер өтіп бір күні аяғы ауыр екенін біледі. Айы күні жетіп қыз босанады. Бірақ туылған қызы әп-сәтте құсқа айналып, Айсұлудың қолынан ұшып кетеді. Сонда Айсұлудың түсі есіне түседі, бірақ ол отбасының бақытты өмір сүруіне көмектеседі деген еді деп ойланып қалады. Онымен қоса қызының құс кейіпіне еніп, орманға ұшып, ғайып болып кеткеніне қамығады. Бір күні Айсұлудың түсіне қызы кіреді де, былай деді: «Күнде таңертең үйге келіп тұрамын, маған бір уыс жем беріп тұрсаңыз мен сіздерге бар көмегімді көрсетемін», - дейді. Айсұлу таңертең оянғанда түсін есіне алады да, орнынан тұрып, бір уыс жемді есік алдына себеді. Бір кезде бір құс ұшып келіп азғана жем теріп жейді де, жерде жатқан жемге қанатын тигізіп қалады, сол кезде олар алтынға айналады. Содан құс қайта орманға қарай ұшып кетеді. Әр күні осылай қайталана береді. Құсқа айналған қыздың арқасында Айсұлу балаларына жағдай жасап, отбасының өмірі жақсарады. 

Бәрін көріп, байқап жүрген Айсұлудың алты ұлы қулық ойлап тауып, алтын қанатты құсты ұстамақ болады. Олар күндегідей аналары жем шашатын жерге тор құрып қояды да, шетте тығылып күтіп тұрады. Бірақ бірдеңеден сезіктенген құс ұзақ уақыт жоғарыда ұшып жүреді де, бір кезде жем себілген жерге қонады. Сол кезде Айсұлудың арам пиғылды ұлдары торды лақтырып қалады. Бұны сезген құс пырылдып ұша жөнеледі. Қулықтары іске аспаған ағалары сан соғып қалады. Ал құс болса сол күннен кейін анасы қанша жем шашса да қайта оралмапты. Осылайша ашкөздікке салынып әбден құныққан Айсұлудың ұлдарының кесірінен отбасы қайта жоқшылыққа кенеліпті. Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Нағима Мүслімнің «Күтпеген кездесу» ертегісі:

Ерте, ерте, ертеде бір үлкен ауылда Асхат атты бала отбасымен тұрады. Ол жақта үлкен орман бар екен. Бірақ ол орманға барлығы баруға қорқады, өйткені ауылда барлығы орманның ішінде елестер бар деп ойлайды. Бір күні Асхат далада ойнап жүріп, орманнан сыбырлап сөйлесіп жатқан дауысты естиді. Ол орманға кіріп көргісі келеді, бірақ анасы оған ол жаққа ешқашан барма деген болатын. Асхат жүгіріп барып анасына: «Анашым білесіз бе, мен орманнан біреулердің сөйлесіп жатқанын естідім»,-дейді. Анасы оны орманға кірмесін деп, оған орманда елестер сөйлесіп жатыр деп айтады. Ертесіне Асхат далада ойнап жүрген кезде, тағы да сыбырлаған дауыстар естиді, ол осы жолы кіріп көреді. Шамамен бір сағаттан кейін көп ағаштардың арасынан бір кішкентай үйлер көрінеді. Асхат жақындап барып қараса кішкентай үйлер өте көп екен. Ол үйлер Асхаттың бойынан қысқа екен. Бір үйдің есігін барып тоқылдатса, кішкентай адам ашады. Ол адам Асхаттан қорқып қатты айқайлайды. Асхат бір шетінен таң қалады, бір шетінен қатты қорқып кетеді. Сөйтсе сол орманда ергежейлілер өмір сүреді екен. Кейін Асхатқа ергежейлілердің басшысы келіп, оны сұрақтың астына алады. Қалай тауып келгенін, кім айтқанын, басқа кімге айтқанын, барлығын сұрай бастайды. Сонда Асхат былай дейді:

- Мен кеше осы жақтан бір дауыстар естідім, бірақ кіруге қорықтым. Бүгін тағы да ойнап жүріп дауыстар естідім, осы жолы бар қорқынышымды жеңіп кіріп көруге бел будым. Содан сіздердің үйлеріңізге кезіктім де қатты таң қалдым. Мынандай кішкентай үйде кімдер тұрады екен деп қызықтым. Сіздер кімсіздер? Мұнда қайдан жүрсіздер? 

- Біз ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕРМІЗ. Ертеректе біз де адамдармен бірге өмір сүрдік, еңбек етіп, күнімізді көрдік. Адамдардың барлығын ақ ниетті, адал, ақ көңіл деп ойладық. Бірақ олай болмай шықты. Сол арам пиғылды, қара ниетті адамдардың кесірінен олар бізді қуып жіберді. Содан осы орманға келіп тұрақтауға мәжбүр болдық,- дейді.

Бір кезде ергежейлілер абыр-сабыр жинала бастайды. Асхат түсінбей қарап тұрады. Сонда әлгі басшы сөзін жалғастырып, былай дейді:

- Сен бізді тауып алдың, демек басқалар да тауып алады. Сол себепті енді біз басқа жаққа қашуымыз керек. Енді қош бол, бұдан былай бізді іздеме, көрмейсің. Біз туралы ешкімге айтпа.

- Жоқ, тоқтаңыздар, кетпеңіздер. Адамдар өте миірімді, олар сіздерді қабылдайды. Мен бәріне түсіндіріп айтамын. Тек менің келгенімді күтіңіздер, -деп орманның шетіне ауылға қарай жүгіре жөнеледі.

Үйіне асыға келіп, ата-анасына бар көргенін айтады. Ал ата-анасы дереу ауыл адамдарын жинап, барлығын түсіндіріп, ергежейлілер тұрақтайтын жерге келеді. Ергежейлілер қатты қорқып тұрады. Бірақ ауыл адамдары мейірімділік көрсетіп, оларды өздерімен бірге бір ауылда тұруға шақырады. Бұл ұсынысқа ергежейлілер қуана келіседі. 

Осылайша кішкентай Асхаттың арқасында адамдар мен ергежейлілер бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріпті. Міне осы күтпеген кездесудің арты, мәңгілік  достыққа ұласыпты.


Алтыншы сынып оқушысы Бибісара Алдабергеннің «Кішкентай айдаһар» ертегісі:

Кішкентай айдаһар алыптар отбасында дүниеге келеді. Оның отбасында барлығы өзіне берілген қасиеті бар айдаһарлар отбасы. Атасы аузынан от жалынын шашып, барша әлемге танымал. Ал әкесі ұзын бойлы, биік еді, тіпті күнге жетуге сәл-ақ қалған. Ол-ол ма, ағалары мен әпкелері алып денелі мықты болатын. Ал анасы тұтас бір ауылды құйрығымен бір-ақ сілтеп үлкен апаттан аман алып қалған. Үлкен ағасы көзі иірдің ағындай өткір еді. Ол жүз метрде тұрған шыбынды да көре алатын еді. Тіпті ақырын ғана үрлеп бара жатқан бағытында жандырып жіберетін еді. Бірақ бұл шыбындарға ештеңе болмайтын, кішкене басы айналмаса. Ал әкесі аяғына жұқпайтын желаяқ болатын. Ол жерде қалай тез жүрсе аспандада өте тез ұшатын кербездігіне шек жоқ ұшқандай қанатының дыбысында естілмейді. Осылайша әпкесінің келгенінде не келмегенінде білмейсің. Тағы да бір ағасы бар еді. Ол да әкесі секілді, алып денелі болатын. Айналадағыларды таңқалдыру үшін осының өзі жетіп жатыр. Керемет денесі бола тұра адамдар ерекше жаратылыс деп ойлайтын. Балақай өзінің ағаларымен әпкесіне мүлдем ұқсамайды. Ол үйдің кішісі еді.Өз жасынан кіші көрінетін. Тіпті оны көргендер саусағын шошайтып күлетін.Сол үшін де балақай өзін қорқыныштымын деп ойлайтын. Қорқынышты дегенде басқа айдаһарлар секілді, адамдарды қорқытып үркіткендей емес, керісінше өте кішкентай және аңқау болатын. Сен ерекшесің деп мейірлене айтатын анасы ерекше жаратылыссың, сен жарылған жұмыртқадан шыққан әлемдегі жалғыз айдаһарсың. Бұл деген нағыз ғажайп емес пе? Әлі-ақ ағаларыңдай алып күшті мықты айдаһарларға айналасыңдар.Сәл-пәл күте тұр – деп анасы жұбататын. Бірақ кішкентай бұған сенбей жұбанбай, әрдайым көңіл күйі түсіп жүретін. Бұл түрімен ешкімді таңқалдыра қоймайсың деп ойлайтын. Үнемі мен айдаһар емеспін деп, жападан жалғыз қалыпты. Байғұс балақай не істерін білмей, басқалар секілді, ерекшілігі жоқ еді. Сен өміріңде бір рет болсын жаузыңнан жалын шығарып көрдің бе, деп сұрады. Бірде атасы бәлкім бұл ерекше қасиет сағанда дарыған шығар кім біледі? Қәне балақай! – деді.Сосын ұсыныс айтты. Алайда балақайдың аузынан жалын емес, сыздықтап түтін ғана шықты. Күнде жатықсаң үйреніп кетесің – деді атасы жымиып. Мүмкін ертең тағы байқап көреміз. Бірақ бәрі көмектеспек болған сайын балақай өзін түкке тұрғысыз сезінетін. Ол мықты емес еді. Тіпті үлкенде емес. Жерден көтеріп ұшайын десе, оның кішкентай қанаттарының күші жетпейтін.Ақыры түк шықпады. Ол өзінің алып айдаһар емес екенін ешқашанда өз туыстарынан мықты бола алмайтынын сезінеді. Сөйтіп балақай күннен сайын көңіл күйі түседі.Бір күні бала айдаһар орманға бас алады. Бұл жақта мүлдем тыныштық ал ең бастысы ешкімде мазасын алмайды.Аспанға қарап құстарға қарап олардың қалай ұшатынын бақылады. Сосын құмырсқаларды көрді, олар кіп кішкентай болсада сондай мықты еді, барлығы да.Әрқайсысының қасиеттері бар. Күн шуағы аямай төгіп тұр. Бала айдаһар мук басқа жұмсақ төмпешікке жайғасып, ұйықтап кетті. Кенет қорқынышты бір дауысы естілді. Қараса аңдар жан ұшырап өрттен қашып барады. Орман қып-қызыл өртке басты. Жолына кездескенді аяйтын емес. Шошып кеткен балақай үйдегілерді көмекке шақырады. Өйткені ол өртті сөндіруге шамасы келмейтін. Алайда анасының қанаты өртті одан бетер өршітіп түсті. Ал әкесі өшірейін десе оның бойы ұзын еді, ал атасы аузынан от шашқаннан басқа көмегін тигізе алмайтын еді. Кенет балақайдың ішінен бір өзгеріс болғандай көрінді. Алдымен алдыңғы аяқтары шаншыды сосын сытиып-сытиып еткен дауыс шықты. Кішкентай айдаһар денесінен мұздай су жүріп өткендей сезінді. Отбасымен басқада жануарлар аузы ашыла қарап тұрды.Балақай өз табанын көріп қатты қуанды. Олар мүлдем басқа күйге еніпті. Қою жасыл түстен аспандай көк түске ене салды. Бұлда бөлек қабыршағы мұз сияқты жылт-жылт етті. Бала айдаһар өз-көзіне өзі сенбеді. Ол терең демалып ақырын келіп қалғанда суық ағын асып шықты. Бұл ағын жолында қатырып тастады.Сөйтіп өртте сөнді. Орман іші қайтадан бұрынғыдай тып-тыныш болып қалды. Бәрі аяқталғанда орман тұрғындары жақындап келіп бала айдаһарға туыстары да құттықтай бастады. Осылайша балақай бұған дейін ешбір айдаһардан қолынан келмеген қасиетке ие болды.


№12 мектептің 6 сынып оқушысы Мариям Ерланқызының «Адам өмірін ұзартатын шәрбәт» ертегісі: 

Ертеде шалғай бір ауылда әже өмір сүріпті. Оның жалғыз баласынан қалған қызы бар еді,оның есімі –Айым.Ол ата-анасынан ерте айырылғандықтан әжесін қатты жақсы көретін еді. Айым қиял-ғажайып кітаптарды оқығанды жақсы көретін еді . Бір күні  Айым «Адам өмірін ұзартатын шәрбәт» деген қиял-ғажайып кітапты оқып отырады, сонда ол ойға шомып кетеді: Шын мәнінде Адам өмірін ұзартатын шәрбәт болса ғой , екі құтысын алып біреуін өзім , ал екіншісін әжеме берер едім: - дейді. Айымның ойын әжесі бөліп жібереді. Әжесі сонда:

- Айым, қызым не ойланып кеттің соншама - деп сұрақ қояды. Сонда Айым әжесіне былай дейді: - Әжеу,білесіз бе? Мен жаңа ғана «Адам өмірін ұзартатын шәрбәт» деген кітапты оқып аяқтадым. Шын мәнінде сондай  шәрбәт  болса, біреуін сізге беріп екіншісін өзім ішер едім, керемет болар еді ,ә!-дейді Айым.Сонда әжесі :

- Әй, менің қиялшыл қызым-ай . Ондай шәрбәт өмірде жоқ шығар , бар болсада ол сирек кездесетін шығар: - Әжесі деп күліп сөзін аяқтайды.

Сондан  біраз уақыт өтіп Айым бұл тұралы ұмытады да. Бір күні ол әжесінің күнен-күнге қартайы, күші кетіп бара жатқанын байқап, шәрбәт туралы жиі ойлайтын болды.Сол түні Айымның түсіне ай десе аузы,күн десе көзі бар қыз кіреді. Ол қыз Айымға былай дейді:

- Айым, сенің адам өмірін ұзартатын шәрбәт туралы жиі ойлап жүрсің бе? -дейді. Сонда Айым:

- Ия, мен сол шәрбәт туралы жиі  ойлап жүрмін. Себебі: - деп айтқан кезде жаңағы қыз тоқтатып қалады да :

- Мен сенің ол шәрбәт туралы не үшін жиі ойлап  жүргеніңді білемін, сенің әжең күннен-күнге қартайып, күші  кетіп бара жатқаны сенің   жаныңа батып жүр : - деп сөзін аяқтайды. Айым сол мезетте:

- Тоқта сен сонда ол шәрбәттің қайда екенін білесің бе?:-деп таңданады.Сонда жаңағы қыз шіреніп тұрып:

- Иә,білемін не болды сонша таңданып : - дейді.Айым сол кезде қызға жыламсырап тұрып:

- Өтініш оның қайда екенін айтшы, мен сен не айтсаңда орындаймын,ӨТІНІШ:-деп жылып жібереді. Қыз сол кезде:

- Жә,болды жылама айтамын: дегенде Айымның қуанышы қойнына сыймай қатты қуанады . Қыз ақырындап сөзін бастайды:

- шкізіп . Адамды жануарға н/е жәндікке айналдыратын  болыпты.Содан оған жақсы ниетті адамдарға пайдасын  тигізетін,жақсы сиқыршы оған өте жаман қарғыс жібереді.Сол қарғыстың кесірінен  сиқыршының 5 баласы бірінен соң бірі шырын деп шатастырып зиянды қоспаларды ішіп  қайтыс болады да,зұлым сирқыршы қайғырып отырған да қасынаәйелі келіп :

- Көрдің бе,сенің жамандығыңның кесірінен бақандай 5 баламнан айырылдым:-деп жылып жібереді.Күйеуі оны жұбатып болды бұдан бұлай тек жақсы сиқырлар жасаймын деп  уәде береді.Содан кейін сиқыршы біраз уақытқа жоғалып кетеді.Бір адамдар сиқыршының жоғалу себебін,балаларының қайғысын көтере алмай артынан кетті десе,біреулер алыс шалғай жерлерге кетті деген қауесеттер тарайды.Сиқыршы жылдар өткен соң қайта оралады.Ол тек өзі ғана орлмай «Адам өмірін ұзартатын шәрбәтті» алып келеді деседі.Сонда адамдар оған басында сенбей шәрббәтті ішпей қояды сонда сиқыршы,адамдардың барлығын алаңға жинап былай дейді:

- Ей,халайық білем сендер маған сенбейсіңдер сондықтанда мына шәрбәтті ішпей жатырсыңдар, себебі мен сендерге көп жамандық жасадым ,біреулерді жақындарынан айырдым,бірақ мен өзгердім.Өйткені сендерге жасаған ісім өз басыма келгенде түсіндім.Маған сенбесеңдер де мына шәрбәтті мен шын көңіліммен жасадым.Алдап жатқан жоқпын өйткені мен бұл шәрбәтті 90 жасымда жасап сендерге 10 жылдан соң көрсеттім,қазір жасым 100 ге толды көрдіңдерме бұл шәрбәттің маған септігі тиді: дегенде ғана халық сеніп сол шәрбәтті алып қолдана бастайды шын мәнінде сол шәрбәтті қолданғаннан соң Отырар тұрғындары ұзақ өмір сүретін болыпты деседі.»деп қыз сөзін аяқтағанда Айым ұйқысынан оянып кетеді.Басында Айым түсім ғой деп сенбейді,сонан соң келесі түні жаңағы қыз Айымның түсіне қайта кіріп:

- Айым сен неге  менің айтқаныма сенбейсің, әлде түс деп мән бермей жүрсің бе?:деп ренжіп сұрақ қояды.Сонда Айым ұялып тұрып.

- Ия,негізі шын мәнінде түс деп мән бермей жүрмін: деп жауап қатады .Жаңағы қыз Айымға:

- Сенбесең Отырар қаласына бар: дейді.Сонда  Айым 

- Мен ол сиқыршыны  қайдан табамын?:деп сұрақ  қояды.Жаңағы қыз Айымға.

- Отырар деген қалаға кірсең  оң жағыңда орамал,киім-кешек сатып тұрған бір қызды көресің,ол қызға жақындап: «Сәлеметсіз бе!Мен сізге бір сұрақпен келген едім осы қалада бір атақты сиқыршы бар деп естіген едім,сол сиқыршының ққайда тұратынын білесіз бе?»деп  сұрасаң ол жауабын айтады :деп  қыз сөзін аяқтапжағалып кетеді.Айым сол күні таң атпай ерте тұрып Отырар қаласына жол тартады. Шамамен 3 сағатта жетіп,жаңағы қыздың айтқанының барлығын орындайды.Осыдан кейін Айым сиқыршыны тауып алып шәрбәтті сұрап ақшаны бергенде сиқыршы: 

- Жоға қызым маған сенің ақшаң керек емес  мына шәрбәтті алда үйіңе қайт әйтпесе әжең уайымдап қалады:деп ары қарай кетіп қалады.Айым  жарайды деп үйіне қайтады.Үйіне барса әжесі тіпті қатты ауырып жатқнын көріп,шәрбәтті бергенде әжесі құлан таза айығып кетеді.Осыдан кейін Айыммен әжесі әлі күнге дейін өмір сүреді деген сөздер бар.


№47 мектептің 6 «В» сынып оқушысы Мейірбек Аяланың «Тілек ағашы» ертегісі: 

Ерте-ерте заманда бір қуыс аралда, керемет ағаш бар деген сыбыс таралған екен. Сыбысқа сәйкес ол ағаш адамдардың арманын орындайды деп естіледі. Қарабұлақ ауылында өмірге бір сәби келеді.Ол жәй сәби емес болу керек.Оның себебі ол туылған кезде аспанда бірден қара түнек басқан екен.Ол бала (туылып) дүниеге келіп көз ашқанда жердегі қара түнек жоқ болып кетеді. Осылайынан ол бала әр жылаған кез сайын аспан қара түнек болған ол баладан ауыл аралығы ол балаға Қаратүнек деп есім берген екен. Ол бала мүлдем ешқандай досы болған жоқ. Одан ауылдар қатты қорқатын тіпті хабаршы Қаратүнек келе жатыр! Қаратүнек деген сәтте-ақ адамдар киіз үйлерінен шықпай отырады. Бұны көрген Қаратүнек мұңайып аспанға қайғы сала жүгірсе керек. Тілек ағашы ауылда қайтадан сыбыс бола бастады. Оны есітеген Қаратүнек өзінің анасы: Әлия. Ал әкесі:Батырбекке ескертеді. Оны анасы қимай қанша рет көндіруге тырысты. Бірақта  Қаратүнек өз алған бетінен қайтпайтын қайсар жігіт еді. Ол жолға шықты, оны алда көптеген қиындықтар күтіп тұрған еді. Ол Ақсақалға барып: 

- Ақсақал мен не істесем болады? – деп мән жайды түсіндіріп береді.Ақсақал сақалын бір сипап 

- Ей қарағым сен батыр жігіт екенсің, сені  талай қиыншылық күтіп тұр.

- Мен бәріне дайынмын!

- Қарабұлақтың етегімен тіке кезіп тау тас өзен аралығы мен батысқа жөнелтте қара суды келіп өт – деді.

Ақсақал артқа қарап күрсініп кете жөнелді. Қаратүнек жолға шығады. Қарабұлақтың етегінде кетіп бара жатса бұлақтан жарық нәрсе көрінеді. Бірақ Қаратүнек оған мән бермей кете береді. Оның алдынан бір Шаңырақ деген ауыл шығады, ол ауылдың ақсақалдары:

- Қайда жөнелттің балам?

- Тілек ағашына

- Ендеше , жолың ұзақ екен, біз сені жолыңнан қалдыртпайық – деп батасын береді. Ауыл адамдары Қаратүнектің үстінен күле жөнелді. 

- Не дейді бұл, тілек ағашы өтірік сандырақ емес пе, Ха, ха, ха дей жөнелді.

Қаратүнек оның сөзіне мән бермей ары қарай кете береді. Бірақ ол ауылда Қаратүнек өзіне жымиа қарап тұрған қызға ғашық болып қалған еді. (Қарабұлақ) Қаратүнек кристалл тауына келіп ол бір адамды жолықтырады. Оның есімі Жәнібек оның арнайы ұшатын кілемі бар екен. Бұны көріп Қаратүнек таңқалды. «Мен оны білдім» деп қуанышпен айқайлап жіберді. Жәнібек Нені?Неге? деп сұрақтың астына алады. Қаратүнек мен ғажайыпқа сендім ұшатын кілем бұл керемет-деді. Жәнібекте тілек ағашын іздеп жүр екен. Екеуі кетіп бара жатып кристалл құбыжығы оларға шабуыл жасады. Бұған олар әрең дегенде төтеп береді. Ақыры қашып шығады. Олар батысқа жөнелді. Олардың алдынан үлкен су ағып жатыр және оның түстері әр түсті болып жанып тұрады. Дегенімен ол судың астында қара тастар өте көп екен. Олар ұшатын кілемін ұшып бара жатыр. Олардың алдынан ағаш шығады. Және оның жанында тасқа жылап отқан бала бар еді. Олар баланың ата-анасын Сұлтан хан құлдыққа алып кеткен екен. Олар балаға бізге тек олар қайда кеткенін айт дейді екен. Осы таудың етегінде деп айтты. Олар ханға барып сіз білесіз бе? Екі тау арғы жүргенде одан асыпөтесіз, ол жерде пырақтар бар.Айласы жүзеге асқандай барлық патшалыққа былай деп бұйрық береді. 

- Прақтарды іздеуге бәріміз барамыз!

- Иә, әрине сіздер қаншау болсаңыздар прақтарда сонша болады.

- Сенде бізбен бірге жүр.

- ОО, жоқ, жоқ болмайды ханием сіз кеткен кезде бұйрық беріп, сарай қорғайтын адам керек емес пе?

- Жарайды, сен сенімдісің бе?

- Иә, әрине

Бәрі жолға шығып кетті. Сарайда тек тұтқындар мен он мың әскер қалады. 

Қаратүнек және Жәнібек екеуі он мың әскерге көрінбей тұтқындардың есігін ашты олар кетіп бара жатқан кезде он мың әскердің басшысы Қарақал оларды көріп бірден тап берді. Жәнібек жоқ жерден қолына  қылыш жасады. Екеуі он мың әскерге төтеп береді. Ол соғыста Жәнібек ауыр жарақат алды. Қаратүнек өзі он мың әскерге төтеп беріп, кілемге ұзар кілем ұзар деген кезде ұшатын кілем үлкен болып қойылады. Адамдардың бәрі үстіне мініп ұшып кетеді. Барлығы Қаратүнек пен Жәнібекке рақмет айтады. Жаңағы жылап отқан бала Тілек ағашы Қарабұлақтың ішінде деп алғысын білдіреді.

- Қалай сонда? – деп таң қалды. Екеуі бұлаққа ұшып барып ағаштың сырын ашады.

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп гимназиясының 6-сынып оқушысы Қаблан Айбиге Талғатқызының «Достық» ертегісі:

Бұрынғы өткен заманда бір жігіт аңға шығып құс салып жүрсе, бір тасқа қонып отырған бір көк құсты көреді. Кұстың қасына жақындап барса ұшпайды. «Бұл не қылған кұс» деп ұстап алып қараса, қанат, құйрығы жұлынып, жұрдай болып қалған екен.

Көк құстың мұндай ахуалда болғанына жаны ашып, жігіт құсты үйге алып келіп, атасына көрсетіпті. Атасы құсқа қарап отырыпты да:

— Балам, бұл құсты он бес күн бақ, сонан соң тілеген жағына ұшырып жібер, —депті. Жігіт атасының, айтқанын істеп, құсты он бес күн бақты. Құсқа жаңадан қанат, құйрық шықты.

— Тілеген жағыңа ұшып кете бер, —деді жігіт.

 — Басыңа қандай болса да бір қиыншылық туса, мені тауып ал, мен пәлендей жерде тұрамын, — деді көк құс.

— Жақсы, керек уақытта тауып алармын, — деп қалды жігіт.

— Қош, жігіт!—деп пыр етіп көк құс ұшып кетті. Күндерден күн өткенде жігіттің атасы да, әйелі де қайтыс болады. Малдан, бақтан айрылды. Киюге көйлек те, ішуге тамақ та таппады. Сондықтан ол баяғы көк құсты іздеуге мәжбүр болып жолға шықты.

Түн қатып, түсі қашып, бірнеше күн жол жүріп, бір жерге жеткенде алдынан бір адам шықты.

— Қайда бара жатырсың?— деп сұрады ол адам жолаушыдан.

— Көк құс деген досым бар еді, соны іздеп бара жатырмын. Оның ауылын білмейсің бе? — деп сұрады жолаушы.

— Оны не қыласың, ауылы ұзақ емес.

— Малдан, бақыттан айрылдым. Ол досым еді, сонан көмек сұрайын деп бара жатырмын.

— Олай болса, кішкене көк сандығы бар, оны үлкен бір сандыққа салып қояды, соны сұра. Соны алсаң бақытты да, бай да боласың.

— Жақсы, жора, — деп жолаушы жолға түсті. Ертеңіне көк құс досынікіне келді.

Көк құс іздеп келген досын әбден сыйлады. Киіндірді, тойындырды. Күндердің бір күні болғанда ол қайтатын болды.

— Алыс жерден арып-талып келген екенсің, не бұйымтайың бар, досым?—деді көк құс.

— Мал да, жан да сұрамаймын, тек қана үлкен сандығыңның, ішіндегі кішкене көк сандығыңды сұраймын,—деді жолаушы.

— Менің көк сандығымның барын қайдан білдің, біреу айтты ма?

— Жоқ, ешкім айтқан жоқ, өзім білдім.

— Қимас досым едің, берейін, бірақ сандықты үйіңе бармай ашпа,—деп сандықты берді.

— Жақсы,—деп көк сандықты қолтығына қысып жолаушы еліне қайтты.

Жолаушы бірнеше күн жол жүргеннен кейін бұл сандықта не бар екен, ашып көрейін деп, сандықты ашып еді, ішінен пыр етіп, екі кептер ұшып кетті. Жолаушы ізінен қуып біреуін ұстап, енді біреуін ұстайын дегенде бір көкжал арлан бөрі келіп кептерді жейтін болды. Сонда жолаушы бөріге жалынып:

— Досымнан сұрап алып келе жатыр едім, кептерімді жемей өзіме қайтарып беріңіз,—деді.

— Кептеріңді жемесем, бір жылдан кейін өзіңді жеймін,—деді бөрі айбаттанып, шабынып тұрып.

— Өзімді жесең же, досымнан алған кептерімді жеме, қайырып бер,—деді жолаушы.

— Жақсы, уәдеңе тұр! — деді де бөрі жөніне кетті. Жолаушы кептерді сандыққа салып алып, бірнеше күн жол жүріп, арып-талып, болдырып үйіне келді. Сандықты ашты. Екі кептер екі жаққа ұшып үйдің есігіне қонды.

Біразырақтан кейін үйдің ішінде бәрі дайын болып кетті, сонан бастап жанағы адам бай бола бастады.

Күндерден күн өтті, баяғы бөрінің келіп жейтұғын уақыты жетті.

«Бүгін келіп жейді ғой, — деп жаңағы адам қорқып жатқанда біреу келіп, құлағынан көтеріп аспанға алып ұшты. Біразырақтан соң тарс етіп мылтықтың дауысы естіледі. Жаңағы адам қорыққанынан сөйлей алмай тілі күрмеліп қалды. Бір уақытта есін жиып, өзіне келді. Қараса, қасында баяғы көк құс отыр екен.

—  Досым бола тұрып, мені неге бұнша қорқыттың? — деді жігіт көк құсқа.

— Жоқ, қорқытпадым, достық істедім. Сені жейтұғын көкжал бөрі менің ағам еді, ол баяғыда менің қанат, құйрығымды жұлып, өлсін деп, елсіз құла түзге тастап кетіп еді. Сен мені тауып алып, он бес күн бағып күшіме келтіріп, қанат-құйрығымды жетілдірдің, достық еттің. Мен де саған достық етіп, сандығымды беріп едім. Бірақ әзәзіл ағам арамызға қыстырылып сені жейтін болғанын білдім. Сондықтан сені жегізбей алып қаштым. Бағанағы мылтық атқан мен едім, онда сені жейтін ағамды аттым. Сендей досым үшін ағамды өлтірдім, — деді көк құс.


№12 мектептің 2-сынып оқушысы Рысбек Раянаның «Патша  мен бұлбұл» ертегісі:

Бұрынғы өкен заманда бір патша болыпты. Оның  сарайы әлеміндегі ең көркем, зәулім сарайлардың бірі болыпты. Бірақ патша өз иелігіндегі  салтанатқа аса мән бермейтін бейбақ бір патша болыпты. Сарай маңында сарайдың әсемдігімен жарысқан, әлемдегі ең әдемі гүлдер өскен үлкен бір бау-бақша болыпты. Халықтың айтуынша, ең ғажабы – сол бақшада мекендейтін бір бұлбұл болыпты. Сондай әдемі дауыспен сайрайтын бұл құстың атақ-даңқын естігендер ұзақ елдерден де келіп көруге асығатын болыпты Бір күні бұлбұлдың даңқы патшаның да құлағына жетіпті. Алайда патша бұл хабардан хабарсыз болғанына қатты ашуланып, уәзірін шақырып: - Бұл қалай болғаны! ?  Неге менің хабарым жоқ сарай бақшасындағы бұлбұлдан? – депті. Уәзір оған жауап бере алмапты. Өйткені оның да бұлбұлдан  еш хабары болмапты. Дереу бағбанды шақырып: - Сарайда әлемге танымал бұлбұл бар екен, неге айтпайсың бізге? – десе, бағбан : - Ғафу етіңіз, мырзам, - депті. Оған уәзір: - Тез арада маған оны тауып әкел! – деп айқай салыпты. Бағбан барлық жерді іздестіріп сұрастырса да бұлбұлды еш таба алмапты. Содан уәзір бір шарасын тауып, патшаға: - Бұл біреулердің ойдан шығарған әңгімесі болуы керек! – десе, патша одан сайын ашуланып: - Жоқ, олай болуы мүмкін емес! Маған бұл хабарды сенімді түрде адам жеткізді. Дереу бұлбұлды тауып әкеліңдер немесе барлығыңды жазаландырамын!», - депті. Сарайдың асханасында жұмыс істейтін қызметші  қыз бағбанға келіп: - Іздегендеріңізді бұл жерден таба алмайсыздар, қаласаңыздар мен сіздерді оның жанына ертіп алып барайын», - депті. Ьұны естіп қуанған сарай қызметкерлері дереу бұлбұл мекендейтін тоғайға қарай жол тартыпты.  Бұлбұл тұратын жерге келгенде, қыз: «Кішкентай  бұлбұл», - деп айғайлапты. Бұлбұл бір ағаштың бұтағынан көрінген кезде: - Патшамыз сені көргісі келіп, дауысыңды естігісі келіп жатыр. Егер бізбен бірге бармасаң патшамыз барлығымызды жазаландырады», - депті. Бұлбұл оған келісімін беріпті. Жолай оның әсем дауысын тыңдап, барлығы сарайға келіпті Сөйтіп патшаның құзырына шығып, бұлбұл әдемі даусымен ән шырқай бастапты. Даусынан әсерленген патшаның көзінен жас парлап, әрі жүзіне қуаныш ұялапты. Патша бұлбұлға: - Менен не тілесең айт! – депті. Сонда  бұлбұл : - Мен үшін ең үлкен сый – сізге қуаныш сыйлау, - деп жауап беріпті. Баршаның сүйіспеншілігіне қауышқан бұлбұл сарайындағылардың асыл тәжіне, бақдәулетіне айналыпты. Бұдан былай сарай бақшасына орналасып, үнемі әсем дауысымен патшаға ән шырқайтын болыпты. Ел тұрғындары бұлбұлдың әндер ін тыңдау үшін сарайдың айналасына жиналып тұратын болыпты. Бір күні патшаға бір сыйлық сандығы келіпті. Ішін ашып қараса, құнды гаухарлармен, асыл тастармен безендірілген ойыншық бұлбұл шығыпты. Шыныдан жасалған бұл ойыншықтың төбесінде бұрандалы кілті болыпты. Кілт бұралғанда шынайы бұлбұлдың дауысы шығатын болыпты. Уақыт өте келе шынайы бұлбұлы патша тарапынан өзіне назар аударылмай қалғанына ренжіп, бір ыңғайын тауып сарайдан ұшып кетіпті. Күнде әсем үнімен сайрап жүрген ойыншық бұлбұл бір бзылып қалыпты.  Бұлбұлдың  дауысына  үйренген патша сол кезде ғана шынайы бұлбұлдың жоқтығын сезініп, оған әділетсіздік  жасағанын ұғыпты. Қайғысынан науқастанып, жағдайы нашарлап, халық та қатты қам жепті. Оның шарасыз күйін көрген жұрт жағдайының жақсармайтынын ойлап, жаңа патша тағайындауға бел байлапты. Патшаның сырқаты және жаңа патшаның тағайындалу хабары сарайдан кеткен бұлбұлдың құлағына да жетті. Патшаның өзін  жақсы көретінін, істеген ісіне өкінетінін естіген бұлбұл оған көмектесуге шешім қабылдап, дереу патшаның жатқан бөлмесінің терезесінің алдына ұшып келіп, әсем дауысымен ән шырқай бастапты. Төсегінде жатқан патша бұлбұлдың даусын естіп, қайта өзіне келе бастапты. Таңғы жуық патша аяғынан тұрып, ауруынан  жазылып кетіпті. Патша өзін емдеген  бұлбұлдың әсем дауысы екенін біліп, бұдан былай оны әрдайым жақсы көретінін айтыпты. Және бұлбұл да анда-санда келіп ән шырқап тұратынына сөз беріпті.


№74 мектептің 6-сынып оқушысы Айтжан Адияның «Адияның әлемі» ертегісі:

Ерте ерте ертеде ешкі жүні бөртеде Шымқаланың шырқау шыңында Мэлс байдың шаңырағында Адия есімді қыз дүниеге келіпті. Ата анасы бұл қыз бізге Алланың сыйы деп қабылдапты. Осылайша Мэлс байдың шаңырағында ұлы той болып отыз күн ойын қырық күн тойын жасайды. Дүбірлі тойға күллі Шымкенттің халқы жиналып, күннен аптаға, аптадан айға созылған қуаныштарын шілдеханамен жалғапты.  

Әкесі мен анасының көзқуанышы болған Адия  қатарынан ерте жетіліпті. Сәби кезінен ақ ерекше дарын қабілетін байқаған анасы Адияның гимнастикаға икемін аңғарады. Адияның ес білмейтін шағында асқартау әкесі ұзақ жолдарға сапар шегіпті... Осылайша арада күндер өтіп Адия алғыр да ізденімпаз еңбекқор қыз болып өсе берді. Қатарының алды болып би билеуден түрлі жарыстардың жеңімпазы бола бастады. Адияның есімін атшаптырым ауылдар мен көршілес хандықтардың барлығы дерлік жаттап болды. Ендігі олардың арманы құлақ құрышын қандырған Адия қыздың өнерін бір рет көру ғана еді...

Алғырлығы мен қайтпас қайсарлықты Жаратушы сыйға тартқан екен.Ол сыйлықтың ғұмыры ұзақ болатынына достары, көршілері, ата, әжелері кәміл сенеді.

Адия қыздың асқақ арманы, қиялындағы өмір, ертегідегідей сән-салтанатымен, үнемі зәулім сарайларда, білімнің биік шыңында өтері сөзсіз

Араға жылдар салып, мәдениет министрі болып елге қызмет етіп жарық жұлдыздарды елімізде көбеюіне үоес қосатын қазақтың қарапайым сұлуы елдің тұтқасынұстар қызына айналады

ХХІ ғасырдың көшбасшысына айналатын сұлу осылайша мақсат мұратына жетеді, еліне қызмет етеді, жан жағына жемісін беретін мәуелі бәйтеректей ұл қыздары көп болып ұрпақтарымен мың жасапты.


№65 мектептің 7-сынып оқушысы Аңсар Ғалымның «Арман мен Мақсат» ертегісі:

Ерте, ерте, ертеде қулығы мен арамдығына құрық бойламайтын, жан адамға жанашырлығы жоқ, жер бетіне билігі жүрген Интернет деген патша болыпты.  Халқы  ешкімнің мәжбүрлеуінсіз мәңгүрттікке шалдығыпты.. Елді мәңгүрттік деген індет жайлапты.  Бақсы- балгерлер, көріпкел -дәруіштер бұл індеттің емін таппапты. 

Сол патшалықта қарапайым отбасынан шыққан  Арман мен Мақсат  деген екі ағайынды жігіт өмір сүріпті. Егін, мал шаруашылығымен айналысыпты. Ағасы Мақсат азаннан қара кешке дейін еңбек етуден, біреуге жақсылық жасаудан жалықпапты. Ал, Арман өсе келе мінездері өзгеріп, тұйық болып,  ешкіммен сөйлеспей, ашушаң, ұрысқақ болып, індетке шалдығыпты. Тірлігіне салғырт қарап, мал жайғаусыз, егін қараусыз қалыпты. Ағасын силаудан, танымайтын жағдайға жетіпті. Бұл жағдай Мақсатты қатты алаңдатады.Тығырықтан шығатын жол іздейді. Күндердің күнінде бір жолаушы қонаққа келеді. Жолаушы  Мақсаттың жүзіндегі мұңды байқайды.

- Сенде бір мұң бар ғой,- дейді жолаушы

- Ия. Жалғыз бауырым Арман індетке шалдықты- дейді

- Жолаушы мен бақылап көрейін,- дейді

Мақсат қуана келісе кетеді. Сол күннен бастап Арманды бақылауға алады. Жолаушы ата-анасы жоқ балдарға көмектескісі келеді. Қалай көмектессем екен деп ойлайды.  Қазақтың ұлттық ойындарына қызықтырсам, зеректікке,ептілікке баулысам, өлең –жырға деген ыстық ықыласын оятсам, көңілін  көтеріп, еңбекке баулып, ширықтырып, шынықтырсам қалай болады екен деп ойға шомады.

Сөйтіп  бірінші күні Арманды  тымық кеште, айлы түнде сарай сыртындағы ептілікке, тапқырлыққа баулитын Алтыбақан ойынына  ертіп барады. Алтыбақанда айтылған әндер бойын бұрын сезбеген рахатқа бөледі, ойналған ойындар сезімін селт еткізді. Әбден шаршап келіп жатып қалады. 

Екінші күні аты белді,жарамды, өзі мықты, отырысы мығым, білекті жігіттер ойнайтын Аударыспақ ойынына алып барды. Аударыспақ салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы.Ойынға қатысқан жігіттердің мықтылығына, күштілігіне таң қалып, өзі де сондай болғысы келіп кетті. Бұл күні де шаршап-қалжырап келіп демалады. Арманда жолаушының көрсеткен ойындарына деген қызығушылығы арта бастады.

Үшінші күні Арман жолаушымен тағы қайда баратынын асыға күтті.  Ол күні екеуі сарай сыртындағы Көкпар тарту ойынына барды. Арман бара салып ойынға кірісіп кетті. Ойынға жасына толған семіз серке таңдалып алынады. Орташа салмағы 70-80 келідей болады. Көкпар жігіттердің батылдығын, күш-жігерін, ептілігін қалыптастырады. Бұл күн де, ойын да қызық өтті. 

Төртінші күні Арман мен жолаушы Қыз қуу ойынына барды. Бұл ойын жігіттің атқа мықты шаба білуі,  болмаса қыздардың қамшысы тиіп масқара болуы. Жігіттердің намысын оятып, намысын қамшылайтын керемет ойын. Бұл ойыннан Арман керемет әсер алып, өмірге деген құлшынысы артып, көзқарасы өзгеріп, індеттен құлан таза айықты.  Арман міне осылай халық ойындарының арқасында науқасынан жазылып қана қоймай, өзінің болашақ жолын да таңдады. Болашақ ата-бабамыздың ата- салтын, дәстүрін, жақсы қасиеттерін жаңғырту екенін ұқты. Осы жолды ұстанып дені сау, мықты, болашаққа нық қадаммен аттай алатын адам болатынын ұқты. 


Д.И.Менделеев атындағы 7-сынып оқушысы Дияс Әбдібектің «Тасбақа мен қоян» ертегісі:

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызылда, құйрық жүні ұзында бір қоян болыпты. Бір күні келе жатып, тасбақаны көріпті. Тасбақаға:

- Оо, достым, қайда бара жатырсың?- десе,- бүгін күн қандай тамаша, серуендеуге шықтым. 

- Өзіңмен кездесу бір ғанибет, кездесуімізді атап өтпедік пе?- депті тасбақа. Сөйтіп дереу нан жабатын таба тауып, ұннан қамыр жасап, нан пісірмекші болыпты. Екеуі нан пісіріп жатқанда қоянның ойына бір арам ой келіпті. «Бұл нанды қалай өзім  жесем екен?,- деп әрі ойланып, бері ойланып тасбақаға былай депті:

- Тасбақа досым былай істейміз бе? Мына табаны  төбеден  төменге қарай зырғытып жіберейік.

- Кім бірінші жетсе, сол жесін нанды!- депті. Тасбақа оған келіскісі келмепті. Себебі қоянға еріп жете алмайтынын біліпті. Бірақ қоян дегенінен қайтпайды. Осылайша тасбақа көнуге мәжбүр болады. Сол кезде оның ойына бір айла  келіп, қоян басқа жаққа қарап тұрғанда, табаның ішіне нан жабыспасын деп су сеуіп қойыпты. Қоян  табаны төбеден  зырғытып, өзі артынын  төменге қарай зулай жөнелгенде табадағы нан түсіп ағашқа жабысып қалады.Оны көрмей қалған қоян ары қарай жүгіріп кетеді. Ал тасбақа болса, асықпай төменге  түсіп, ағашқа жабысқан нанды алып жей бастапты. Әрең дегенде табаға жеткен қоян, ішін ашып қараса, нан жоқ. Не істерін білмей, төбеге қарай  жүгіре жөнеліпті. Жүгіріп келе жатып , ұзақтан тасбақаның нан жеп отырғанын көріпті. Амал қанша! Келісім бойынша нанды кім бірінші алса сол жеуі  тиіс. Қарны ашқан қоян тасбақаға жалына бастапты.

- Айналайын тасбақа, бір үзім наныңнан берші,- десе.

- Бір үзім, екі үзім дегенді білмеймін. Өзі шикі піссе де, дәмді екен,-деп барлығын жеп тауысып қойыпты. Қарнын сипап тұрып: 

- Ал қоян досым бүгінгі тамақ өте дәмдә болды. Үлкен рахмет!- деп үйіне қарай жол тартыпты. Қоянның сілекейі шұбырып, қарны ашып ағаштың бетіндегі қалған нан ұсақтарын кеміре бастайды, Міне сол күннен бастап ағаш қабықтарын кеміруд қояндар ұнататын болыпты.

Аида Рысбекқызы

Әдебиет әлемі
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының асыл мұралары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу