Анам менің, енем күйеуімнің миын жегендіктен ажырасып тындық

Oinet.kz 27-10-2022 3334

Мен қазір сағыныштан жарылатын шығармын. Сіздермен бөлісіп, аздап болса да жеңілдегім келіп отыр. Мен күйеуімді сағынып жүрмін, біз бір  жыл бұрын ажырасқанбыз. Арада қызым бар. 

Screenshot_1.jpg

Біздің ажырасуымызға себеп болған анам мен енем. Анам менің, енем күйеуімнің миын жегендіктен ажырап отырмыз. Түсініп отырған шығарсыздар. Енем мені, анам күйеу баласын жек көреді. Бірақ мен енеммен тұрамын. Анаммен сөйлеспей қоюға болады. Бірақ енемнен қаша алмағандықтан ажырастық. Бір-бірімізді сүйеміз. Маған келіп тұрды, қызын көріп тұратын. 3 ай хабарсыз кетті. Міне тағы звондап қайтасың ба дейді. Мамаңшы десем, бірақ олар тағы бастайды. Біз бəрібір бақытты болмаймыз, қоя салайық дейді. Не істерімізді білмей жүрміз. Енді жүрегім ауырып жатыр. Қанша ұрса да, соқса да сүйемін оны. Анам мен енемді қалай көндіреміз? Ешкім түсінбес менің жағдайымды. Қиналғаным соншалық ойым да шашырап кетті

Жездеме ессіз ғашықпын
Туған жеңгеме үйленіп алдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу