Мені зорламақ болған өгей ағамды жездем жазалады

Oinet.kz 01-06-2024 1152

Анамның бірінші күйеуінен бір ұлы бар. Ол менен 7 жас үлкен. Яғни анамыз бір, əкеміз бөлек өгей ағам. Үйде 1 ұл, 3 қызбыз. Менен кейін екі сіңілім бар. 

Screenshot_18.jpg

Өгей ағама наразымын. Кішкентай кезімде ұйықтап жатқанымды пайдаланып денемді ұстайтын. Ол кезде мен мəн бермейтінмін. Əке-шешем жоқта бізді қорқытатын. Дөрекілік көрсетіп айтқанын орындатқызатын. Арам ойын іске асырғысы келіп зорламақ болған. Мен кімге айтарымды білмей дал болдым. Әке-шешем үйде он шақты күн болмаған кезде анамның сіңілсінің күйеуі яғни жездеме бәрін айттым. Яғни жездеме өгей ағам тиісе береді деп айттым. Себебі анам ол ұлын тым артық еркелетін. Оған қоса нағашыларыда ештеңе айтпайтын. Жездемнің мінезі дауыл көтерілгендей одан барлығы қаймығатын. Оның сөзі жүргесін, ол əкесін танытып құлағынан бұрап, əдемілеп түсіндірді. Одан кейін өгей ағам тиіспейтін болды. Ол кезде көп болса мен 14 жаста едім.

Қазір үйде отырады, жасы 25 те.  Жұмыста тұрақтанбайды. Əрі кетсе 2 ай істеп, шаршаған күйде шығып кетеді. Бар қолынан келетіні бос уақытында телефон шұқылап, əжетхана мен жатын бөлме екі ортада жүруді ғана біледі. Осыған дейін ешқандай досы болмаған. Тек қарнын сипап салмақ қоса алады. Соңғы жылдары семіздікке шалдыққалы, анасының берген ақшасына күн көреді. Анамда шаршады жұмыс істе бөлек шық деп айтудан. Əкем мүлде аузын ашпайды. Анамның айтқанын шыға алмайды. 

Беті қалын болғасын менен кешірімде сұраған жоқ арсыздығы үшін. Оның орнына ол өз жазасын алды. Қазір денсаулығы нашарлап кеткен. Бұған себеп анам көп еркелетіп жіберген.

Психолог Жарқанаттың хатынан

Психолгтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85

(Қысқаша айтарым. Менімен бетпе бет сөйлескен адамдардың оқиғасын жазамын. Мен тек психологпын. Оқиғада болған кейіпкерлер ішкі сырын айтады)

«Үш рет өзіме қол жұмсағым келді»: Сарыағаштық таксист жан сырын ақтарды
Бұрынғы жігітіме көңілдес болдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу