«Мен сияқты еркектің бір әйелі ғана болмайды»

Oinet.kz 06-06-2022 3354

Лилияның айтуынша, ол жас кезінде сұлу болған. Алайда, махаббаттан еш жолы болмапты. 18 жасында кездескен жігіті оның жүкті екенін білген соң тастап кеткен.

Screenshot_12.jpg

«Сөйтіп қызымды жалғыз босандым. Құрбыларым ақыл-кеңестерімен көмектесті. Ата-анаммен тұратынмын. Бірақ 24-ке келгенде өзім бөлек тұруға шешім қабылдадым. Өйткені танысқан жігіттерімді үйге алып келе алмайтын едім», – дейді Лилия.

Лилия ата-анасынан бөлек тұрғаннан бастап неше түрлі жігіттермен таныса бастаған. Сөйтіп бірінші күйеуі Владимирмен танысады. Біраз уақыт кездескеннен кейін оған тұрмысқа шығады. Алайда, бір жыл өтпей Владимир әйеліне қол көтере бастаған. Тіпті жұмысынан айрылып, алкогольдік ішімдікке салынады. Күйеуінің мұндай қорлығына шыдай алмаған Лилия онымен ажырасып кеткен.

«Бір жылдан кейін Марат есімді кәсіпкер жігітпен таныстым. Ол басында мені қатты жақсы көретін. Сөйтіп тұрмысқа шықтым. Бірақ үйленіп алған соң, ол көзіме шөп сала бастады. Тіпті ашыналарын мен жоқ кезде үйге алып келген. Ұлыма 9 айлық аяғым ауыр кезінде күйеуімді бір қызбен төсек үстінде ұстап алдым. Сол кезде ол маған «Саған үйленгенім үшін қуанғаның дұрыс. Өйткені екі қызыңмен сені кім алатын еді. Ал мен сияқты еркектің бір әйелі ғана болмайды оны да түсін» деген еді. Содан кейін оған жауап қайтара алмадым», – дейді бұрынғы өмірін еске алған Лилия.

Ол екінші күйеуімен жеті жыл бірге тұрып, кейіннен ажырасып кеткен. Ұлына көмектесіп, кездесіп тұрады екен. Ал қазір Лилия басқа ер адаммен кездесіп жүргенін айтады. Бірақ ол тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаса, келісе алмаймын дейді. 

Nur.kz

Енем арақтан басқаны ойламайды
Квартирант қызбен төсектес болам деп сорлап қалдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу