Сөйтіп жүріп, оның төсегінен бір-ақ шықтым
Менің жасым 25-те. Кезінде Шымкент қаласынан арман қуып, ару қала Алматыға келдім. ҰБТ-дан жоғарғы балл жинап, ҚазҰУ-ге журналистика факультетіне грантпен түстім. Басында барлығы тамаша болды. Өзім негізі көрсе ел қызығарлықтай сымбатты қызбын. Көп жігіттер сөз салды, бірақ тәкаппар болып ешбіріне қарамадым.
Солай уакыт өте, 2 курсқа өткенде киноға түсу туралы ойланып, кастингтерге қатыса бастадым. Бағыма орай тамаша фильмде қосалқы рольде ойнайтын болдым
Сонымен күнделікті кино түсірілімдеріне барып жүрдім. Тамаша сәттер еді. Әлгі біздің киномызды қаржыландыратын Алматы қаласында атағы бар, 46 жастағы бизнесмен кісі еді.
Содан бір күні ол да түсірілім алаңына келді. Өзіне қыз таңдауға келгендей, барлығымызға бастан-аяқ қарап шықты. Содан маған көзі түсіп, ұзақ қарап, кетіп қалды. 2-3 күннен соң қызықты оқиғалар басталды. Керемет гүл шоқтары, асыл тасты бұйымдар. Ол әрине өзі әкелген жоқ, жүргізушісінен беріп жіберді.
Осылай 2-3 ай әбден еркелетіп, бауыр да басып қалдым. Қысқасы, арада қалай уақыт өткенін білмей, оның төсегінен бір-ақ шықтым. Сірә, байлығына басым айналған болар шамасы. Содан біз бейресми үйлендік. Екінші әйелі болдым.
Оның әйелі мені жек көретін, тіпті мені өлтіртпекші де болды. Ол әйелімен бірге тұрды, ал маған қаладан үй алып берді. Өзі күніге келіп тұрды.
Қазіргі таңда есімді жия келе өз ісімнен ұяламын, тастап кеткім келеді. Ол кісіден жиіркеніп тұрамын. Айналамда қаншама жас-жігіттер жүр, ішім удай ашиды ойлансам. Ақшаның да мәнісі кетті. Үйден шығармайды мені. Басқа біреумен жүріп қоясың деп. Есік алдында күзетші. Шаршап кеттім уже. Телефонды көтермей қойсам, айқай ұрыс, тіпті ұратынды шығарды. Жек көріп кеттім. «Ажырасамыз» деп айтсам, «отбасыңды құртып жіберемін» дейді. Амал жоқ, отбасым үшін төзудемін. Мен ол кісі үшін тек қана көнілдес сияқтымын. Келіп, шаруасын бітіріп, кетіп қалады. Қайран жастық шағым-ай... Киноға түспегенімде мұның бірі де болмас еді.
Қарғайтындарыңызды да, ақылдарыңызды айтып жерден алып жерге салатындарыңызды да білемін. Не дейін барлықтарыңызға сабыр тілеймін. Маған да қиын, ол кісімен бірге болу, я арада жылдар өтсе де арамызда бала жоқ. Екеуміз де дәрігерге тексерілдік. Кінәрат ол кісіден болды. Бірақ, мен керісінше, «кінәрат менен» деп айттым. Шынымды айтсам одан бала туғым да жоқ.
Әрине ол кісінің әйелі мені жек көреді. Қанша рет кешірім сұрадым. Кешегі күнге дейін кешірім сұрап келдім әпкеден. Жақында әпкемен сөйлесіп, екеуміз бір шешімге келдік. Құйтыртқы жоспарлар құрып әлгі кісінің менімен ажырасуына мәжбүрледік. Ол кісі дүние мүлкін жақсы көреді. Негізгі себеп дүние мүлкіне тірелсе ол мені де сатып жіберуге дайын. Кейбір тірліктері тіпті қанымды қарайтады. Менімен бір жерге барса ақша санап тұрып алатыны, қанша жағдайы болса да «түсір» деп саудаласып кететін мінездері тіпті жиіркендіреді.
Сол дүниеқоңыздығы ма ақыр соңында көніп ажырасатын болдық. Біз бәрібір заңды некеде емеспіз. Жай ғана мені көңілдесі ретінде пайдаланды. Басы тәтті аяғы ащы болды.
Ойлап қарасам көңілдестігімнің өтеуі ретінде айтарлықтай ештеңе де алмаппын. Бір бөлмелі үйді өзіне ап қалуға жанталасты. «Мейлі» деп қайтардым. Баста үйреніп кеткенше деп ескі көлік алып берген, қазір оның лақсасы шығып тұр. Сатып ақша қылатындай да емес. Рас әперген үш-төрт алтыны бар. Бірақ жұмыс істей жүріп оны өзімнің де алатын шамам бар еді ғой.
Жасырып керегі не көңілдесі бола жүріп, төсек те ойымнан да шығып көрмепті. Есесіне қанша уақыт жастық шағымды ұрлады... Мен мұны мақтанып жазып жатқаным жоқ. Жай ғана қыздарға сабақ болсын деп жаздым. Өтініш тағы айтарым, біреуді қарғамай тұрып өзіміздің артымызда бала-шағамыздын өсіп келе жатқанын ескерейік.
Аяла, Шымкент қаласы
Аlashainasy.kz