Баламды алып аналар үйіне барсам ба деймін

Oinet.kz 07-04-2024 2776

Құрметті оқырман, мен жастықпен тағдырдан таяқ жедім. Бәрі өзімнің кінәм, ешкімнен көрмеймін. Бірақ кейде өткенді ойласам, өмірімді қайта бастағым келеді. Әттең, бірақ өткенге өкінгеннен еш пайда жоқ қой. Мен сіздерден кеңес сұрайын деп жазып отырмын. Ары қарай қалай өмір сүрем.

Screenshot_9.jpg

Жасым 18-де. Осыдан екі жыл бұрын ақымақтығымнан екіқабат болып қалдым... Жақсы көрген жігітім бір-ақ күнде тастап кетті. "Бала менікі емес" деп кете барды. Анам мен əкем де білді, үйде айқай-шу болды. Бар ауыртпалық анама түсті, жылап-жылап жүрегі ауырды. Баланы алдыртқым келген, бірақ бәрі кеш болды.

Кейін ұл тудым, мамам өзімізге аламыз деді. Үйде 3 қыз болғасын баланы өздері бағатынын айтты. Мен де жарайды дедім, əкесіз өскенше мені өсірген əкем мен анамның қолында өссін дедім...

Бəрі жақсы болған осы күнге дейін, балам осы үйге шуақ əкелді. Сол күлсе бәріміз күлеміз, жыласа жылаймыз Қазір сәбиім 1 жастан асты. Тәп-тәтті балапанның қылығына бәріміз қуанамыз, əкем де соның сөзін сөйлейді.

Осы 1 аптадай бұрын əкем мен анам ұрсысып қалды. Мамам маған "Сенің кесіріңнен ұрсысып қалдық, жолдан бала тауып нең бар еді. Енді әкең маған осыны өмір бойы бетіме басатын болды", деді. Осы сөзден кейін өзімді қоярға жер таппадым. Отырып ойландым бəрі менің кесірімнен болса, баланы алып кетейін... Бізді көрмесе, көзіне күйік болмаса, мамама да ондай сөздерді айтпайтын шығар. Қалай ойлайсыздар, кеткенім дұрыс па? Тағы сұрайын дегенім, Шымкенте аналар үйінің адресін кім біледі?

Аноним

Alashainasy.kz 

Қолына артық ақша бітсе күйеуімнің құтырып кететінін білемін
Асаба әйелдің қоймай айтататын анегдоты, өз қасіретіне айналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу