Карантин: дүкенде аурудан қалай сақтанамын?

Oinet.kz 06-07-2020 1325

Карантин кезінде дүкенге барудың да өзіндік тәртібі бар. Қосымша сақтық шараларын ұстану ешқашан артық болмайды. Сақтықта қорлық жоқ. 

3-3-750x500.jpg

Үйден шыққанда мынаны ескеріңіз!

Шаңды аз ұстап, аэрозольдерді сіңіретін киімді таңдау керек. Киім өңдеуге ыңғыйлы болғаны жөн (үйге келгеннен кейін оны дымқыл шүберекпен сүртуге болатындай). Осыдан кейін қолды мұқият жууды ұмытпаңыз. Уақытты жоспарлау аса маңызды. Сауда орны жаңа ашылған сәтте баруға тырысыңыз. Адам аз кезде вируспен жұғымдану қаупі төменірек болады. Зат салу үшін себет емес арба қолданған ыңғайлырақ.Kanayan Retail & Development Consulting(дүкен дизайнын жасаумен шұғылданатын бренд) зерттеуі  сағат 11-ден кейін және сейсенбі күні таңғы 9-ға дейінгі уақытты тұтынушы аз кез деп тапты. 

Дүкендегі қауіпсіздігіңізді сақтаңыз!

Ең сәтсіз уақыт-11-ден 15-ке дейін. Бұл аралық сатып алушылар ең көп кезекке тұруы тіркелген уақыт. Мәжбүрлік туындап жатса, бұл уақытта да ауру жұқтырмай дүкен аралауға болады. Тек кезек мәселесін ескеріңіз. Жеке қорғанысқа келетін болсақ, эпидемиологтар  масканың тиімділігі аз екендігін айтады . Дүкенде ауру жұқтырмас үшін кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық көмектеседі. Өзін нашар сезініп тұрған адамдардан барынша бойыңызды аулақ ұстаңыз. 

Қауіпсіз өнім алыңыз!

blog25_1.jpg

Өнімдердің барлық дерлік санаттарын қауіп-қатерсіз алуға болады. Негізгі ереже-оларды өңдеуге болады. Жемістер, көкөністер мен қаптамалар-мұқият жуыңыз, ал ет пен балық-жақсылап пісіріңіз.Қауіпті нәрсе — дайын өнім. Салаттар мен супермаркеттердің ас үйінен пісірілген тағамдарды вируспен жұғымдалған адам дайындауы мүмкін.  Бұл факторды ешкім елемейді.

Төлемді  дұрыс жасаңыз!

mozhno-li-perevesti-dengi-s-zablokirovannoj-karty-sberbanka1-e1570071167245.jpg

Қолма-қол ақшамен төлеуге болады. Дүкенге қолғаппен барсаңыз да, қайтарым ретінде алған ақшаңыз вируспен жұғымдалған адамға тиеслі болмағанына ешкім кепілдік бермейді. Ең ойға қонымды нұсқа- төлемді карточка арқылы жасаңыз.

Дүкеннен келген соң да сақтану жалғасады!

2020-03-31-17-35prostymi-slovami-o-koronaviruse-i-samoizolyatsii-vsjo-samoe-vazhnoe.jpg

Үйде барлық сатып алынған заттарды жуып, жақсы сақталатын орынға жайғастырыңыз. Үйде қол мен бет-әлпетті бірден жуу керектігін атап өтті. Көше киімі арнайы тазалауды қажет етпейді. Бірақ сақтық артықтық етпейді. Заттарыңызда вирустар көбеймейді. Вирус зат материалына байланысты өмірін сақтайды. Бірақ дизинфекциялау арқылы өз қауіпсіздігіңіздің сапасын арттырасыз.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Қалай тез ұйықтауға болады?
Кір сабынның пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу