Жалған айтып, бір жігіттің тағдырын тас-талқан еттім

Oinet.kz 19-10-2022 7211

Қазір жасым 22-де, осыдан 5 жыл бұрын «агент» деген әлеуметтік желінің дәурені жүріп тұрған кезде менде сол желіге қосылдым. Бірақ таныс, көрші, ағайындардан басқа ешкім маған достық ұсыныс жібермейтін еді. Қасымдағы құрбыларым жігіттермен танысып мәз болғанда мен таныстарымның жағдайын сұраумен жүрдім. Себебі алып бара жатқан әдемілігім жоқ, көзілдірік тағатын едім.

Screenshot_5.jpg

Мен де өмірде болмаса да, интернет желісінде әдемі болып көргім келді. Сондықтан әдемі, сымбатты қыздың суреттерін жамылып агенттің қызығына кіріп кеттім. Күніне 20-дан астам достық келетін. Сабақ жайына қалды, өзім бір керемет қыздай экранның артындағы адамды алдап, танысып уақыт өткізіп жүрдім.

Осылай жүргенде сонда сөйлесіп жүрген бір жігітке бауыр басып, номерімді бердім.Түрімді көрмесе болды ғой деп өмірімде әдемі естен кетпес күндер өте берді. Ол Шымкент қаласынан мен Қызылордадан. Кездесу туралы әңгіме жақында болмайтынын біліп менде емін-еркін сөйлесе бердім, тура бір менің жігітіме ұқсап мен өзім жайлы тек атым, тегімді өзгертіп айттым. Мен ол жайлы ол мен жайлы бәрін-бәрін білетін едік.Тек сол жігітпен сөйлесіп жүрдім.

Бір күні ол: «мен Қызылордаға барам кездесеміз» деді мен ауылға кетем, үйде болмайм деп түрлі сылтау айтып оны тоқтаттым. Арамызды үзгім келмеді, себебі қатты бауыр басып қалған болатынмын.

Содан ол екінші рет келем деді ол кезде мен тағы да өтірік айттым, мен қатты науқаспын жүрегім ауырады мен шетелге барып емделуім керек дедім. Ол мақұл деп сенді.

Ол өте жақсы адам еді еш күмәнсіз еді. Маған қатты сенді. Мен ақымақтарша оны алдадым.

Тағы бір үшінші айтуында ол маған хабарласып, Қызылордадамын, Астана көшесінде тұрмын, үйің қай жақта, әйтпесе тағы сылтау айтасың деді. Мен не айтарымды білмей әбден састым. Содан оған болмайтын жерден сылтау айтып, өтірік ұрыс іздеп, ашуына тидім. Шындықты айтуға еш батылым бармады. Бұл уақытта екеуміздің сөйлесіп жүргенімізде 1,5 жылдан асқан еді. Осы керемет қыз болып жүрген күнімнен айырылып қалуға қорықтым, арине, бір күні бәрі бітетінін білетінмін, бірақ сәл болса да ұзағырақ болуын қаладым.

Сонымен жігітім сол түнді Астана көшесінде өткізді. Мен шықпадым, телефонды көтермей қойдым. Сол түнді қатты жылап, бәріне өкініп өткіздім. Ол менен көңілі қалғанын смс арқылы жазды және «БАҚЫТТЫ БОЛ» деп аяқтады.

Содан бері мен де, ол да хабарласпадық. Арада 1 апта өткенде ол мас күйінде қоңырау шалды «мені кешір, енді іздеме, мен үйге келін түсірдім» деді. Одан бетер қиналып кеттім.

Ол сол күні ауылына қайтып, көшеде кетіп бара жатқан қызды алып қашып кетіпті.

Сонымен ол біраз хабарласпай жүрді, менің де күнім бұлыңғыр таңым көңілсіз ататын болды. Бір адамды еркінен тыс қадамга итермелегенім үшін.

Кейін ол ай сайын болмаса да 2 айда бір хабарласатын, қалайсың сен аман болсаң болды дейді. Мен номерімді еш өзгерткен емеспін, ол да дәл солай. Содан бері 3 жарым жылдай уақыт өтіпті. Ол соңғы бір жылда мүлде хабарласпады, мен де бақыт тілеп қала бердім.

Осыдан 2 күн бұрын жәй ерігіп отырып кімнің номерлерін жатқа біледі екенмін деп отырғанмын. Содан әкем, шешем бауырларым, әжем ,бір-екі досым, құрбым және оның номері санамда сақталыпты. Жәй ғана телефоныма сақтап едім ватсабы шықты. «Сәлем» деп едім бірден таныды, я суретім жоқ я атым жазылмаған еді. Ол бірден: «Гулзира, шынымен сен бе?» деп қайта- қатты қиналдым, қатты жыладым, қатты өкіндім. Ол сол күйі әйелін жақсы көре алмапты, куйеуі назар салмаған соң әйелі кетіп қалыпты. Өзі әскери салада жұмыс жасайды. Еш адамды көзіме ілмедім әйелім бар, қызым бар, қызымның атын Гулзира деп қойдым дейді(мен жамылған жалған есім). Маған соңғы келгенінде ол үйін (ата-анасынан бөлек тұратын), көлігін сатып бар тапқан ақшасын жинап келген екен. Сенің еміңе септігім болсын деп әкелген едім. Сені қалай жақсы көретінімді айту үшін келген едім дейді.

Сіздерге білінбес, бірақ ішім өртеніп, ұяттан жарылардай болдым. Өзімді өзім жек көрдім. Өмірден безіп кеттім. Екі күн бойы ұйықтай алмадым. Ақыры айттым бар шынымды, ол тек үнсіз тыңдады. Бар айтқаны "еш өкінбеймін сенімен танысқаныма қуаныштымын сол кезде айтсаң да түсінетін едім, неге бұлай болды дейді. Өз өміріме еш риза емеспін, тек Гулзирам үшін өмір сүрем. Сен өзіңді кінәләма меніңде ақымақтығым, менің де кінәм" деді.

Өтірік қашан болсада ашылады екен. Ешкімге зияны жоқ болмаса жақсылық үшін өтірік деген болады, ал менікі бір адамның өмірін құртқан өтірік болды. Қатты өкінем бірақ пайда жоқ. Ол жігітпен қазір жәй таныстарша сәлемдесеміз, көңілі суып калды, әрине түсінем бірақ менде түрім болмаса сезімім, сөзім, ықыласым шын еді. Сол кезде бар шынымды айтқанымда осының бәрінің алдын алатын едім.

Гүлзира, Қызылорда

alashainasy.kz

Қайынсіңлім бақытын іздеп он күйеуге тиіп шықты...
Жездеме ессіз ғашықпын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу