Шымкент экономикасында өсім бар

Oinet.kz 17-11-2022 305

image.png

Шымкент қаласында биылғы жылдың 7 айында 507,6 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Қала экономикасына 219,1 миллиард теңге инвес­­тиция тартылған. Инвестиция көле­мі өткен жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға артып отыр. 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік даму жоспарындағы нысаналы индикаторлардың орындалу барысы көрсеткендей, өңдеу өнер­кә­сібіндегі өндіріс көлемі 445,2 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар 2022-2026 жылдарға арналып жалпы құны 1,9 триллион теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнының ашылуы көздейтін 300 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде жоспар бойынша 2022 жылы 165 миллиард теңгеге 50 инвестициялық жоба жүзеге асы­рылуға тиіс. Сондай-ақ биыл 52,8 миллиард теңгеге 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын қамтамасыз ететін 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспары тұр. Осы ретте бүгінгі таңға дейін 28,6 миллиард теңгенің 5 инвестициялық жобасы іске асырылды. Соның нәтижесінде, 465 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Шымкент қаласындағы өндірістік алаңдарды, яғни индустриалды аймақ­тарды құруға мемлекет тарапынан 17,8 миллиард теңге жұмсалса, осы уақытқа дейін өнді­рістік аймақтардағы өнім өндіру­шілер­ден 36 млрд теңге салық түсті. Бас­қар­ма келтірген ресми дерек бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс­пен қамтылғандар саны 179,9 мың адамға жетіп отыр. Кәсіпкерлікке қатысты өзге де мәліметтерге көз жүгіртсек, «Биз­­нес­тің жол картасы-2025» бизнесті қол­дау мен дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасы шеңберінде 2022 жылға қазы­надан 9,4 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда атал­ған бағдарламаға қатыс­қан 1 860 жо­баға 4 603 миллион теңге сомасында қолдау көр­сетілді.

Сонымен қатар 2022 жылға бекітілген индикаторларды орындау мақсатында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Зерде-Керамика» ЖШС, «Бал Текс­тиль» ЖШС, «Karlskrona LC AB» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар өздерінің өндіріс жүйесіне цифрлық технологияларды енгізген. Өнім шығаруда келеше­кте цифрлық технологияларға иек артқысы келетін және сол жолда тиісті жұмыстар атқарып жатқан кәсіпорындар қатарында бүгінде «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Барыс 2007» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «Гауһар» тігін фабрикасы» ЖШС, «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС, «Shymkent Temir» ЖШС, «Кazmedpribor holding» ЖШС және «Аsia trafo» ЖШС сияқ­ты компаниялар бар.

Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп жатыр
Кәсіпкерлер электронды форматта қызмет алып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу