Мені жылатып тастап кеткен бұрынғы күйеуім бақытсыз болып қалды

Oinet.kz 17-08-2022 3462

Мектеп оқып жүргенде, ғашық болып жүретін бір жігітпен, оқу бітірген соң 3 жылга жуық жүрдім. Алғашқы махаббаттар болып. Сөйтіп жүргенде басқа мені сыртымнан бақылап жүретін жігіттер болатын, соның біреуі алып қашып кетті. Сол кезде қуғыншы болып барғандардыда көндіріп, өзімдіде көндіріп, әйтеуір сол үйде қалып қойдым. Ол ұзақ әңгіме.

Screenshot_42.jpg

Одан кейін, қуғыншылар қайтып кетті, мен қалдым, қалғанымда сол сәтте-ақ өкініп қалдым. Себебі: артымнан қуып келген жеңгем, бір қағазды қолыма беріп, біз кетпей тұрып оқып ал деген.Мен оны қолыма берген бойда көрпешенің астына тыға салдым.  Бәрі басты басты болғанда шарқаттың астында отырып оқи бастадым. Жүрген жігітімнен екен. "Екеуміз үйленсек ұлды болсақ былай, қызды болсақ былай ат қоямыз"- деген жоспарларымызды жазып, менің берген уәделерімді жазып, "неге менсіз көшеге шығасың" -деп, өкінішті хат жазған. "Қайтып кел, үйіңеде кірмейсің, өзім алып кетем" деп.  Мен ол хатты оқыған сайын жылай бердім, бірақ танымайтын жерде беташардыда өткізді. Бәрі өтіп кеш болғанда, төсекке жатарда мен өзімді  әкеліп отқан жігітке, "өлсемде саған қатын болмаймын, неге алдымен айтып алмадың, менің жігітім барын білдің" дедім. Бірінші күні мені көндірумен әлек болды. 2-ші,3-ші күндерде солай, төсекте қосылған жоқпыз. 4-ші күні ол мені зорлап көндірмек болып, тіпті қол жұмсады.Арақ ішетін, шегетін әдеті бар екен. Сол күні оның үй-ішіде білді, біз әлі қосылмағанымызды. Әпкелері, жеңгелері маған " Пəктігің жоқ бетбақ шығарсың, неге қосылмайсың" деп, өзі болса, "қыз болмасаңда ештеңе демеймін, ешкімге айтпаймын" деп, мені тап солай жатырқап жүргендей көрді. Мен оған сендей ақымаққа тиіп, өмірімді қор еткім келмейді деп ақталып, таяғында жедім.

Бір күні сол ауылға мал терісін алатын өзбектер келген. Үйіндегілер тері өткізіп, ақшасын санап жатқанда, мен сол машинаға барып отырып алдым. Ешкімге білдірмеуін өтініп жылап, қалаға жетіп қалсам болды деп. Мен сырттағы туалетке кетсем ұзақ отыратын едім, баягы хатты оқып, жылап алып қайтатынмын.

Тағы солай сыртқа кетті деп іздей қоймайтынын білдім. Солай қалаға жетіп алдым. Бір тиыным жоқ, автобустың шоферына бар жағдайды айтып, өзімнің тұратын қалама кеттім. Барған соң үйден ақшамды алып шығып төлеймін деп.

Үйге келдім, бәрін айттым, анамада, жеңгемеде мен үйден қалай кетсем солай қайтқанымды. Кейін мамам "болды, қайтып алып кетуге келсе де жібермеймін" деді. Солай оларда қайта-қайта келді, жігіттің өзі кешірім сұрап, жылапта келді. Көз жасына қалма деп айтқандарда болды. 

Сонымен арада күндер өтіп бұлардың келуі тоқтады. Сөйтсе ол жігіт бір қызды жүкті қылып қойып, соны алмау үшін, бірден үйленбек боп мені алып қашқан екен. Ол қыздың ата-анасы сотқа береміз алмасаң деп алдырыпты. Сонымен ол оқиға бітті менде. Біржола құтылдым.

Мен қайтып келгеннен кейін.

Баяғы алғашқы махаббат сымағым, менің бар историямды есітіп, біліп отырды, мен оған дос қыздарым арқылы жеткіздім. Енді сөзінде тұрып, келіп алып кетеді деген үмітім болды. Ол болса үйіндегілердің "байдан қайтқан қызды қайтып алғызбаймыз, сен әлі үйленбегенсің" дегеніне ердіма, қайтып келмеді, хабарсыз қалды. Өзіммен сөйлескенде жоқ.

Күндер өтіп, қазіргі жолдасыммен таныстым. Бұрынғы әйелімен бір жағдай орын алып ажырасқан екен.

Екі ай жақсы сөйлесіп жүріп, бір күні бар ойын айтып, үйленгісі келетінін айтты. Мен ешқандай қарсы болмай келістім.Себебі маған деген махаббаты көрініп тұрды. Қатты сыйлайды, шын сүйді, өзімді бағалайтын, алақанына салып отыратын адамым екенін түсіндім.

Кейін үлкендерден батасын алып онымен кеттім. Он екіден бір гүлім ашылмай өзімді сүйген жанға жар болдым, неке қидырдық. Үлкен тойымызды да жасадық, қайын атамның үйінде тұрдық. (Өзінің үйін ажырасқан әйеліне қалдырған)

Жеке кәсібі болатын, сонда бірге жұмыс істедік, үйді жалдап тұрдық.

Қысқасы бәрін нөлден бастадық.

Бір балалы болғанша әкесі жәрдем берді, өзіміз жинадық, әйтеуір үйлі болдық. Жылдар өтіп, көпбалалы отбасы болдық. Бәрі сақадай сай, бақытты отбасылардың біріміз.

Баяғы алғашқы махаббатым.

Ол сол кезде қыз алуың керек деген шартпен бір қызға үйленеді, қызды болады, бірақ себеп не білмеймін, ажырасып кетеді. Содан сүр бойдақ болып жүреді.Арада 17 жыл өткенде ол мені инстаграмнан көріп қалады. Сол кезден хабарласуын жалғастырып бастады. Қатты өкінетінін, сол кезде ешкімді тыңдамай сені алып кетуім керек еді деп, одан кейін ешкімге шын ғашық болмағанын, бәрін айтып сырын ақтарды.

Маған ол енді тек алғашкы махаббат деген ыстық сезімді бағалағаным болмаса, түкте қызықтырмайды. Себебі: менің өмірімнің бар қиын кездерін ұмыттырған жан жанымда.

Бақыттымын деп жар салғым келмейді, бірақ Аллаға шүкір, айрандай ұйыған отбасымды сақтау үшін, бұрынғы отқа күйген махаббат түкке тұрғысыз.

Мен сол жанды көрсем қатты аяймын, көңілін қимай сәлемдесіп жазса, сәлемін аламын. Арты жақсылыққа апармасын біліп, ешқандай сайтта маған жазба жаза алмайтын етіп блоктап койдым. Бірақ ол мені күнде көріп отырады. Ал маған, солай мені жылатқан адам, бақытты екенімді көргені ұнайды. Бір жағынан өкінсін деймін, бір жағынан аяймын.

Күйеуіме отбасын құруға өзім ұсыныс жасадым
Қайын ініме ғашық боп қалдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу