«Bal Tekstil» компаниясы 4-ші кезеңін іске қосты

Oinet.kz 03-10-2022 220

image.png

Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА-да қазіргі таңда  өндірісін өркендетіп отырған кәсіпорынның бірі «Bal Tekstil» кілем фабрикасы. Алғашқы қазақстандық фабриканың іргетасы 2012 жылы құрылды. Бастапқыда 4 кезеңмен дамытуды мақсат тұтқан кәсіпорында бүгінде өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. Құны — 2,5 миллиард теңге болатын жоба жылына 1,4 миллион шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Фабрика өндірісі жыл соңында толығымен іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болса, өнімнің 70 % ішкі, 30 % сыртқы нарыққа шығарылады. 

Жіп өндіретін шикізатты Түркия және Иран елдерінен алдыртып жоғары сапалы жіп өндіруден бастап дүкен сөресіне дейінгі жұмыстарды атқаратын кілем фабрикасының өніміне тек қана республика ғана емес,  шетелдіктердің де сұранысы жоғары. Үш үлкен бокстан тұратын фабриканың бірінші бөлігінде үш өңдеуден өтетін полипропиленнен жіп иіру станогы орнатылған. Жылдық қуаттылығы  4 мың тонна. Екінші бөлімі кілем тоқу цехы. Жылдық өндірістік қуаты 5 миллион  шаршы метр. Онан соң сан түрлі оюмен безендірілген кілемдер соңғы желімдеу және өңдеуден өтіп көздің жауын алатындай дайын күйге енеді. Соңынан тиісті орындарға жіберу процесінен тұрады.

Фабрика еліміздің жеңіл өнеркәсібі көшбасшысы болып танылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 4000 тн полипропилен жібін және 5 миллион шаршы метрден астам кілем мен кілем бұйымдарын құрайды. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында өз өнімін шығара бастады. Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіпкерлікке жасалынып отырған көмекті алған Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикасының шетелдің нарығында да сұранысқа ие болып отыр. 2020 жылы Қазақстанда жасалған кілемдерге әлемге әйгілі IKEA компаниясы назар аударды. Бұл Швед брендінің мерзімсіз келісімшарт жасасқан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны. Дәл осы жылы  кілем зауыты жанынан «Бал декор» принт кілемдері мен кілемшелерін өндіретін зауыт ашылған болатын. Кілемшелер заманауи үлгіде тоқылуда. Еденде таймайды, кір жуатын машинада жууға болады.Зауыт Түркиядан әкелінген технологиямен жабдықталған. 120  миллион теңгені құрайтын жобаның өндіріс қуаттылығы жылына 400  мың шаршы метр  кілемше. Мекеме 14  адамды жұмыспен қамтыған болса, өнімі ішкі нарықта саудаланумен бірге, Өзбекстан,  Ресей,  Тәжікстан елдеріне экспортталуда.

Өзін-өзі ақтаған алғашқы орталық
Жаңа жобалар ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу