Сайрамдық келіншек отбасын сауынды сиырмен асырап отыр

Oinet.kz 05-09-2024 95

Сайрам 13.jpg

Сайрам ауданында еңбекқор азаматтар өте көп. Олар мемлекетке алақан жаймай, өз күндерін өздері көріп отыр десек болады. Олар үйіргелік жерлеріне бау-бақша егіп, мал ұстап, өз несібелерін маңдай тер, адал еңбектерімен тауып отыр. Бүгінде олардың кейбірі орта деңгейге шығып, тек өз отбасыларын емес, айналасындағы көршілерін де бау-бақша, ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз ете алатын дәрежеге жетті. Бүгінде олар өздерінің үйіргелік жерлерінен мол өнім жинап, ауыл-аймаққа ұсынып отыр. Соның бірі – Карина Аділханқызы.

Ақбұлақ ауылында тұратын Карина Аділханқызы ес білгелі ата-анасы ірі қара бағып, сол арқылы пайда тауып отбасы мүшелерін бақты. Карина Аділханқызы өсе келе мал шаруашылығынан алыстап кетпеді. Ол жанына жақын ірі қара шаруашлығымен айналысуды жөн көрді. Себебі ол сиырдың барлық қыр-сырын біледі. Ол қандай жағдайда сиыр мол сүт береді, мол сүт беру үшін не істеу керек, барлығынан хабардар. Яғни өз ісінің маманы десек болады. Ол өзінің қорасындағы бірді-екілі сиырдан өзі ойлағандай өнім ала алмады. Соның салдарынан сүт сұрап келетін клиенттерінің сұранысын орындауға әлеуеті жетпеді. Ойлана келе ол кәсібін кеңейтуге шешім қабылдайды. Нәтижесінде ол «Ауыл аманаты» жобасымен кәсіп бастады. Яғни ол алдымен жергілікті арнайы мемлекеттік мекемеге барып, өзінің жоспарымен бөліседі. Мекеме оған арнайы көмек көрсетіп, Карина Аділханқызын жеке кәсіпкерлікке тіркеп береді. Осылайша ол өз кәсібін заңды түрде бастауға мүмкіндік алады.

«Карина» жеке кәсіпкерлігі болып тіркелген ол өз бизнес жобасын сәтті қорғап, 5 400 000 теңге жеңілдетілген несие алды. Ол бұл қаржыға сауынды сиыр басын көбейге шешім қабылдады. Себебі мал басы көбейсе, сауатын сүт те көбейетіні заңдылық. Осылайша ол жаңа деңгейге шығып, әлеуеттік кәсіпкерлер қатарына қосылды.

Содан бері бір жылдай уақыт өтті. Қазіргі таңда Карина Аділханқызы қаржыны толықтай игерген. Өзінің үйінің ауласынан қосымша қора-жай соғып, сауынды сиырларын жайлы жағдайда бағып отыр. Жем-шөп қоры өте мол. Яғни алдағы қыста ол еш қиналмай шығады. Сиырларға арналған дәрумендерді де көптеп алып қойды. Яғни қыста сиырлар ауырмас үшін және сүт сапалы әрі дәмді болу үшін оларға жем-шөптен бөлек, ағзаға қажетті дәрумендерді егеді.

Screenshot_1.jpg

Каринаның сауып отырған сүті таза табиғи, құрамында ешқандай қоспасы жоқ болғандықтан, оның өмірін сұрап келетін ауылдастар саны артқан. Карина олардың барлығының сұранысын еш қиналмай қанағаттандырып отыр. Ауылдастар да Каринаға дән риза. Олар сапалы өнім іздеп, жан-жақты кезбей, көршілернен тұрақты түрде алып отыра алады.

Карина алдағы уақытта мал басын бұдан да әрі көбейтіп, тек өз ауылдастарын емес, енді ауданды сапалы сүтпен қамтуды мақсат тұтып отыр. Жалпы сүт деген сұранысқа ие. Ғалымдар әлем бойынша 400 000 ересек адамды 28 жыл бойы бақылап, зерттеу жүргізді. Сонда бәрінен де сүтті аз ішкен немесе мүлде тұтынбаған адамдарға қарағанда, көп сүт ішкендер жүрек, инфаркт секілді ауруларға аз ұшыраған. Сүттің тағы бір қасиеті - түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Сүт организмге тусетін коректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, көмірсу минералды тұздар тағы басқалармен бірлесе отырып, осы коректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.

Сондықтан да сүт ылғи базар сөресінен түспей, адамдардың сатып алатын ең қажетті тауарларының бірі болады. Осыған байланысты сүт өндірісі алдыңғы қатарлы кәсіптердің бірі болып қала береді.

Карина Аділханқызы өзін берекелі кәсіппен айналсып жүргенін айтып мақтанады. Расында да адамзатқа пайдасы бар кәсіппен айналысқан адамның жұмысы жанға қуаныш сыйлап, өзгелерді де қуантатынын ұмытпауымыз қажет.

Алдымызда үлкен міндет, үлкен жауапкершілік тұр
Жаңа үлгідегі трактормен кәсібін дөңгелетіп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу