Ілияс Есенберлин: - Адам болмысы үшке бөлінеді

Oinet.kz 21-08-2019 1173

Screenshot_11.jpg

 Жазушы Ілияс Есенберлин адам баласын болмысына, сана-сезіміне, жан дүниесіне қарай үш топқа бөліп қарастырады. 

 Бірі – адал жандар. Олардың ішінде дара жаратылғандар да, үлкен жүректілері де мол. Бұл топтың бас қасиеті тек өзі ғана емес, өзгенің де бақытты болуын тілейді. Сол үшін күреседі, өмір сүреді.

 Ал екінші топ, осы адамдардың буын-буынына ұялаған сарысу, тамырлардың жүрек соғуларын бәсеңдетуге, алға басқан адымдарын шабандата түсіруге құмар. Өн бойларына сарысу болып жабысып, тамырында арам қан боп жүгіруге дайын. Бұлар көбейіп кетсе адамға зақым. Бірақ мұндайлармен күресуге болады. Сарысуды да, арам қанды да азайту адамның өз қолынан келеді.

 Ал үшінші топ – бұл ең қауіпті топ. Жайшылықта көп көрінбейді. Ал басыңа бір бәле түссе, үй іші қараңғы болғанда шыға келетін тарақандар тәрізді, өзі көп, бұрын қайда жүргендерін де білмейсің, күні туғанда саңлау-саңлаудан қаптай жөнеледі. Бәлендей саған зиян істей қоймаса да, күпінің аш битіндей өріп, шақпаған жеріңді, кірмеген жыртық-тесігіңді қалдырмайды. Жүрегіңді айнытады, жаныңды түршіктіреді. Тегіс у беріп қырып тастамасаң, бұлармен күресу де оңай емес. Қараңғы үйде кенет шам жағып жібергенде, тарақандардың не істейтіні есіңде бар ма? Ақыл естерінен адасқандай, қайда барарларын білмей сол қабырғада, стол үстінде, шам жағылған кезде қай жерде тұрса, сол жерде тұрып қалады. Тек өлтірейін деп ыңғайлансаң ғана қаша жөнеледі. Және қаша біледі. Мен мұндайлармен көп кездестім. Міне, осы тарақандар тәрізді, мінез-құлқы, өмірге деген арманы уақ, кілең кәкір-шүкірлер алғашқы топқа өш келеді. Дарындыларды көре алмайды.

Батырхан Сәрсенхан, ақын: «Ақынды өлтірудің басты жолы – елемеу»
Кімнің бұқасы күшті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу