Сіңлім де шешем секілді жезөкшеге айналып кетті

Oinet.kz 21-07-2024 5627

Шешелер осы қателікті қайталамаса екен деймін. Әке-шешем мен 2 сыныпта ажырасты. Баяғы қу арақтың кесірі. 

Screenshot_7.jpg

Үйде екі қызбыз. Шешем бізді қалаға алып келді. Нағашыларым бізге үй әперді. Сонда тұрып жаттық. Сөйтіп жүріп, шешем бір ер адаммен танысып, сол кісі үйге жиі келетін болды. Біздің үй екі бөлме еді. Спальныйға кіріп кетеді де, отырады. Біз әңгіме айтамыз деп. Біздің киімдеріміз, кей затымыз сол бөлмеде тұратын. Сіңлім екеуміз керек затымызды ала алмай, күтіп-күтіп, ақыры тв көріп, ұйықтап қалатынбыз. 

Ол уақытта мен он жастамын. Мектеп бітірдік, студент болдық, мен тіпті күйеуге тиіп, бала тудым. Соған дейін ана кісімен жүрді мамам. Мен үйден кеткенше тірлігі сол еді. Келеді, бізге тәттілер әкеледі. Сөйтеді да, спальныйға кіріп кетеді. Уже өсе келе мен білдім, не екенін. Жігітім болды, жүріп жүріп, жатып қойдық. Бір күні үйде кір жуайын деп жатсам, маманың футболкалары жатыр екен. Қоса жуа салайын десем, Шәуіттің исі мүңкіп тұр. Мен білетінмін, өйткені жігітіммен қосылып жүрдім. 

Шешемнен қатты жиіркендім. Сіңлім жаман жолға түсіп кетті. Қазір басқа қалада. Шешеммен араласпайды. Өзінің өміріне шешемді кінәлайды. Мен сөйлесіп тұрамын. Мен жігітіме күйеуге шықтым. Бір бала ғана тудым. Қазір тек бет-бетін ғана айтып отырмын. Балаға әке-шеше ең авторитет адамдар. Баланың алдында өздеріңізді олай түсірмеңіздер.

Шешем өзінің жасағаны білінбейді. Сіңлімді жүргіш, жезөкше дейді. Өсірдім, жеткіздім, мынау түрі деп кінәлайды. Сендерді алқаш әкелеріңнен алып келдім. Мен болмағанда ауылда жүретін едіңдер деп үнемі айтады. Ал сіңлім менің осындай болғаныма мама кінәлі, менің көз алдымда болды сондай жағдайлар дейді.

Ішім удай ашиды сіңліме қарап. Өмір бір рет қана беріледі. Соны адам сияқты сүру керек қой!

Ләззат Акишеваға келген хаттардан

Қояншық келінімнен қалай құтыларымды білмей жүрмін
«Басқа біреуден көтеріп қойған соң, баланы алып тастап жүр екен» дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу