Бар ашу-ызамды 7 жасар ұлымнан аламын. Күнде ұрып-соғамын

Oinet.kz 21-10-2024 384

Саламатсыз ба? Менде детская травма бар-ау, 7 жасар ұл баламды бәріңе кінәлі қыламын, бар сөздерді айтамын, қолынан түк келмейді түккеде пайдаң жоқ деген сияқты осыдан қалай арылсам болады?

Screenshot_11.jpg

Бар ашу-ызамды осы баламнан алатын сияқтымын, солай түнде өкінемін, болмасам әкесін жек көріп кеткеннен ба? Ажырасып кеткенбіз. Осы бір жаман әрекетімді қойып, сабырлы болуды қалаи үиренсем болады?

Әңгімені басынан бастасам кішкентайымыздан әкемнің тегін концертін көріп өстік, одан алып қашты. 20 жасымда 1 жылдан соң осы тұнғыш баламды өмірге әкелдім. Енеме жақпадым. Күйеуімді изменамен ұстадым сомен ажырастық. 4 жылдан кейін өзімнен 16 жас үлкен адамға тұрмысқа шықтым. Оның 4-ші әйелі екенімді кейіннен білдім. Ішімде 4 айлық қызым барда ажырастық. Себебі тұнғыш балам. Бірге тұрмаймын, ол кісі ұнамайды. Мені ұрады деп шықты. Шын-өтірігін білмедім. Бірақ балама суық болды. Содан ұрыс-айқаймен ажырастым 2-ші рет. Қазір Аллаға шүкір қызым 1-ден асты. Жұмысыма шықтым бәрі жақсы сияқты. Бірақ осы мінезім шықты алдын мүлде ұрыспайтынмын, ұрмайтынмын, не болғанын өзімде білмеймін. Баламды аяймын, бәріңе кінәлі қылып қойған сияқтымын.

Жаным тыныш емес, ер адамның тәрбиесі керек болды ма білмедім ойым шашыранқы, маған ақыл кеңес беріңізші, кай жерде не істеуім керек?

Ләззат Акишеваға келген хаттардан

Қазақ еркектерінің көбісі оңбаған екеніне көз жеткіздім
Бұл өмірде менен артық келін жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу