Күйеуімнің осы қателігінен балам іштен ауру болып туылды

Oinet.kz 19-03-2024 974

Әке-шешемнен 3 айымда тірі жетім қалдым. Нағашылар қолында қыстын күні резеңке етікпен малын жайғап, не істесемде тірі жетім жетімек деген сөздерді естіп өстім. Не жағдай болсада мені нағашым атпен қуып қамшымен ұрып, апам тас атқылап ұрып әкелетін ойнап жүрген жерімнен. 

Screenshot_2.jpgБірақ соған қарамай сабағымды 5-ке оқыдым. Арманым заңгер болу еді. Әттең үлкен әжем ғана мені қорғайтын, сол өмірден кеткесін бытырадық. Тағдырдың тауқыметімен ерте тұрмыска шықтым. 16 жасымда тұрмысқа шыққан жолдасым "сен жетімсің" деп күнде ұратын. Күрекпенде басымды жарған. Баратын жерім жоқ. 6 жыл көніп, таяғына шыдап жүре бердім. Қызымды жардан-жарға лақтырып "маған балам ғана керек" деп бірге ұратын. Талай арыз жазылды, қараусыз қалды, сөйтіп жүргенде 3-шә балама аяғым ауыр болғанда, күйеуім оны менен емес деп тепкілеп тастайтын. Неше түрли полицейлер келеді. Шақырғанда солардан шығар деп, содан сол таяқтың кесірінен балам іштен ауру болып туылды. Ақыры шыдамым таусылып ажырастық. Осы уақытқа дейін баласын мойындаған емес. Солай жүріп осы екінші жолдасыма жолықтым.

Басында бәрі жақсы болатын. 15 жыл бірге тұрдық. Бірақ үшінші іштен ауру болып туылғасын 6 жасқа дейін тілі шықпай, тілі шыққанмен мінез құлқында ақауы бар деген диагнозбен мүгедектік берілді. Көп сөзді көтере алмайды, сол балама жолдасым өшігіп алды. Әдейі қытығына тиіп жындандырады. Шыдай алмай қатты ұрысамыз. Атын атамай боқтап шақырады. Соңғы екі жыл осылай маған айдастырып үйде бірдеме болса сол баламнан кореді. Мінезі күрт өзгеріп кетті. "Кет" дедім. Талай кетсем "шеттеріңнен асып кетем" деп қорқытумен келді. Газды ашып жарып жіберем дейді. Алиментке бермейсің, берсең жақсылық күтпе" дейді. Маған алименты де керек емес. Тек балаларымнан аулақ болса болғаны. Арқасүйер ешкімім жоқ тағдыр менен тумай жатып бәрінен айырды. Енді қалған жерде балаларымнан айрылғым келмейді. Барымда, нарымда солар. Кейде кеткім келіп талай оқталдым. Алды үлкен болғанымен 8 балапанымды кімге аманаттап кетем менен баска кімге керек деп сабырға келем. Сыртым бүтін, күлгенмен ішімде үлкен мұңым бар. Тек өкініштісі тыңдап, қолдар адамым жоқ, өзім жетімдікті көргесін балаларыма көрсеткім келмейді. Кісі қолына жаутаңдап кім басымнан сыйпар екен деп күтуден ауыр не бар.

Ләззат Ракишеваға келген хаттан. 

Әйелімді ешқашан кешіре алмайтын шығармын
Жексұрын күйеуіме қарап, одан 2-ші баланы туғым келмей жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу