Әйелін тастап кеткен ақымақ еркек туралы тәмсіл

Oinet.kz 23-09-2019 2058

Screenshot_6.jpg

- Кетем дейсің бе?

- Иә! Мен басқаны сүйем! Сенен де, ана түнімен жылайтын, шулаған балаларыңнан да жалықтым!

- Бірақ олар туған балаларың емес пе? Кіп-кішкентай қып қалай тастап кетпексің?

- Болды, кетшей былай! Басқа әйелдер сияқты сұлу да емессің! Быттиып...

- Ұлымыздың өмірге келгені кеше ғана ғой? Кішкене өскен соң арықтап, қалпыма келемін...-деп әйелі көз жасын сүртті.

- Кетем дедім бе, кетем болды! Тұр былай!-деп айқайлады да, әйелін бар күшімен итеріп жіберді.

Жерге құлаған анасының жанына 2 жасар ұлы үрпиіп жүгіріп келді.

-Жақсы, кетсең кет. Бірдеме қып сенсіз де өмір сүрерміз. Бірақ есіңде сақта. Кеттің бе, енді қайта келме!-деді әйелі орнынан тұрып. Сөйтті де жылап жатқан 5 айлық сәбиін қолына алып, үшеуі кетіп бара жатқан әкелерінің соңынан қарап тұрды...

-Алло? Қазір келем! Келе жатырмын дедім ғой, не болды сонша?-деп ашулана жауап берді трубканың ар жағындағы әйелге 30 жастағы жігіт ағасы.

***

5 жыл өтті. "Қанымды ішіп бітті мына қатын, сәл демалып қайтпасам, үйге мүлде барғым келмейтін болыпты!"...

Саябақта отырған оның көзі бір уақытта ойыншық ойнап отырған ұл балаға түсті. "Менің балаларымның қалы қалай екен? Өсті ме екен? Бір рет те xабарласпадым..."

Дәл осы кезде анадай жерде қасында екі ұлы бар бір аққұба келіншек келе жатты. Жүзі таныс. "Ол сол ғой? Бұрынғы әйелі..." Сөйтті де қасына жетіп барды.

-Қалайсың?

-Сәлеметсіз бе?

-Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын! Менің ұлдарым ба?

-Ол енді маңызды емес...

-Мен...

-Ештеңе айтпа! Сен сол кезде бәрін айтып кеткенсің.

Сол-ақ екен, кенет екі ұл "әкелеп" ана жақта келе жатқан ер адамға қарай жүгіре жөнелді. Екеуін қатар көтеріп алған ана ер адам бұлардың қасына келді де, сұлу әйелдің ернінен сүйіп амандасты.

-Жаным, танысың ба?

-Жоқ, танымаймын, азық-түлік дүкенін таппай жүр,-деді әйел.

Соның арасынша 7 жастағы ұл:

-Ағай, дүкен анааау жақта,-деп сұқ саусағымен алысты көрсетті.

-Раxмет...-деді бұл үнсіз. Көзі жасқа толды. Сөйтті де төртеуінің соңынан ұзааақ қарап тұрды. Туған ұлдары. Жақын тұрса да алыс, бір-біріне сондай бөтен...

Азат Перуашев Божко туралы: «Әркім өз сөзіне жауапты болуы керек»
Ұлына «құл» болған әкелер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу