Ақша жайлы ырымдар

Oinet.kz 05-09-2019 2812

9213ca16245e478ed6a7ccda8cdc55f5.jpg

Ақшаны кім жақсы көрмейді десеңізші. Кейбір адамдар тым ырымшыл келеді. Ендеше ақшалы болғыңыз келсе келесі ырымдарға көз жүгіртіңіз.  

Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы - машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді. Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. 

Егер санауға тура келсе біреуге жасатқаныңыз жөн. Егер сіз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма- қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн. Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз. Көп жағдайда үйде бос шыны ыдыстары - банка, жәшіктер тұрып қалады. Бұлар - “қара үңгірлер” үйге келген кірістің бэрін тартып кетеді. 

Егер сіз бос ыдыстарды тастауға шамаңыз келмесе ішіне міндетті түрде бірнеше дән немесе тиындар тастаңыз. Үстел үстіне бос шыны қоймау да осыдан шыққан. Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп: “Жаңа ай қалай өсіп келе жатса, маған сондай ақша келсін” деп айту керек. 

Сейсенбі күні қарыз сұраудан аулақ болыңыз, кем дегенде бір ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар. Әруақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіріледі. Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз. Келесі ақшаны шақыратын болады. 

«Жасыл экономика» - дамудың стратегиялық бағыты
Қазақстан «ресурстық қарғыстан» қалай құтылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу