Әбу Әли ибн Сина

Oinet.kz 26-05-2020 1355

Шығу тарихын білмеген ғылыми терминдерді гректен, латыннан алынған дей салу бізге жабысқан әдет, «медицина» сөзін де латын тілінен алынған деп қысқа қайырып жүрген жайымыз бар.

Ибн Сина медицина ғылымын құрушы ғұлама ғалым |

Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан айналыса бастаған. Ел арасындағы емдеу тәсілін үйрене бастап, өзінің қызығушылығымен көп кітаптарды оқыды, әсіресе, әлемге белгілі гректің Гиппократ пен Галеннің медициналық еңбектерімен танысып, оның мән-мағынасын ашатын сипаттама яғни түсіндірме жазды. Ол түркі ұлтынан болғанмен араб, парсы тілдерінде жазған. Негізгі тақырыбы ағартушылық пен ғылым-білімді уағыздау, сондықтан да медицинаның бір бөлігі – білім, екіншісі – тәсіл, екеуі де ғылыми әдіспен орындалады деп түйеді.

Нәпсіге де, қомағайлыққа да жол бермей қанағат ету Әбу Әли ибн Синаның негізгі қағидасы болатын. «Нәпсісін тыйғандар – пәк жүректі адамдар, олардың табиғаты хикметті болып, Тәңірі оларды бақытты жандар етіп жаратқан» - деген болатын.

Қазақ арасында Әбу Әли ибн Сина жайлы аңыз, жырлар айтылып келді. Қазақ арасында Шығыс аңыздарының желісіне құрылған «Әбуғалисина» жыры. Жырдың негізгі кейіпкері Әбу Әли ибн Сина емші, хакім, елші, ғалым, әулие және ислам діні заңдылығының білгірі. Жын-шайтандарды айтқанына көндіріп бір шыбықпен айдаушы болып суреттеледі. Қызылордалық жыршы-ақын Қуаныш Баймағамбетов (1895-1973) жырлаған «Әбуғалисиға, Әбілхарис» жыры «Қазақ халық әдебиеті» топтамасының 2-томына енген. Ұлы дәрігер туралы Жақып Елшібайұлының «Әбу Әли ибн Сина» атты жыры болған болса, Шораяқтың Омары өз өлеңдеріне қосқан. Қазақтың эпикалық (грек тілінен алынған) «Шора батыр» жырында:

«Медет бер» - деп, пірлерге

Сиынып тұрмын жағалап.., – деген жолдар (Қыдырәлі Саттаров (құраст.) Рухани мұра. 3-том. Қаратаудың арқалы сері жырауы Болатбек Ердәулетұлы. Алматы: Жазушы. 2007. – 496 бет. 225-бет) кездеседі.

Енді біз, медицинаның нышандық шартты белгісіне тоқталсақ. Өз дәуірінде ибн Сина емдемеген ауру қалмаған екен. Ол жұмасына бір рет кеселдерді жинап олардың көзіне қарап тұрып ауруын айтатын және оның ауыруына ем болатын табиғи дәрілікті ұсынып отырады, Ибн Синаның алдына келгендердің барлығы құлан-таза айығып кететін болған. Бірде жасы 30 шамасындағы сырқат жас жігіт екі рет келіп кеселіне дауа да, жауап та ала алмай, күннен-күнге әлсірей бастайды. Тұрмыс тауқыметі қатты қысқан жігіт «өлігімді балаларым көріп қамықпасын» - деп, әйелімен қоштасып үйден шығып кетеді екен. Жолда қаңғалақтап келе жатып: «Өлігім далада қалса ит-құсқа жем болармын, не де болса ата-бабам жатқан молаға барайын» - деген ой келеді. Моладағы сансыз ескі шұңқырлардың бірінде жуандығы білектей қара шұбар жыланды көріп іштей қуанып кетіп, «жыланды ұстасам қолымды шақса, тезірек өлсем» деген оймен қолын соза бере, адам сыбдырынан сескенген жылан, әрі қарай түсіп кетеді. Жылан адамның ескі қаңқа бас сүйегінде жатқан екен. Жылан жатқан орнында бір ұрттам мөлдір су қалыпты, «не де болса жыланның уы болса керек соны ішсем өлермін» деп көтеріп ұрттап салады. Есеңгіреп барып құлаған жігіт бірнеше мезеттен соң оянса тұла бойы сап-сау. Сүйретіліп әрең келген жігіт орнынан қарғып тұрады да үйіне келеді. Ибн Синаның келесі қабылдауына келген әлгі жігіттің көзіне қарап тұрып «бұдан кейін 40 жыл жасайсың» сенің ауруыңды емдеу үшін бірнеше жыланның уын жинап ішкізу керек еді, сен өзің қайдан тауып ішкеніңді білмеймін, тапқан екенсің» деген екен.

Алғаш ибн Сина шипаның шартты белгісі үшін адамның бас сүйегіне жыланды қойған, кейін келе, медицинаның нышандық шартты белгісіне бүгінде әсем тостағанға жыланды қою, осылай шыққан екен.

Медицина – дәрігерлік, емдік деген ұғымдарды береді. Адамдардың денсаулығын сақтау және оны емдеу, аурудың пайда болуы, меңдеу барысы мен салаларын зерттейтін ғылым. Адам ағзасының құрылымы мен тіршілік етуі, халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері, адам аурулары, аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және оны емдеу тәсілдері жағдайындағы мәселелер.

Шығыстың сері шайыры Омар Һаям да өлерінен қырық күн бұрын болжап, зиратын өзі нұсқаған.


Су сымбатты арттырады
40-тан кейінгі күтім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу