Полковниктің ұлы болсам да әкесі сантехник қызға үйленуге мәжбүр болдым

Oinet.kz 25-06-2023 6197

Достарымның арасында көзге көп түсетін адаммын. Ол кезде район мен район болып бөлінетінбіз. Көбінесе жекпе-жек төбелесінде мен жиі тап болатынмын. Сабақты жақсы оқымасамда, көше абырайы мен үшін маңызды болатын. Əкем полицияда қызмет атқарады подполковник. Қанша бұзақылық жасап ұсталынып қалсамда, əкемнің ықпалымен босап шығам. Соның салдарынан тентек жігіт болдым. Ойыма не келсе соны іске асырмай қоймайтынмын. Не дегенмен жаспыз ғой, алды артын ойламай қорқу дегенді білмейтін. 

Screenshot_6.jpg5 қабатты үйдің бір пəтерінде тұрамыз. Əкемнің жұмысынан алынған пəтер. Анам үйде жұмыс істемейді. Əкемнің бар тапқаны жеткесін үйде отыратын болды. Анам онша көп ұрыспайтын, əкем болса қанша ұрысса да мені кез келген тығырықтан алып шығатын. 

Бала кезімізден жақсы араласатын көршіміз болатын. Үйде бір шаруа болып қалса сол кісіні шақыртамыз. Өзі сантехник əрі электрик. Ол кісі жалғыз қызын өсіріп отыр. Қызының есімі Мия. Жасы 15-те. Бар тапқанын жалғыз қызы үшін шашатын. Қызы сөйлемейді яғни туа біткен мүгедек. Əкем ол отбасыға ақшалай көмектесетін. 

Көбінесе үйдің алдына шықсам, сөйлей алмайтын қызы өзімен өзі отырғанын көп көретінмін. Ешқандай құрбысы да жоқ. Қызы пəтерде жалғыз қалудан қорқатын. Əкесі жұмысқа кетсе болды, үйдің алдында отырғанын жиі байқаймын. 

Əкем Олжабай ағаны қонаққа шақырған кезде қызын ертіп əкелетін. Сол кезде қызы менімен жақын араласқысы келетін. Мен анамның көңілі үшін ол қызды түсінетінмін. Ішкі ойын жеткізу үшін саусақтарын қимылдатын. Уақыт өте келі мылқауларға арналған белгілерді де шамалы түсінетін болдым. Оқуымнан үйге келсем ол қыз мені көріп амандасатын. 

Сол жылы əкем жеңіл көлік алып берді. Мен достарымен қыдырып кететінмін. Кейбір күндері оқуыма да бармай қалатынмын. Қыздарменде жиі араласатынмын. 

Соңғы уақыттар көп бұзылып кеттім. Əкемніңде ұрысқанын елемей өз бетімен жүретінмін. Көлікке отырғалы қала шетіне барып келу маған оңай көрінді. Үйге де түнемей баяғы тентек достарымен кететінмін.

Бір күні үйдің алдына отырған едім, Мияны байқадым. Өзі келіп қасыма отырды. Сол кезді пайдаланып мен оны көлікке отырғызып, қала шетінде орналасқан бір танысымның үйіне апардым. Мен негізі ол үйді сұрап алған едім бір күнге. Ақысында бір күнге төлеп қойдым.

Ол қыздың ойында ештеңе жоқ. Мен болса нəпсіме ерік берік, ол қызды арсыздыққа итермеледім. Нəзік жанды əлі мектеп бітірмеген қызға арам пиғылымды іске асырдым. Ол кезде Мия 10-шы сынып оқитын. 

Ештеңе болмағандай қызды үйіне апарып, одан кейін онымен байланыспай кеттім. 

Содан кейін мен ол қызды мүлде көрмеуге тырыстым. Одан кейін өмірім күрт өзгерді. Əкем зейнетке шығарылды. Мүлде жолым болмай кетті десе де болады. Оқу бітірге соң жұмысқа да дұрыс орналаса алмадым. Қанша талпынсамда үйленуде жолым болмайтын. 

Соңғы кездері Мияны қорлаған кезім түсіме кіретін болды. Неше жыл өтсе де ол ойымнан кетпеді. Біреудің өміріне балта шапқанымды кешіре алмадым. Сол оқиғадан бері 6 жыл өтті. 6 жылдың ішінде не істерімді білмей, жүрегімдегі мазамды қашырар ойдан құтылуға тырыстым. 

Маған сол кезде жақсы ой келді. Мен Мияны іздеп табуға тырыстым. Жазықсыз адамдарға қиянат жасауға болмайтынын түсіндім. Бұрынғы пəтерден әкесі екеуі көшіп кетіпті. бБасқа шағын ауданда тұрады екен. Мекен-жайын көршілер арқылы біліп ол қыздың тұрып жатқан үйіне бардым. Барсам үйінде жоқ екен. Əкесін көріп қал жағдай сұрастырып қызын сұрай бастадым. 

"Мия базарда жұмысқа орналасқан, сол жерден табасың" деп жауап берді. 

Базарға барсам бірден алыстан танып қалдым. Қасына барып амандассам, ол шамалы есіне түсіре алмай тұрды. Көрмегенімізге 7 жылдай болған еді. Кейін айтып түсіндірдім. 

Сол кезде Мия сөйлеу білмесе де, қолдарымен түсіндірді.

"Неге жоғалып кеттің? Сені жақсы жігіт деп ойлайтынмын, істеген ісің дұрыс болмады, мен саған қатты ренжідім оңбаған" деп қолымен кеудемнен бір ұрды. 

Көзінен жасы төгіліп қарап тұрды. Мен сол кезде кешірім сұрадым. Бірақ ол менімен ары қарай сөйлесуден бас тартқан жоқ. Оңаша мен онымен шайханаға отырып сөйлестім. Сол кезде көз жасын сүртіп, "мен сені кешірдім, енді жоғалып кетпе" деп түсіндірді. Одан кейінде ол маған мүмкіндік берді қайта кездесуімізге. 

Қазіргі кезде біз араласып тұрамыз. Көңіл күйімде орныма түсті. Жүрегім жəй тапқандай сезінді. 

Əрине менікі дұрыс емес. Маған сенім артқан қыздың арын таптадым. Ол жағдайдан кейін Мия ешқандай жігітпен жақын араласпаған. Жəне менде оны пайдаланып кеткенім үшін өзімді қатты кінəладым. Енді ол қызды келіншегім етіп алуым керек. 

Жарқанаттың шығармашылығынан

Енем банк карточкамды бермей қойғаным үшін кектеніп алды
Ағам ішіп алса, тиісетінді шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу