Қайынағам сезімін білдіріп жүр

Oinet.kz 20-10-2022 5594

Жасым 23-те, бір қызым бар. Алматы қаласының тұрғынымын. Жолдасым екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. Бірақ, осы бақытты күндеріме қайынағам кедергі келтіріп, күйеуіммен арамызға суықтық сала ма деп қорқамын.

Screenshot_10.jpg

Өйткені үйленбеген қайынағам бар.  Мен бұл үйге келгенде маған өте жақсы қарайтын, енем тиісіп сөйлесе, мені қорғап қалатын. "Ол сөйлей береді, мән берме",- деп күліп айтып отыратын. Аға ретінде қатты сыйлайтынмын. Енді қазір сезімін білдіріп жүр.

"Мені неге ұнатпайсың? Күйеуің сияқты кәсіпкер емес, жай вахтадағы жұмысшы болғандықтан ба?",- дейді.

Қасында болмауға тырысамын, бірақ тамақ істесем де, ыдыс жусам да қасыма келіп отырып, сөйлей береді. Қайынағам інісі үйге келгенде жақындамайды, себебі одан қорқады. Енем: "Менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын",- дейді. Мен қайынағама ешқандай үміт бермегенмін. Жолдасыма айтайын ба, әлде керек емес пе? Кеңес беріңдерші. Не істерімді білмей қалдым.

Ұлбала

Әйелімнің опасыздығына шыдап келе жатқаныма 5 жыл болды
Қайдағы бір сыған әйелдің арбауына қайтіп түсіп қалғанымды білмеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу