17 жасымда үйдің 6-қабатынан секіріп кетуге мәжбүр болдым, бірақ тірі қалдым

Oinet.kz 01-06-2024 1601

Мені 17 жасымда алдап шақырып таныстарым зорлады. Содан сол үйдің 6 этажынан секіріп кеттім. Өйткені олар тағы біреуді шақыратын болды. Ұмыта алмаймын. Жыным келеді. Аяқтарым ауырады. Белім ауырады. Денсаулығым болмай қалды.

Screenshot_5.jpg

Қазір тұрмыстамын. Жақсы адамды кездестірдім. Тәуба Ұлдарым бар. Олар үшін қатты қорқамын.

Оның алдында 12 жасымда туыс аға келгенде тиісіп кететін, қолымен шұқылап денемді сыйпалап ,кеудемді ұстап ,иіскеп жаман қылықтар жасап. Ешкімге айтпа ,айтсаң өлесін дейтін .Сосын біреуге айтуға қорқатынмын .Қонуға келіп тұратын үйімізге. Неге ата анам қондырды. Алай дүлей болады әлі күнге дейін ішім.

Биік этаждан құлаған соң неше жыл төсек тартып жаттым. Көп қиналдым больницада жатқанда.Аллах маған көмектесіп аяққа тұрдым! "

Көп есіме түсе береді. Бірінші зорланбасам да жиіркенішті заттар жасады ғой туысқаным.

Жексұрын. Кейде көрем оңбаған туысымды түк болмағандай жүр (

Қазір шүкір тұрмысым жақсы, күйеуім жаксы. Жұмысым да бар. Оқу да оқып еңсемді тік көтеріп кеттім. Әке шешем үшін солай жасадым. Әрқашан күліп жүрдім. Бір жыламадым ата анама неге солай болды деп. Сол күш қуат берді дер ойлаймын!

Бірақ өзім талай түндерді жылап өткіздім....

Ляззат Ракишева Instagram парақшасынан

Сыныпта он бесіміз бірдей ғашық болған сұлу қыз сотталып кетіпті
Намазға келсем, шатасам ба деп қорқамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу